Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды

Сынып7І тоқсан4 сабақПәнИнформатикаСағат1ТақырыпАқпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды. МақсатыОқушыларды ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көзқарасы бойынша қандай мән берілетінімен таныстыру. Хабарлардың ақпараттық көлемін есептеуге үйрету.Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа, компьютер алдына ереже бойынша отыргуға тәрбиелеуДамытушылық:Оқушылардың алынған хабарды қай кезде ақпарат деп санауға болатынын, қай кезде болмайтынын, ақпараттың қандай қасиеттері бар екенін, ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.Бекітемін:____________________________

Пән мұғалімі:__________________________Уақыты: «______»_________20______ж

Сынып

7

І тоқсан

4 сабақ

Пән

Информатика

Сағат

1

Тақырып

Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.

Мақсаты

Оқушыларды ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көзқарасы бойынша қандай мән берілетінімен таныстыру. Хабарлардың ақпараттық көлемін есептеуге үйрету.

Тәрбиелік:

Оқушыларды ұқыптылыққа, компьютер алдына ереже бойынша отыргуға тәрбиелеу

Дамытушылық:

Оқушылардың алынған хабарды қай кезде ақпарат деп санауға болатынын, қай кезде болмайтынын, ақпараттың қандай қасиеттері бар екенін, ақпаратты өлшеу бірліктерін білу қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік

Оқулық, компьютер

Әдіс-тәсіл:

Пікірлесіп - түсіндіру

Білім - білікке қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс:қойылатын талаптар:


Оқушы білуі тиіс:

- алынған хабарды қай кезде ақпарат деп санауға болатынын, қай кезде болмайтынын;

  • ақпараттың қандай қасиеттері бар екенін;

  • ақпаратты өлшеу бірліктерін;

Оқушылар үйрені тиіс:

  • ақпараттың пайдалы, жаңа, әділ, толық түрлерінің мысалдарын келтіруді;

  • хабардың ақпараттық көлемін анықтауды.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу, тугелдеу

ә) Оқушылардың формасына назар аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ

Сабақты үй тапсырмасын тексеруден бастау керек. Оқушыларды екі-екіден дәптерлерімен алмасып, бір-бірінің хабарларын декодтауға тартып, үй жұмысын өздерін тексертуге болады.

Бұл сабақтың теориялық материалы оқулықта мейлінше толық сипатталған.

1.2.8.Тапсырма.

Егер ақпарат ПАЙДАЛЫ, ТОЛЫҚ, ӘДІЛЕТТІ, ЖАҢА болса, онда ол біз үшін құнды болады.

Егер алынған хабар ақпарат болса, онда тор көзді жасылмен, ал болмаса қызыл түспен бояңдар.

Кестеде келтірілген мысалдардың кейбірін сыныпта оқушылармен бірге талдау ұсынылады. Әр түрлі адамдар үшін әрбір хабардың мәні әр түрлі болуы мүмкін (жаңалығы, пайдалылығы...) және сонымен байланысты ақпарат болуы да, болмауы да мүмкін.Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кестеде келтірілген кейбір мысалдар адамның көзқарасы бойынша ешкім үшін ақпарат болып табылмайды. Ал техникалық көзқарас бойынша, әрбір хабар ақпарат болып табылады.

Ақпаратты битті пайдаланып өлшеуге болады.

8 бит = 1 байт

1024 байт = 1 килобайт (1К)

1024 килобайт = 1 мегабайт (1М)

1024 мегабайт = 1 гигабайт (1Г)

Ақпараттың 1 байты (8 бит) 0000000-ден 11111111-ге дейін 256 әр түрлі кодтары болуы мүмкін.

1 байт мәтіндік, сандық, дыбыс немесе графикалық ақпараттың бір белгісін кодтауға жеткілікті.

1.2.9.Тапсырма.

Берілген сөйлемнің (фразаның) ақпараттың көлемін анықтаңдар.

Пікірлесу шамамен мынадай болуы керек:

Сөздегі символдардың саны, бос орындарды қоса саналады. Әрбір символды 1 байтпен кодтауға болатындықтан, байттарсаны сөздегі символдар санына тең болады. Бір байт сегіз битке тең, сондықтан ақпараттық көлемді битпен өлшеу үшін, байттар санын сегізге көбейту керек.



