Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалауСабақтың мақсаты:Білімділік:Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру, сызықтық алгоритмдерді бағдарламалауды үйрету. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.Дамытушылық:Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жас...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру, сызықтық алгоритмдерді бағдарламалауды үйрету. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық:Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың түрі: топтық, жекелей

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі

Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, презентация, Паскаль бағдарламасы

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын қайталау

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Тапсырмалар

  1. Сабақты пысықтау

  2. Үй тапсырмасы

  3. Оқушыларды бағалау


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу. Кеспе қағаздар арқылы 2 топқа бөлу

1-топ: «BEGIN»

2-топ: «WRITE»

2. Үй тапсырмасын тексеру. «Лото» ойыны

1. Алгоритм дегеніміз не? (Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып, қажетті нәтижеге қол жеткізуді жүзеге асыратын әрекеттердің орындалу ережесі.)

2. Алгоритм түрлерін ата (Сызықтық, тармақталған, циклдік)

3. Алгоритмдерді ұсыну тәсілдерін ата (табиғи тілде, графикалық тілде, алгоритмдік тілде, программалау тілінде)

4. Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады? (3 бөліктен тұрады. Программаның тақырыбы, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі)

5. Var операторының қызметі қандай? (Айнымалыларды сипаттау)

6. Read операторының қызметі қандай? (Берілгендерді еңгізу)

7. Write операторының қызметі қандай? (Нәтижені шығару)

«Ақпараттық диктант»

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым-------.қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. (Никлаус Вирт)
Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: ..........., (тақырып, сипаттау бөлімі, оператор бөлімі)
Кез келген программаның алғашқы жолы-----.------сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады.(PROGRAM) Одан кейін программаның ішкі объектілерінің------------жазылады. (Сипаттау бөлімі)

3. Жаңа сабақ түсіндіру. Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Сызықтық алгоритмдерді бағдарламалау» Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалауСабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалауПаскаль бағдарламаның тілінде сызықтық бағдарлама жасамас бұрын келесі түсініктемеге тоқталайық:
- Паскаль бағдарламалау тілінде операторлар қарапайым және құрама болып бөлінеді:
- Операторлар Begin және end операторлардың ішіне алынып жазылады:
- Тек меншіктеу операторларынан ғана тұрса, оны қарапайым оператор деп атайды.
Сызықты бағдарлама қарапайым операторлардан тұрады.
Сызықты бағдарлама жазу үшін келесі операторлар қолданылады:
(:) - меншіктеу операторы;
Read немесе readln -енгізу операторы
Write немесе writeln - шығару операторы.
Мысалы: Екі бүтін санды қосып, қосындысын экранда шығару.
program esep1; тақырыбы
var a, b, c: integer; сипаттау бөлімі
begin программа басы
read ( a, b ); енгізу операторы
c := a + b; меншіктеу операт негізгі бөлім
writeln ( c ); шығару операторы
end. программа соңы
Осы прграмманың орындалуын оқушыларға түсіндіру,
Программаны орындау үшін
1)F10 ( программаны орында) пернесін басамыз.
2) а және в айнымалыларына мән енгізу керек. Мысалы, 9 5 сандарын енгізіп, enter пернесін басамыз.
3) Экранға с-ның мәні 14 шығады.


4.1.Практикалық жұмыс
№1-есеп. Екі санның көбейтіндісін табуға программасын құру.
Program kobitu;
Var a,b,y:integer;
Begin
readln(a,b);
Y:=a*b;
Writeln('y=',y);
End.


№2 - есеп. Екі санның бөліндісін табуға программасын құру.
Program bolindi;
Var a, b, x:real;
Begin
Write ('a, b-сандарын енгіз');
Readln(a, b);
X:=a/b;
Writeln('x=',x);
End.

4.2.Оқушы қызығушылығын арттыру. «Тау шыңына шығу» ойыны.

Тау шыңына шығу үшін оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды.

І-топ «BEGIN» Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау өрнегін Паскаль тілінде жаз.

ІІ-топ «WRITE» Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау өрнегін Паскаль тілінде жаз.


І-топ «BEGIN» Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын құру керек. х = (a+ b)2 , у = a* b

Program esep 1;

Var a, b, x, y:integer;

Begin Write ('a. b- сандарын енгіз');

Readln (a, b);

X:=sqr (a+b);

Y:= a*b;

Writeln ('x=', x);

Writeln ('y=', y);

End.

ІІ-топ «WRITE». k =(x2 + y2) * Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалауx+y, мұндағы функциясының мәнін есептейтін программа құру керек.

Program esep 2 ;

Var k:real;

Const x = 5;

y = 2.8;

Begin

K: = sqr (x) + sqr(y)* sqrt (x+y);

Writeln ('k = ', k);

End.

5. Сабақты пысықтау

«Миллион кімге бұйырады» ойыны

1. Турбо - Паскаль бағдарлау тілі неше буынға бөлінеді?

А) 3 В) 4 С) 5 D) 6

4. Программада қандай бөлім міндетті түрде болуы керек?

А) label бөлімі В) var бөлімі С) type бөлімі D) begin..end бөлімі

5. Паскаль тілінде жазылған бағдарлама қандай сөзден басталады?

А) PROGRAM В) VAR C) BEGIN D) WRITELN

6. Паскаль тілінде жазылған бағдарлама қандай қызметші сөзімен аяқталады?

А) VAR В) READ С) END D) ARRAY

7. Ағылшын read сөзі қазақша қандай мағына білдіреді?

А) оқу В) жазу С) енгізу D) шығару

8. «:» амалы Паскаль тілінде нені білдіреді?

А) бөлімдерге бөлу В) программаның аяқталуы

С) программаның орындалуы D) меншіктеу операторы

10. Айнымалыны сипаттау үшін қолданатын қызметші сөз

А) Var B) Begin C) Program D) Writeln

1

С

2

D

3

A

4

C

5

A

6

D

7

A

6. Үй тапсырмасы. Тақырыпты меңгеру

7. Оқушыларды бағалау



© 2010-2022