Программалық қамтамасыз ету түрлері (11 сынып)

Программалық жабдықтама (ПЖ) – кез келген есептеуіш жүйенің бөлігі. ПЖ-ның құрамына тек программалардың өздері ғана емес, мәліметтері бар файлдар да кіреді. Оларсыз программалар жұмыс істей алмайды. Мысалы, ПЖ құрамына программалармен жұмыс істеуге қажетті құжаттар кіреді (соның ішінде анықтамалық жүйе). Өздерің білетіндей, компьютердің барлық программалық жабдықтамалары міндеттері бойынша үш класқа бөлінеді:
Раздел Информатика
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз ету түрлері (лицензияланған, шартты тегін) және оларды қолдану ережелері.

ІІ.Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру.

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру.

ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ.

ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық.

VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық

VII.Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Жаңа сабақ

Программалық жабдықтама (ПЖ) - кез келген есептеуіш жүйенің бөлігі. ПЖ-ның құрамына тек программалардың өздері ғана емес, мәліметтері бар файлдар да кіреді. Оларсыз программалар жұмыс істей алмайды. Мысалы, ПЖ құрамына программалармен жұмыс істеуге қажетті құжаттар кіреді (соның ішінде анықтамалық жүйе).

Өздерің білетіндей, компьютердің барлық программалық жабдықтамалары міндеттері бойынша үш класқа бөлінеді:

  • Жүйелік (жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді);

  • Қолданбалы (қолданушының есебін шығару үшін);

  • Құрал-саймандық (программалаудың жүйелері).

Жүйелік ПЖ - нақты есептерді шешуде қолданушының жұмысын қамтамасыз ететін программа немесе программалар кешені (ҚПП - қолданбалы программалар пакеті). Мысалы, қолданбалы Microsoft Office, Open Office әмбебап міндеті бар программалар пакеті жатады.

Құрал-саймандық аспаптар программаларды жасау үшін пайдаланылады.

Программалық жабдықтаманы таңдауда оның құны маңызды рөл атқарады. Мысалы, егер сендер өз сайттарыңды жасайтын болып, оған сай программаны таңдасаңдар, онда Abode Dreameaver қымбат редакторды пайдалану міндетті емес, ең алдымен оның аналогын - Kompozer-ді қолдану жеткілікті.

Барлық программалық жабдықтамалар алу амалдары бойынша келесідей бөлуге болады:

  • Тегін (freeware);

  • Шартты-тегін (shareware);

  • Проприетарлық.

Еркін таралатын ПЖ (ЕПЖ) қолданушыға көп жағдайда шектеулі жұмыс істеумен беріледі. Егер ол шартты-тегін болған жағдайда, программаны әзірлеуші қажетті ақыны төлеу арқылы толық қызметіне қол жеткізе аласыңдар.

ЕПЖ еркін немесе ашық лицензиямен таратылады, мысалы, GNU General Public License. Мұндай лицензиялар қолданушыдан программаға енгізген кодты жариялауды талап етеді.

Жаңа сабақты бекіту

IX .Үйге тапсырма

Программалық қамтамасыз ету түрлері (лицензияланған, шартты тегін) және оларды қолдану ережелері.

X . Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

XI . Бағалау.

Тест.

11-сынып.

  1. Microsoft Office пакетінің программалары қандай топқа жатады?

  1. Қолданбалы ПЖ

  2. Негізгі жүйелік ПЖ

  3. Құралдық ПЖ

  4. Стандартты ПЖ

  1. Программалық жабдықтама ... жіктелмейді.

  1. Алу амалдары бойынша

  2. Міндеті бойынша

  3. Тіршілік кезеңі бойынша

  4. Тасмалдау мүмкіндігі бойынша

  1. Еркін программалық жабдықтама:

  1. Лицензиясыз таратылады

  2. Ақысы төленетін лицензиямен таратылады

  3. Ақысы төленбейтінн лицензиямен таратылады

  4. Қолдануға болмайды

  1. Программаны орнату және жою ... іске асады.

  1. Желілік әкімшіліктің есеп жазбасымен

  2. Интернет желісі арқылы

  3. Dvd-дискі орнатқышынан ғана

  4. Операциялық жүйені қайта жұктеген соң ғана

  1. Программаны ... жоя алмайсыңдар.

  1. Жою программасын қолдану арқылы

  2. Программалар және компоненттер

  3. Іске қосу мәзірінен жарлықты жою арқылы

  4. Орнатқыш дискіні қолдана отырып

Тапсырма.

Программаның атауы

Нұсқа/басылым жылы

Өндіруші

Лицензия түрі (еркін, проприетарлық)

Міндетті (қандай программалар класына жатады)

Разрядтылығы





© 2010-2022