М

Е

К

Т

Е

П

-

Б

І

Л

І

М


О

Р

Д

А

С

Ы

Жауабы: 22 символ, 22 байт, 176 бит.

1.2.10.Тапсырма.

290 беттік кітаптың бір бетінде 39 жол, әр жолда 67 символ бар. Сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискетте оны орналастыруға бола ма?

Шешуі:

Бір беттің ақпараттық көлемі

39Ч67 = 2613 символ = 2613 байт

Кітаптың ақпараттық көлімі

2913Ч290 = 757770 байт = 757770 :1024 = 740 Кбайт

740 : 1024 = 0,722 Мбайт

0,722 < 1,44

Жауабы: кітапты бір дискетте сыйғызуға болады.

1.2.11.Тапсырма.

Мәтінді оқу жылдамдығын анықта.

Сөйлеу жылдамдығын анықта.

Оқу жылдамдығы мен сөйлеу жылдамдығын анықтау үшін оқушыларға екі-екіден жұмыс істеу ұсынылады.

Шешу үлгісі:

Минутына 1140 символ

Секундына 1140 : 60 = 19 символ

19 байт

19 * 8 = 152 бит

19 : 1024 = 0,0185 Кбайт

Жауабы: секундына 19 байт, 152 бит, 0,185 Кбайт.






Сынып жұмысы:



Сөзжұмбақ (Ү)

Тігінен:

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі.

  2. Олармен тіл таңбалары көрсетілетін символдар жиыны.

  3. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

  4. Үздіксіз сигнал.

  5. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

Көлденеңінен:

  1. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

  2. Айналадағы дүние туралы мәліметтер (орыс тілінде).

  3. Ол арқылы адам немесе құрылға ақпарат алатын физикалық процесс.

  4. Сегіз разрядты екілік сан.

  5. Белгілі алфавиттің көмегімен ақпаратты көрсету.









Бекітемін:____________________________

Пән мұғалімі:__________________________Уақыты: «______»_________20______ж

Сынып

7

І тоқсан

5 сабақ

Пән

Информатика

Сағат

1

Тақырып

Компьютер деген не? Бағдарламалық жабдықтар. Ақпаратты компьютерде сақтау.

Мақсаты

Оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және бағдарламалық жабдықтама түсініктерімен таныстыру. Оқушыларды деректер компьютердің ішкі және сыртқы жадында қалай сақталатынымен таныстыру.

Тәрбиелік:

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру

Дамытушылық:

Оқушылардың информатиканың негізгі ұғымдарын, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерін, бағдарламалық жабдықтама деген не екенін, операциялық жүйе ұғымын, оның міндетін, компьютердің ішкі және сыртқы жадының айырмашылық ерекшеліктерін білу қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік

Оқулық, компьютер, жұмыс дәптер, графикалық сурет

Әдіс-тәсіл:

Пікірлесіп - түсіндіру

Білім - білікке қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс:қойылатын талаптар:


Оқушы білуі тиіс:

- информатиканың негізгі ұғымдарын;

  • компьютер өңдейтін ақпарат түрлерін;

  • бағдарлама деген не екенін;

  • бағдарламалық жабдықтама деген не екенін;

  • бағдарламалық жабдықтама түрлерін;

  • операциялық жүйе ұғымын, оның міндетін;

  • компьютердің ішкі және сыртқы жадының айырмашылық ерекшеліктерін;

  • файл деген не екенін.

Оқушылар үйрені тиіс:

  • ақпарат түрін анықтауды;

  • бағдарламалық жабдықтама мысалдарын келтіруді;

  • ішкі және сыртқы жадқа жататын құрылғылардың мысалдарын келтіруді.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу, тугелдеу

ә) Оқушылардың формасына назар аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

КОМПЬЮТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Информатика - бұл ақпарат, ақпаратты адамдардың қарым-қатынасында, ЭЕМ жұмысы мен қоғам өмірінде жинау, жинақтау, сақтау мен беру заңдары мен тәсілдері туралы ғылым; ЭЕМ көмегімен ақпаратты өңдеу тәсілдері туралы ғылым.

