Открытый урок по информатики на казахском языке на тему Шартты көшу операторы

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:02.12.2015ж Сыныбы:8 «А» «Б» Пәні:информатика

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу операторлары.Шартты көшу операторлары

Сабақтың типі:ашық сабақ, жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері:
Компьютер, проектор, презентациялар, деңгейлік тапсырмалар, оқулық
Пәнаралық байланыс: математика, геометрия, физика.

Білімділік: Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру және тармақталған алгоритмдерді программалауды түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Программалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

Психологиялық дайындық:

Болашақтың ұрпағымыз білімді

Информатикадан алған ілімді

Өмірде пайдаланамыз тиімді.

Үй тапсырмасына (10 мин)

Сыныпты 2 топқа бөлу

І топ-Алгоритм

ІІтоп -Паскаль

Топ басшыны сайлау

Топ ережесі

1.Топ басшыға бағыну

2.Топ мүшелерінің ойларын тыңдау

3.Уақытты тиімді пайдалану

4.Белсенділік таныту

5.Өз ойларын еркін айту

6.Топ ережесіне бағыну

І-топқа сұрақ

Циклдік алгоритм дегеніміз не?

Мысалдар келтіріңдер,блок схемасымен

ІІ топ

Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

Мысалдар келтіріңіздер,

блок схемасымен.

І топ

Тармақталу алгоритм дегеніміз не?

Толық тарамқталу алгоритмге мысалдар келтіріңіздер,блок схемасымен

ІІ топ

Тармақталу алгоритм дегеніміз не?

Толық емес тарамқталу алгоритмге мысалдар келтіріңіздер,блок схемасымен.

Р/с

Сұрақ

Жауап

1

Алгоритм типтері 4-ке бөлінеді.

Иә/Жоқ

2

Орындау тәсіліне байланысты тармақталу командасы толық тармақталу және қысқаша тармақталу болып екі түрге бөлінеді.

Иә/Жоқ

3

Тармақталу алгоритмін алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, мұнда, өйткені, соңы деген түйінді сөздер қолданылады

Иә/Жоқ

4

Есептеу процесі бөліктерінің қайталанып орындалуын цикл деп атайды

Иә/Жоқ

5

Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше, цикл, цикл түйіні деген түйінді сөздер қолданылады

Иә/Жоқ

  1. Тармақталу алгоритмге міндетті

түрде шарт қойылады ма?

Иә/Жоқ

7 Тармақталу алгоритмде шарт ромб

фигурасында жазылады ма?

Иә/Жоқ

Жаңа сабақ:Тармақталу операторлары.Шартты көшу операторлары (10 мин)

Паскаль тілінде басқару операторларына шартты көшу ,цикл ұйымдастыру операторлары жатады.Егер есептің мазмұнында шарт беріліп,шешімі сол шартқа байланысты болса ,шартты көшу операторы қолданылады.Шартты түрде атқарушы белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына байланысты командалар жиыны атқарылады немесе басқа командалар жиыны орындалады

Тармақталу операторы-шарттың орындалуына немесе орындалмауына байланысты екі түрлі жағдайдың бірін таңдауға мүмкіндік береді.

Шарт ретінде логикалық қатынастар қолданылады.Логикалық қатынастар өрнегін жазу үшін мынадай қатынас белгілері қолданылады:<,>,=,<=,>=,< > (тең емес),AND (логикалық «және»), OR (логикалық «немесе»).Паскаль тілінде шартты көшу операторының 2 түрлі құрылымы бар

Сызба түрі (блок -сызба)

Паскаль тілінде жазылуы

1 шарт 2 оператор

If <шарт> then1-оператор else 2-оператор;

1 шарт N оператор

If <шарт> Then

Begin

<оператор 1>;

….

<оператор N>

End

Else

Begin

<оператор N+1>;

.....

<оператор М>;

еnd;

Орындалатын функция

Шарт ретінде логикалық қатынастар қолданылады.Блок -сызба тармақталу шарт блогы арқылы көрсетіледі.Шарт сақталса жауабы «ия» болып,1-оператор атқарылады немесе керісінше. Егер есеп барысында бір оператор болса,онда программа құрылымы begin,End операторлық жақшасын қолданбаса болады.

Сергіту сәтін өткізу (5 мин)

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу. Әр топтан өздері таңдаған фигураны неге таңдағаны туралы сұралады. Оқушылардың ойын білгеннен кейін мұғалім өзі тестің мақсатын түсіндіреді.
Үшбұрыш - жігерлі, өзіне сенімді, тез шешім қабылдайды, қажырлы тұлға, лидер. Шыдымды, тәуекелшіл.
Төртбұрыш - батыл, барлық құбылыстарға қызығушылық білдіреді. Әуесқой. суық тиіп ауруға және жарақаттануға деген беталыстары басым.
Шеңбер- тұлғааралық қатынастарда үйлесімділікке талпынушы, байланысқа түсуші, мейірімді, жанашырлыққа қабілетті, жомарт;
- танымал емес шешім қабылдауға тырысады, басшылықта демократиялы басшылық стилін ұстанушы;
- күн тәртібі майыспалы, қоғамдық жұмыстарға бейім;
- тума психолог.

Компьютермен жұмыс (5 мин)

1 мысал.
Екі санның үлкенін табатын программа және блок-сызбасын құру.

Сөзжұмбақ шешу (5 мин)

Тест сұрақтарына жауап беру (5мин)

Топбасшыларының бағаларымен салыстырып оқушылардың білімін бағалау. (3 мин)

Үйге тапсырма оқулықтан:Шартты оператор.Тармақталу операторы (1 мин.)


Открытый урок по информатики на казахском языке на тему Шартты көшу операторыОткрытый урок по информатики на казахском языке на тему Шартты көшу операторы

Открытый урок по информатики на казахском языке на тему Шартты көшу операторыОткрытый урок по информатики на казахском языке на тему Шартты көшу операторы

© 2010-2022