MS Excel кестелік процессоры

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: №249 мектеп-лицей директорының оқу-тәрбие жұмыстары

жөніндегі орынбасары Г.Дөңесова


Пәні:

Информатика

Пән мұғалімі:

Жалиева Нұргүл

Сыныбы:

8 «Б»

Күні:

25.02.2016 жыл

Тақырыбы:

MS Excel кестелік процессоры

Негізгі түйінді идея:

Топтық жұмыс жасауға, сыни тұрғыда ойлауға үйрету

Оқу мақсаты:

MS Excel кестелік бағдарламасымен жұмыс жасату.

Табыс критерилері

Барлық оқушылар:

MS Excel кестелік процессорының терезе элементтерін біледі.

Көпшілік оқушылар:

MS Excel кестелік процессоры бағдарламасымен жұмыс жасайды.

Жекелеген оқушылар:

MS Excel кестелік процессорында кестелермен, диаграммалармен жұмыс жасай біледі

Кезеңдер

Уақыт

Мұғалім не істейді?

Оқушылар не істейді?

Бағалау

Ресурстар

Сабақты бастау

2 минут

Психологиялық ахуал.

«Шуақты Көктем» Раушан гүлін бір- біріне сыйлау арқылы жылы лебіз білдіреді.

Оқушылар бір-біріне жылы тілек тілейді

«Қол шапалақ»

Раушан гүлі, интербелсенді тақта

Кіріспе

5 минут

Миға шабуыл.

MS Excel кестелік процессоры






Дэн Бриклин және Боб Френкстон

Суретте бейнеленген экономисттер информатика саласында қандай жаңалық ашты деп ойлайсыңдар?

Қызықты мәлімет

1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып шығарды. Осылайша барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты.

Оқушылар берілген тапсырманы топ мүшелерінің келісімімен бір көсбасшы оқушыны таңдап, ғаламтор желісінен мәлімет жинақтауға ұсынады. Өздерінің ойларын А-4 параққа түсіріп сұраққа жауап береді.

«Мадақтау» арқылы бағалау

Интербелсенді тақта, А-4 парағы, маркер,

таймер

Негізгі бөлім


8 минут



















7 минут





10 минут


6 минут


Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «MS Excel кестелік процессоры».

MMS Excel кестелік процессорыS Excel- сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа. MS Excel-дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400-ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әртүрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.

Ехсеl электрондық кестесінде бағаналар саны - 256, ал қатарлар саны - 65 536-ға тең. Әрбір бағана мен қатардың қиылысқан жерінде ұяшық немесе тор деп аталатын тік төртбұрыш орналасқан. Оған мәліметтерді (мәтін, сан, немесе формулалар) енгізуге болады. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны - 16 777 216-ға тең. Әрбір ұяшыққа 32 мың символ енгізу мүмкіндігі бар. Ехсеl құжаты «xls» кеңейтіміне ие және Кітап деп аталады. Кітап парақтардан тұрады. Электронды кесте нөмірленген жолдар және латын әліпбиі әріптерімен белгіленген бағандар жиынтығы болып табылады. Әр ұяшықтың баған әрпі мен жол нөмірінен құралған айрықша мекен жайы бар (мысалы: А1, В2, С4)

MS Excel кестелік процессоры

Диаграмма құру үшін: Вставка - Диаграммы әрекетін орындаймыз.

Арифметикалық ортасын, санның қосындысын, ең үлкен және кіші көрсеткіштерді табу үшін: Формулы - Автосумма әрекетін орындаймыз.

Өсу ретін және кему ретін табу үшін Главная - Сортировка әрекетін орындаймыз.

Ал енді балалар, бірінші тапсырманы орындамас бұрын топқа бөлінеміз.

«Түрлі-түсті» конверт

А-деңгей

1 топ: Терезе элементтерінің атауын жаз

MS Excel кестелік процессоры

2 топ: «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

Электрондық кесте дегеніміз не?

MS Excel-мен не істеуге болады?

Енді жұпқа бөлінеміз

В-деңгей

1 жұп - «Күн жүйесіндегі планеталар»

2 жұп - «Сынып оқушыларының баға қоры»

3 жұп - «Жер көлемі бойынша ірі мемлекеттер»

4 жұп - «Қоймадағы тауар»

5 жұп - «Сыйақы»

6 жұп - «Рейтинг»

7 жұп - « Ауа райы»

С -деңгей

1 жұп - Диаграмма құру

2 жұп - Арифметикалық ортасын тап

3 жұп - Өсу ретімен орналастыр

4 жұп - Ең кіші көрсеткішті тап

5 жұп - Қосындысын тап

6 жұп - Кему ретімен орналастыр.

7 жұп - Ең үлкен көрсеткішті тап

Оқушылар бүгінгі жаңа сабақты тыңдайды. Түсінбеген сұрақтарын сұрайды.

Формативті бағалау

Интербелсенді тақта, А-4 парағы, маркер, таймер

Қорытынды бөлім

4 минут

  1. MS Excel бағдарламасын қалай іске қосамыз?

  2. Ұяшық дегеніміз не?

  3. Есептеу барысында қанша функцияларды орындай алады?

  4. Диаграмма құру үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?

  5. Арифметикалық ортасын табу үшін қай батырманы басамыз?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Формативті бағалау

Интербелсенді тақта, маркер, флипчарт

Рефлексия

2 минут

«Мәтінді жалғастыр»

Оқушылар мәтінді жалғастырады.

Интербелсенді тақта, қима қағаз

Үйге тапсырма

1 минут

MS Excel кестелік процессоры тақырыбындағы формулалар кірістіруді ғаламтор желісінен ізденіп келу

Оқушылар үйге берілген тапсырманы дәптерлеріне жазып алады.



© 2010-2022