Бұл ғылым XX ғасырдың екінші жартысында пайда болды, оның дамуы электрондық есептеу техникасының пайда болуымен байланысты. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ - ақпараттық процестер. АҚПАРАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕР - бұл ақпаратты белгілер мен сигналдар түрінде беру, өңдеу және жинақтау процестері. Ақпараттық процестер:

тірі организмдердің ішінде;

техникалық құрылғыларда;

адамдар қарым-қатынасында;

телекоммуникацияларда;

қоғам өмірінде.

Ақпарат сигнал түрінде беріледі.

Ақпарат белгілер түрінде жинақталады.

Ақпаратты өңдеу - белгілер мен сигналдар түрінде, атап айтқанда: тірі организмдермен және техникалық құрылғыларда ақпарат сигналдар түрінде өңделеді.

Тірі организмдер арасында - белгілер мен сигналдар түрінде.

Компьютер пайда болмай тұрып ақпаратты өңдеу, сақтау және беру жұмыстарын адам орындаған. Сондықтан компьютердің құрылысы аздап адамның организміне ұқсайды. Адамның ең маңызды мүшелері аздап адамның организміне ұқсайды. Адамның ең маңызды мүшелері - бас, ми. Бірақ адамға өмір сүру үшін тек бас қана жеткілікті емес, оған тағы басқа мүшелер керк, сол сияқты компьютерге жұмыс істеу үшін көп түрлі құрылғылар керек.

1.3.1.Тапсырма.

Ақпараттық процестердің жүру кезінде адамның кейбір мүшелерімен компьютер құрылғыларының арналуын салыстырыңдар. Белгілі бір ақпараттық процесті орындайтын компьютердің құрылғылары мен адамның мүшелерін бағдаршалармен көрсетіңдер.

Кестеге бір-біріне сәйкес компьютер құрылғылары мен адам мүшелерінің атауларын жазыңдар.

Ақпарат және оны бағалау. Адам ақпаратты қалай қабылдайды.


Ақпаратты

шығару

Компьютер

Монитор, принтер

Адам

Сөйлеу мүшелері (дауыс желбезегі, тіл)

Ымдау мүшелері

Ақпаратты өңдеу мен сақтау

Компьютер

Жүйелік блок (процессор, жад)

Адам, Ми

Ақпаратты

енгізу

Компьютер

Пернетақта, маус.

Адам

Сезім мүшелері (көз, құлақ, сезім мүшелері, иіс сезу мүшесі)



Ақпаратты білдіру мен есте сақтау қажеттілігі пайда болғанда тіл, жазу, бейнелеу өнері пайда болды. Телефон, телеграфф, радио және теледидар пайда болуы ақпараттың орасан зор көлемін беруге мүмкіндік берді. Техникалық құралдар мен құрылғыларды пайдаланып ақпараттық процесстерді ұйымдастыру АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ деп аталады. Ақпараттық технологиялар түрлері өте көп. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІНЕ мыналар жатады: хат; пошта; телеграф; телефон; теледидар; телекоммуникациялар; электрондық пошта т,б,

Бұдан басқа, ақпараттық технологияларды төмендегілерге бөлуге болады: қағаздық; қағассыз; жаңа ақпараттық технологиялар.

ҚАҒАЗДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР - бұл қағаз тасуыштарды (хаттарды, кітаптарды, архивтерді, кітапханаларды т.б.) пайдаланып, ақпаратты жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.

ҚАҒАЗДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР - бұл ақпараттың қағаз тасуыштарын пайдаланбай (радио, теледидар, телеграф, факсимальдік байланыс т.б.) ақпаратты жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.

ЖАҢА ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР - бұл ЭЕМ-ді пайдаланып, ақпаратты жинау, өңдеу және беру технологиялары. ЭЕМ-ді қолдану бұл өңдеудің негізгі бөліктерін автоматтық құрылғыларға артуға мүмкіндік береді, олар адамның қатысуынсыз мейлінше ұзақ және адамның ақпаратты өңдеу жылдамдығынан миллиондаған есе артық жылдамдықпен жұмыс істеуге қабілетті.

1.3.2.Тапсырма.

Жеті жапырақты гүлдің әр жапырағында компьютердің анықтамасы берілген. Егер бұл анықтама дұрыс болса, онда жапырақты боя.

