«Ғылым көкжиегі – информатика»

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұнайлы ауданы

«№4 жалпы білім беру орта мектебі» ММ












Сайыс сабақ


Тақырыбы: «Ғылым көкжиегі - информатика»



Орындаған: Қ.Жазықбаева

Пәні: информатика

Сыныбы: 10



Жаңа Дәулет 2015

Тақырыбы: «Ғылым көкжиегі - информатика»

Сабақтың мақсаты:

Бағдарламалау тілдері туралы білімдерін нығайту, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін, өз бетімен жұмыс істеуге, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, проектор, слайдтар, карточка, компьютер

Шараның барысы:


І. «Таныса біл, тани жүр» (әр топ өздерін таныстырады). 2 мин
ІІ. «Жүйрік болсаң, озып көр» 10 мин
ІІІ. «Тапқыр болсаң,тауып көр» 5 имн

IV. «Жеті жұрттың тілін біл» ( полиглот) 7 мин

V. «Білім құмарлар» 7 мин
VI. «Сиқырлы есеп» 5 мин
VII. «Кім жылдам» 10 мин
VIIІ. Қорытынды, марапаттау.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Бағдарламалау тілдерінің мүмкіндіктері» атты облыстық семинарға 10 сыныптар арасында өткелі отырған «Ғылым көкжиегі - информатика» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа қатысып отырған қатысушыларға сәт сапар тілей отырып, командаларды ортаға шақырамыз.

  1. «Pascal» тобы - 10 «Ә» сынып оқушылары

  2. «Visual» тобы - 10 «Ә» сынып оқушылары

Сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

  1. ___________________________________________________________________



  1. ___________________________________________________________________



  1. ___________________________________________________________________



  1. ___________________________________________________________________

І- тур. «Таныса біл, тани жүр». Топтарды таныстыру: топ басшысын тағайындау:

1 топ - «Pascal»

Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

2 топ - «Visual»

Ұраны: Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

ІІ - тур. Жүйрік болсаң, озып көр:

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

- Тор көздегі сұрақтарға балдық жүйеде таңдап, жауап беру, ұпай алу.

40 - Форма дегеніміз не? / Visual Basic қосымшаларын жасауда қолданылатын

компоненттердің орналасуы және оның дизайнын жасау үшін қызмет

атқаратын басты терезені Форма деп атайды./

40 - Image компонентінің атқаратын қызметі? /формаға әртүрлі типті бейнелік

файлдардан суреттер шығаратын компонент/

40 - «Адамның даңқы - оның ойлау қабілетінде». Бұл кімнің сөзі?/Блез Паскаль/

30 - Алгоритм дегеніміз не? /Белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер

тізбегін орындап шығуға берілген түсінікті де анық ұйғарым

30 - Line компонентінің атқаратын қызметі қандай? / формаға сызық салу үшін

қолданылатын компонент/

30 - Label компонентінің атқаратын қызметі қандай? / текстік және сандық

шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент/

20 - Компьютердің атасы /Чарлз Бэббидж/

20 - Алгоритм қасиеттерін атаңыз? /Дискреттілігі, үздіктілігі, анықтылығы,

жалпылығы, нәтижелігі/

20 - Сыйлық

ІІІ. Тапқыр болсаң,тауып көр

Конвертте жасырылған батырмалар мен құрал-саймандардың қолданылуын атау. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан. (Visual Basic бағдарламасынан)


  1. «Ғылым көкжиегі – информатика»- Label - текстік және сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент


  1. «Ғылым көкжиегі – информатика»- PictureBox -формаға графиктік өріс шығаратын компонент


  1. «Ғылым көкжиегі – информатика»- жіберу батырмасы немесе Ғ5 пернесін басамыз (запуск)


  1. «Ғылым көкжиегі – информатика»- Timer - формаға уақыт-өлшеуіш шығаратын компонент


  1. «Ғылым көкжиегі – информатика»- Pointer - панельдегі екпінді күйде тұрған компонент батырмасының

түрін кәдімгі режимге ауыстыру үшін қолданылатын көрсеткіш.


  1. «Ғылым көкжиегі – информатика»- Data - формаға белгілі бір объектілерді деректер қоры сақталған

mdb- типті файлдармен байланыстыратын және олардың жұмысын

басқаратын компонент.

  1. «Ғылым көкжиегі – информатика»- Shape - формаға әртүрлі геометриялық фигуралар шығаратын

компонент.

  1. «Ғылым көкжиегі – информатика»- TextBox - формаға текстік және сандық шамаларды енгізу және

шығару үшін қолданылатын компонент.

  1. «Ғылым көкжиегі – информатика»- OLE - Visual Basic ортасын Windows операциялық жүйесіне

орнатылған басқа қолданбалы программаларымен

байланыстыратын компонент.

