Шығармашылық жұмыс Тесттік технология

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебі




Шығармашылық жұмыс Тесттік технология


Информатика пәні мұғалімі:


Байболатова Жұлдыз Кенжеғалиқызы



Ақтау қаласы, 2013 жыл



Шығармашылық жұмыс Тесттік технология

Аты-жөні: Байболатова Жұлдыз Кенжеғалиқызы

Туған жылы: 21.01.1982ж.

Туған жері: Маңғыстау обл., Маңғыстау ауд.,

Шебір селосы

Пед.өтілі: 10 жыл

Жұмыс орны: №28 орта мектеп

Мамандығы: информатика пәні мұғалімі

Санаты: І санатты


Мақсатым

Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту - бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде жаңа адамды қалыптастыру бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде.

Кез келген істі бастар алдында адам өзіне мақсат қояды. Істе мақсат болмаған жағдайда ол істің нәтижесі де болмайды. Әрбір мұғалімнің ең басты мақсаты білімді, сауатты, салауатты да тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу деп ойлаймын. Менің де басты мақсатым еліміздің болашағы білімді ұрпақты тәрбиелеу болып отыр.

ХХІ ғасыр өмір сүруге үйренуді, яғни ұжымдық жобаларды жүзеге асыру жолында жеке жауапкершілікті күшейту мен үндесетін өзіндік қабілеттерді дамытуды талап етеді. Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттаған бүгінгі қазақ халқының мақсаты - қазіргі ғаламдану үрдісіндегі өзінің ұлттық мектебі халық педагогикасы, ана тілі арқылы қалыптастыру болса, қазақ мектебінің басты мақсаты - жас ұрпақтың терең білім алып, ой-өрісін өсіріп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау, сөйтіп әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығушылығын қанағаттандыруына ынталандыру, бойындағы қабілетіне қарай білімін ұштауына жағдай жасау.


Шығармашылық тақырыбым: «Тесттік технология»

Информатика пәні сабағында тест әдісін пайдалану


Тест ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген мағынаны білдіреді. Педагогикада тест пайдалану 130 жылдан астам уақытты қамтиды. Ең алғашқы тестіні 1864 жылы ағылшын Джодж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталінде пайдаланған. Содан бері білімді тестік жүйемен тексеру Америка, Франция, Англия сияқты елдерде кеңінен тараған. Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтар, тест - оқушылардың өз-өзін тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі деп есептейді. Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр. Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділігі артады. Тест тапсырмаларын құрудың әдістемесіне тоқталайын. Жұмыс тестің мақсатын анықтаудан басталады. Одан соң тексерілетін білім, білік элементтері анықталып, әр түрлі кезеңде білім берудің жалпы және дара мақсатымен деңгей эталондары нақтыланады. Тест тапсырмаларының қандай түрін болмасын сұрақ не тапсырма ретінде бергеннен гөрі қайтарылған жауапқа байланысты бекіту, қорытынды ретінде құру тиімді болады.

Соңғы жылдары оқушы білімін тексерудің тиімді бір жолы тест әдісі кеңінен қолданылып жүр. Тесттік бақылауда берілетін тапсырма жеңіл, ықшам, шешуге жеңіл, оқушыны жалықтырмайтындай болғаны дұрыс. Тест оқушы білімінің деңгейін ғана анықтап қоймайды, оның ойын жүйелеп логикалық ойлау дағдыларына тиімді әсер етеді. Тест оқушының білім дәрежесінің қандай екендігінің анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жол. Тест тапсырмалары бағдарламаға сай келуі керек. Тапсырманың тұжырымдамасы мен жауаптары әрі қысқа әрі анық болу қажет. Бір сұрақтың 1-5 жауабы болуы тиіс. Олардың ішінде біреуі ғана болады. Сұрақтарға жауап беру уақыты қатаң сақталады. Нұсқалар бірдей дәрежеде түсіндіріледі, әдетте ол жазба түрінде болады.

Мен өз тәжірибемді әрбір тақырыпта қосымша тапсырмалар ретінде беріп, әрі қарай өрбітіп отырамын. Өйткені әрбір тақырыпты қорытындылау үшін не тапсырмалар, не тест әдісін қолдану керек деп түсінемін. Мұның дәлелі кез-келген оқу жылында мектеп бітірушілер міндетті түрде Ұлттық Бірыңғай тестілеуден өтеді.

Информатикаға көмекші құрал ретінде пайдалануға мол мүмкіндік береді.



Информатика пәнінен өткізген ашық сабақтары:


  1. Word редакторында құжаттарды пішімдеу 2006 жыл

  2. Microsoft Word мәтіндік редакторы 2008 жыл

  3. Paint графикалық редакторы 2009 жыл қалалық пәндік олимпиада

Қатысқан білім көтеру курстары:


  • 28.11-3.12 .2005 жылы ОМБЖИ «Бағдарламаны енгізу әдістері»

  • 06.06-15.06 .2005 жылы ОМБЖИ «Бағдарламалау негіздері»

Жетістіктері:


  • Қалалық пәндік олимпиада IV дәрежелі орын

Марапаттаулары:

1. Мектепішілік Алғыс хат 2008 жыл 13 қараша;

2. Мектепішілік Алғыс хат 2009 жыл 7 наурыз.


© 2010-2022