Кейбір анықтамаларды басқа заттарға да қолдануға болады. Төменде аталған заттарды өздеріне сәйкес анықтамалардың шаршыларына жаз.

Егер сен анықтамаға сәйкес тағы заттар білсең, оларды да жаз.

Тапсырма компьютердің басқа техникалық құрылғылардан айырмашылғы жөнінде әңгімелесу барысында орындалады. Жеті жапырақты гүлдің әрбір жапырағында жазылған анықтамалардың әрқайсысы компьютерге қатысты болуы мүмкін, сондықтан нәтижесінде оның жапырақтарының барлығы боялады.

Компьютер бұл ақпаратты сақтауға және автоматты түрде өңдеуге қабілетті машина деген анықтама неғұрлым толық болып саналады. Әңгіме барысында осы кезеңге ерекше көңіл аударып, «жапырақты» ашық түспен ерекшелеу керек.

Пернетақтасы мен экраны бар электрондық аспап

Калькулятор

Қашықтан басқаратын теледидар

Ұялы телефон

Электрондық сағат

Пейджер

Берілген жоспар бойынша жұмыс істейтін механизм

Электрондық сағат

Пейджер

Кодты құлып

Ойын қосымшасы

Автоматты кір жуу машинасы

Есептеуді жеңілдететін құрылғы

Калькулятор

Есеп құралы

Басқа аспаптарды басқара алатын аспап

Кодты құлып

Ойын қосымшасы

Ақпаратты сақтайтын және автоматты түрде өңдей алатын машина

Калькулятор

Электрондық сағат

Кодты құлып

Ойын қосымшасы

Автоматты кір жуу машинасы

Мәтінді енгізетін және қағазға басып шығаратын аспап

Басу машинасы

Телеграф аппараты

Ақпаратты сақтауға қабілетті құрылғы

кітап

Пейджер

Кодты құлып

Оқушыларға берілген анықтамаларға сәйкес келетін құрылғыларды өз бетімен ойлап тауып, оларды кестеге жазу ұсынылады.

Компьютердің көмегімен өңделетін ақпарат түрлеріне мыналар жатады:

  • мәтіндік;

  • графикалық;

  • дыбыс;

  • сандық;

Дегенмен, бұл ақпараттың барлығы сандық айналдырылуы қажет. Мысалы, музыкалық дыбысты сандық түрге ауыстыру үшін, әрбір өлшеу нәтижесін сандық түрге көрсете отырып, кішкене уақыт аралығы сайын дыбыс интенсивтілігін (күшеюін) белгілі жиілікте өлшеуге болады. Ал компьютер бағдарламаның көмегімен алынған сандық ақпаратты кері дыбыс түріне айналдыра алады.

Сол сияқты компьютер мәтіндік ақпаратты өңдейді. Компьютерге енгізген кезде әрбір әріп белгілі бір санмен (0 мен 1-ден тұратын) кодталады, ал адамға түсінікті болу үшін, сыртқы құрылғыға (монитор, принтер) шығарғанда, кодтар бойынша әріптердің бейнелері құрылады. Әріптер жинағы мен сандар кодтарының өзара сәйкестігі символдар кодтауы деп аталады.

1.3.3.Тапсырма. Ертегі.

Компьютер ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған АППАРАТТЫҚ және БАҒДАРЛАМАЛЫҚ комплекс болып табылады. Оқулықтан осы тақырыпты оқып танысқаннан кейін, оқушыларға ертегі-жұмбақты оқып, сөз компьютердің құрамына кіретін аппараттық және бағдарламалық құралдардың бірлестігі туралы екенін табу ұсынылады. Бұл тапсырманы орындау кезінде терминдер сөзжұмбағы бұған көмек болады.

«Кактус» - бұл компьютерді шартты-схема түрінде көрсету. Мұнда стандартты емес, ойын түрінде маңызды тақырып оқылады, оқушылардың өздері құрған схема бұл жұмыстың нәтижесі болуы керек.


1

А

П

П

А

Р

А

Т

Т

Ы

Қ

Ж

А

С

А

У

Ақпаратты қабылдауға, түрлендіруге және беруге арналған өзара байланысты құрылғылар тобы.

А

Е

Н

Г

І

З

У

Қ

Ұ

Р

Ы

Л

Ғ

Ы

С

Ы

Компьютер жадына бағдарламалар мен деректерді кодтауға және беруге арналған құрылғылар.


