Сабақ жоспары: Модель жасаудың негізгі кезеңдері (8 сынып)

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән:Информатика Күні:16.02.2016 Сыныбы:8 сынып Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Модельдеудің жасаудың негізгі кезеңдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру, модель түрлерімен, модельдеу кезеңдерімен таныстыру. Статистикалық және динамикалық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларға модельдер және модельдеу туралы түсінік бере отырып ой - өрістерін, білім - білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Өткен материалды қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау сұрақтары

* Модель дегеніміз не?

* Модельдің өмірдегі нақты объектіден немесе процестен қандай айырмашылығы бар?

* Модельдеу деген не?

* Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?

* Статистикалық модель мен динамикалық модельдің айырмашылықтары қандай?

* Материалдық модель дегеніміз не?

* Ақпараттық модель дегеніміз не?

* Вербальдық модель дегенімізне?

Жаңа сабақты түсіндіру

1 - кезең.Есептің қойылуы 2 - кезең. Модельді құру

Есептің берілгені Ақпараттық модель

Модельдеу мақсаты Таңбалық модель

Объектіні талдау Компьютерлік модель

3-кезең.Компьютерлік эксперимент 4 - кезең. Модельдеу нәтижесін талдау

Модельдеу жоспары Нәтиже мақсатқа

Модельдеу технологиясы сай келеді

Жалпы алғанда есппен дегеніміз - шешілуге тиісті мәселе болып табылады. Есептің қойылымнда берілген бастапқы мәліметтермен қатар мақстаны анықтау және объектіні немесе процесті талдау анық көрсетілуі қажет.

Шығарылуы: 1 - кезең. Жазықтықтағы үш нүкте арқылы үшбұрыш сызу сол нүктелердің орналасуына байланысты болады. Сондықтан үш нүкте қалай орнлаласқан кезде үшбұрыш сызуға болатындығын анықтау керек. Мысалы:келесі суретте көрсетілгендей а), ә) жағдайларында берілген үш нүкте арқылы үшбұрыш сызуға болмайды, үш нүкте бір түзудің бойында жатады;ә)жағдайында үш нүктенің координаталары бірдей; б)үшбұрыш құрылады. Сонымен модельдеудің мақсаты үшбұырш төблерінің координаталары қандай болған кезде үшбұрыш құрылатынын анықтау. Объектіні талдау мақсаты үшбұрыш құрылған жағдайда сол үшбұрыштың қандай болатындығын анықтау болып табылады.

2 - кезең. Модель ұру. 1. Ақпараттық модель құру мақсатында қандай ақпаратпен жұмыс атқару керектігін анықтау қажет. Біздің жағдайымызда жазықтықта орналасқан үш нүктенің координаталары берілуі тиіс. Координаталара міндетті түрде сандық мән арқылы беріледі, яғни олардың типі бүтін немесе нақты болуы мүмкін. 2. Үш нүктенің координаталарын сәйкес (х1,у1), (х2,у2), (х3, у3) деп белгілейік. Сонымен, ақпарат сөз түрінен таңбалық белгілеуге көшірілді. Енді оны таңба түрінде де жазуға да болады. Алынатын нәтижені де таңба түрінде, мысалы үшбұрыш құрылады дегенді «1», ал құрылмайды дегенді «0» арқылы белгілеуге немесе сөз арқылы жазуға да болады.

3 - кезең. Компьютерлік модель құру және алгоритм анықтау үшін үшбұрыштың құрылу шартын жазу және құрылған жағдайда оның түрін анықтау керек. 1. Жазықтықта үш нүкте бір түзудің бойында жататын жағдайды қарастырайық. Оны аналитикалық жол арқылы, яғни ұқсас үшбұрыштардың қабырғаларының пропорционалдық қасиеті арқылы анықтауға болады.

Сабақты бекіту сұрақтары

* Модель дегеніміз не?

* Модельдің өмірдегі нақты объектіден немесе процестен қандай айырмашылығы бар?

* Модельдеу деген не?

* Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?

* Статистикалық модель мен динамикалық модельдің айырмашылықтары қандай?

* Вербальдық модель дегенімізне?

* Таңбалық модель дегеніміз не?

* Көрсету әдісіне қарай модель қандай топтарға жіктеледі?

* Компьютерлік модельдеу не үшін қажет?

Үйге тапсырма: 7.2 тапсырма



© 2010-2022