Сабақтың тақырыбы: Алгоритм пішімі

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика

Сынып: 6 «А»

Күні__________________

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алгоритмді жазу пішімдері.

Білімділік: Оқушылардың есептеу техникасының даму тарихымен таныстыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулық,жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Жаңа тақырыпты түсіндіру

3.Тапсырмаларды орындау

4.Сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма

Жаңа түсініктер:

Алгоритмнің өрнектелу жолдары:

1) табиғи тіл арқылы жазу;

2) белгілі бір түйінде сөздер- терминдер (псевдокодтар - жасырын кодтар) арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те айтады;

3) графиктік түрде (блок - схема арқылы) жазу;

4) программалау тілдерінде жазу.

Атқаратын қызметіне қарай блоктар негізгі және көмекші болып бөлінеді.Негізгі блоктарға өңдеу (процесс, арифметикалық амал ), шартын тексеру (логикалық),енгізу және шығару блоктары жатады. Көмекші блоктарға алгоритмге түсініктеме беру, алгоритм басы, соңы және байланыс сызықтары жатады.Орындалатын амалдар мүмкіндігінше блоктардың ішіне жазылады.

Блок - схема құруда келесі ережелер сақталуы қажет:

  • блок - схеманың басын және соңын міндетті түрде көрсететін блок болуы керек;

  • блок - схемада бірімен - бірі қосылмаған блоктар болмауы тиіс;

  • блоктар орындалу реті бойынша тізбектеле орналасуы қажет;

y: a+ b

арифметикалық амалдарды орындайтын блоктардың бір ену, бір шығу сызығы, ал шарттың орындалуын тексеретін ромб түріндегі логикалық блоктың бір ену, екі шығу сызығы болуы қажет.

Ал алтыбұрышты фигурамен берілген цикл басы блогының екі кіру және екі шығу сызығы болады.

Мысалы, y = a + b формуласы бойынша есептеу алгоритмінің схемасы

  • Алгоритмді бастау блогы;

  • а мен b мәндерін енгізу;

  • y = a + b өрнегін есептеу;

  • y = мәнін басуға шығару;

  • алгоритмді аяқтау.

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру

Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау

Үй тапсырмасын беру: Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар.

Бағалау



© 2010-2022