В

Ж

А

Д

Қ

Ұ

Р

Ы

Л

Ғ

Ы

С

Ы

Деректерді, бағдарламаларды, нәтижелерді сақтауға арналған құрылғы.


С

П

Р

О

Ц

Е

С

С

О

Р

Деректерді өңдейтін және өңдеу процесін басқаратын негізгі құрылғы.


Д

Ш

Ы

Ғ

А

Р

У

Қ

Ұ

Р

Ы

Л

Ғ

Ы

С

Ы

Өңдеу нәтижелерін кері кодтауға жәнеоларды адамға қолайлы (түсінікті) түрде шығаруға арналған құрылғы.


Е

А

Қ

П

А

Р

А

Т

Т

Ы

Қ

К

Е

Ң

А

Р

Н

А

Құрылғылардың арасында ақпарат беруге арналған өткізгіш сымдар тобы.


2

Б

А

Ғ

Д

А

Р

Л

А

М

А

Л

Ы

Қ

Қ

Ұ

Р

А

Л

Д

А

Р

Арналуы әр түрлі бағдарламалар жиыны.


F

Ж

Ү

Й

Е

Л

І

К

Б

А

Ғ

Д

А

Р

Л

А

М

А

Л

А

Р

Компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын бағдарламалар тобы.


G

Қ

О

Л

Д

А

Н

Б

А

Л

Ы

Б

А

Ғ

Д

А

Р

Л

А

М

А

Л

А

Р

Деректерді өңдеуге арналған бағдарламалар.


J

Б

А

Ғ

Д

А

Р

Л

А

М

А

Л

А

У

Ж

Ү

Й

Е

Л

Е

Р

І

Басқа бағдарламаларды құруға және өңдеуге арналған бағдарламалар.

КОМПЬЮТЕР

АППАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАР

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР

Енгізу

құрылғысы

Жүйелік бағдарламалар

Жад

құрылғысы

Қолданбалы бағдарламалар


Процессор

Бағдарламалау

жүйелері

Шығару

құрылғысы

Бағдарламалық

кеңарна

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМА (ЖАСАУ)

Дербес компьютер - ақпаратты өңдеуге арналған әмбебап құрылғы. Ол кез-келген ақпаратты өңдеу әрекеттерін орындай алады. Дегенмен компьютер өзі қолдану салаларының ешқайсысында білімі жоқ, бұл білімдердің барлығы компьютерде орындалатын бағдарламаларда. «Компьютер жасады» деген сөз компьютерде тиісті әрекетті орындауға мүмкіндік беретін бағдарлама барын білдіреді.

БАҒДАРЛАМА сөзінің қазіргі сөздіктердегі анықтамасы төмендегідей:

  1. Орындалатын жұмыстың жоспары орындалды;

  2. Компьютердің қызметін (іс-әрекетін) басқару үшін енгізілетін, кодталған (арнайы түрде жазылған) ақпарат,.

Сөздің бірінші мәні компьютер шықпай тұрып белгілі болған. Жоспарды адамдар адамдар үшін құрады. Компьютерлік бағдарламаларды анықтау үшін екінші анықтама сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, бағдарлама дегеніміз - бұл компьютерге түсінікті тілде құрастырылған нақты және толық нұсқаулар тізбегі; немесе пайдаланушының бұйрығын орындау үшін компьютерге жүктелетін және файл түрінде магниттік дискіде сақталатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.

Бірнеше анықтамалар берейік:

Машина тілі екілік кодтарға, яғни 0 мен 1-ден (екілік санау жүйесі) тұратын кодтарға негізделген, себебі компьютер кез-келген командаларды тек екі мәнде болатын сигналдар түрінде қабылдайды:

1-сигнал бар; 0-сигнал жоқ.

Файл дегеніміз - қандай да бір тұрақты есте сақтау құрылғысында, мысалы, дискетте немесе винчестерде жазылған, нақты аты бар ақпараттың негізгі құрылымдық бірлігі. Аты бойынша оны көптеген өзіне ұқсас файлдардан ажыратуға болады.

Пайдаланушы - бағдарламалармен жұмыс жасайтын және олардың көмегімен өз мақсатын жүзеге асыратын адам.