  1. «Ғылым көкжиегі – информатика»- FileListBox - формаға таңдалған каталогта орналасқан файлдар

тізімін шығаратын компонент

IV. Жеті жұрттың тілін біл:

Келді кезек полиглотты шешуге

Жауаптарын үш тілде де беруге

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз

40 ұпай шәкірт саған несібе.

Келесі кезең «Полиглот». Бұл кезеңнің ерекшелігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша, орысша жауап береді. Егер 3 тілде айтса, 15 ұпай алады.


  1. Шығу батырмасының екінші атауы қандай? /жабу, закрыть, ехіt/

2. Сақталған құжатты көру үшін қандай команданы пайдаланамыз?

/Файл - ашу, файл-открыть, file-open/

3. Windows - дегеніміз не? /ОЖ, операционная система, Operation system/

4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген

құрылғы /Тышқан, мышь, Mouse/

5. Қолданба орындалған кезде басқару элементін бейнелене ме, жоқ па - соны

анықтайтын логикалық қасиет. / айқын, видимый, visible/


  1. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да, бір күн жоқ (пернетақта-клавиатура-keyboard)


  1. Паскаль бағдарламалау тіліндегі операторлық жақшаны ата? / басы -соңы, начаться - конец, begin - end/

  2. Есепті компьютердің көмегімен шешу үлгісі не деп аталады? /Бағдарлама,

программа, program

9. Қажет емес символды алып тастау пернесі. /өшіру, удалить, delete/

10. Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не? /терезе-окно-windows/

V. «Білім құмарлар»

Қалмаңдар білімде көрінбей,

Ұлдар мен қыздар өрімдей.

Топ басшыларына береміз,

Есепті бағдарламаға сал , ерінбей.- дей келе «Білім құмарлар еліне» қош кедіңіздер!

Паскаль тілінде программа құрыңыз


  1. Герон формуласы бойынша үшбұрыштың ауданын есептеу.

S = «Ғылым көкжиегі – информатика» P = «Ғылым көкжиегі – информатика»

Program esep;

Var a, b, c:integer;

S, p:real;

Begin

Readln (a,b,c);

P:=(a+b+c)/2;

S:=(sgrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c)));

Writeln ('s=',s);

End.



  1. V=PR2*h формуласы бойынша цилиндрдің көлемін тап.

Program esep;

Const pi=3.14

Var h,r :integer;

v:real;

Begin

Readln (r,h);

V:=pi*(r*r)*h;

Writeln ('v=',v);

End.

VI. Сиқырлы есеп

Бұл турда әр топқа логикалық есептер беріледі. Соны шешу керек.

№1-есеп.
Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш

№2-есеп.
Әдетте ай 30 немесе 31 сандарымен аяқталады. Қай айда 28 саны бар?
Жауабы: барлық айда 28 саны бар

№3-есеп.
Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан

№4-есеп.
Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Жауабы: Бір ғана мотоцикл

№5-есеп.
Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?
Жауабы: 53

№6-есеп.
Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 6-ға бөлу керек. Ол өзінің өткір тістерімен бөренені бір жерден кесу үшін 1 минут уақытын жібереді.Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді?
Жауабы: Бөренелердің біреуін 6-ға бөлу үшін 5 рет кесу керек.
1 бөренеге - 5минут, сонда 6*5=30 минут.

№7-есеп.
Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Жауабы: шырпы

№8-есеп.
Цирк әртісі Сұлтанның мойнына оның әйелі Майра, екі ересек қыздары Айман мен Шолпан және үш кішкентай ұлдары -Алдияр, Мадияр және Шадияр отырады. Әртістің мойнында қанша адам отыр?
Жауабы: алты адам

№9-есеп.
Мұраттың 10 қойы бар. Тоғызынан басқасы өліп қалды. Қанша қойы қалды?
Жауабы: 9 қой

№10 - есеп

Таяқты 12 бөлікке бөлу үшін, неше рет кесу керек?
Жауабы: 11 бөлік

VIІ. Кім жылдам? /топ басшыларымен жарыс/:

Компьютермен жұмыс: Visual Basic бағдарламасында рефераттың сыртқы бетін дайындау.

  1. Бағдарламалау тілдері

  2. MS Office бағдарламасы

Қорытындылау:

Әділқазылар қорытынды шығарады.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықты көрсеткен

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты -деп әділқазыларға сөз береміз "Қазақстанның болашағы - білімді ұрпағында" демекші бүгінгі алған біліміміз ертеңгі байлығымыз, елімізге тигізер үлесіміз. Сондықтан да, білім алудан, оқып-үйренуден жалықпайық демекпін!

Марапаттау.


© 2010-2022