Интерфейс - өзара әрекеттесу құралдары, байланыс, келісу, сүйемелдеу құралдары.

Интерфейстің мына түрлері кездеседі:

  1. Аппараттық интерфейс (дербес компьютердің электрондық құрауыштарының деңгейінде);

  2. Бағдарлама жасаушылар интерфейсі (бағдарламалық модульдерді түйістіру туралы келісімдер мен ережелер кешені);

  3. Пайдаланушы интерфейсі (келісімдер мен пайдаланушының арасында диалог құрылады).

Компьютерге арналған бағдарламаларды ауыстыра отырып, оны (ДК) бухгалтердің жұмыс орнына, редакторға айналдыруға немесе қандай да бір ойын ойнауға болады. Бағдарламалардың түрі өте көп. Олардың түрлерін білу керек.

ДК-де жұмыс істеуде қолданылатын және аппараттық құралдардың жұмыс істеуін, өңдеуді, жөндеуді және пайдаланушылардың жұмысын орындауды қамтамасыз ететін бағдарламалар жиыны бағдарламалық жабдықтама деп аталады (БЖ). Басқаша айтқанда, бағдарламалық жабдықтама ДК-де аппараттық құралдар мен пайдаланушының арасындағы интерфейс қызметін атқарады.

Содан кейін 1.3.4 тапсырмадағы шығарылған төртбұрыштарды тақырыпты түсіндірумен қатар толтыру керек. ДК-нің бағдарламалық жабдықтамасы пирамида түрінде бейнеленген.

Бағдарламалық жабдықтама (Sofware) арналуы бойынша былай бөлінеді: жүйелік (ЖБЖ), құрал-саймандық (ҚСБЖ), қолданбалы (ҚБЖ).

Жүйелік бағдарламалық жабдықтамаға аппараттық құралдардың жұмыстарын басқаратын және пайдаланушылар мен пайдаланушы қолданбалы кешеніне қызмет ететін бағдарламалар жатады:

  • операциялық жүйелер;

  • драйверлер (енгізу//шығаруды басқару);

  • ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау қолайлылығын қамтамасыз ететін қабықша-бағдарламалар (NC);

  • Операциялық қабықшалар (графикалық интерфейс, мульти-бағдарламалау, бағдарламалар арасында ақпарат алмасу құралдары, мысалы Windows 3.1);

  • Утилиталар;

  • ЭЕМ-ді тестілеу мен диагностика құралдары;

  • жергілікті желіні басқаратын бағдарламалар.

Операциялық жүйе компьютерді басқаруға арналған бағдарламалар кешені болып табылады. Ол:

  • «компьютердің әмбебап есептеуіш машинасының» ядросын құрайды;

  • компьютердің ішіндегі барлық процестерді басқарады;

  • компьютер мен оған қосылған мысалы, принтер, дисплей, дискіжетек пен винчестер сияқты шалғай құрылғылардың арасындағы алмасуды басқарады;

  • аппаратура модульдері мен қолданбалы бағдарламалар арасындағы байланыс мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

  • пайдаланушы мен компьютер арасындағы делдал қызметін атқарады.

Ең кең тараған операциялық жүйелер: MS-DOS, PC-DOS, Windows 98, Windows NT, OS/2, UNIX, Net Ware.

Microsoft фирмасының дискілік MS-DOS операциялық жүйесі ДК класының ЭЕМ-і үшін негізгі стандарт болып табылады.

Құрал-саймандық бағдарламалық жабдықтама (ҚСБЖ) жаңа бағдарламалар, бұған қоса жүйелік бағдарламалар мен қолданбалы бағдарламалардың арасындағы аралық класс болып табылады. Оның құрамына:

  • комппиляторлар;

  • жоғары деңгейлі тілдер интерпретаторы;

  • стандартты бағдарламалар кітапханалары;

  • қолданбалы утилиталар;

  • бағдарламаларды редакциялау, жөндеу және тестілеу құралдары жатады.

Адам әрекетінің әр түрлі аумағының мәселелерін шешуге арналған бағдарламалар қолданбалы бағдарламалық жабдықтаманы құрайды. ҚБЖ-ны екі топқа бөлуге болады: мақсатты, әмбебап.

Мақсатты бағдарламалық жабдықтама пайдаланушылардың нақты мақсаттарын орындауға арналған және оның қолдану аумағы шектелген, мысалы: оқу бағдарламалары, ойындар.

Әмбебап бағдарламалық жабдықтама мәселелердің толық бір класының шешуін автоматтандыруға немесе ақпараттың жеке түрлерін өңдеуге мүмкіндік береді. Оған мыналарды жатқызуға болады:

  • әр түрлі редакторлар (мәтіндік, графикалық, музыкалық);

  • кестелік процессорлар (Суперкалк, Excel);

  • деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ);

  • автоматтандырылған жобалау жүйелері (АЖЖ);

  • құрамына жоғарыда аталған жүйелердің бірнешеуі бірақ кіретін жинақталған жүйелер;

  • ЖБЖ функцияларын кеңейтетін қолданбалы бағдарламалар пакеті (вирусқа қарсы бағдарламалар);

  • бухгалтерлік бағдарламалар.

1.3.4.Тапсырма.

Тапсырма берілген тақырыпты түсіндірумен қатар орындалады. Суреттердің жазулары тапсырмада берілген.

  1. Аппараттық құралдарды «тірілту» үшін, бағдарламалық жабдықтама керек.

  2. Жүйелі бағдарламалық жабдықтаманың негізгі бағдарламасы

Операциялық жүйе.

  1. Операциялық жүйе компьютердің бар құрылғыларын басқаруға және деректер алмасуын жүзеге асыруға арналған.

  2. Операциялық жүйегеи MS-DOS, Windows жатады.

  3. Бағдарламалау тілі басқа бағдарламалар жасауға арналған.

  4. Бағдарламалау тілдерінің атын төртбұрыштарға жазыңдар (Бейсик, Паскаль, Ассемблер, Си, Пл-1 т.б.).

  5. Арнаулы бағдарламалар бір мамандық қызметкерлерінің жұмысында қолданылады.

  6. Арнаулы және әмбебап қолданбалы бағдарламалық жасауға қандай бағдарламалар жататынын жазыңдар (бухгалтерлік, оқыту, жүйелік жоба т.б. бағдарламалары).

  7. Әмбебап бағдарламалар пайдаланушылардың көпшілігінің жұмысында қолданылады.


Жүйелік

бағдарламалық жабдықтама

Бағдарламалау жүйелері

Паскаль

Си

Ассемблер

ПЛ-1

Бейсик

Қолданбалы бағдарламалық жабдықтама

Жүйелік жоба

Сарап. жүйесі

Оқыту бағдар.

Бухг.бағдар.

Мәтін. ред

Граф.ред.

Электр.кесте

Сұраққа жауаптардың реті оң жақ жоғары бұрыштағы төртбұрыштан басталады.

Жоғарғы деңгейде «Компьютердің аппараттық жабдықтамасы» орналасқан. Оның жұмыс істеуі үшін бағдарламалық жабдықтама керек, оның схемасы пирамида-сарай түрінде көрсетілген. Жоғарғы қабатта «Ханша - операциялық жүйе» тұрады. Ол аппараттық және бағдарламалық құралдардың жұмысын үйлестіреді. Келесі деңгейде бағдарламалау тілдері жататын бағдарламалау жүйесі орналасқан (олардың аттарын сәйкес төртбұрышқа жаз). Олардың көмегімен пайдаланушылардың көпшілігіне арналған қолданбалы бағдарламалардың көбі құрылады. Өз кезегінде, олар арнайы және әмбебап бағдарламаларға бөлінеді. Оқушылар өздеріне таныс қолданбалы бағдарламалардың атын сәйкес төртбұрыштарға жазуы керек.

АҚПАРАТТЫ КОМПЬЮТЕРДЕ САҚТАУ

Компьютер бір уақытта қатар сақтай алатын ақпарат көлемі компьютер жады деп аталады. Жадтың екі түрі бар: ЖЖҚ (жедел жадтайтын құрылғы немесе жедел жад RAM) және ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы немесе тұрақты жад ROM).

Тұрақты жадтағы ақпаратты өзгертуге болмайды, ол тек оқу үшін қолданылады. Мұндай жадта сақталған деректер компьютерді өшіргенде жоғалмайды. Оперативтік (жедел) жадты көбіне тек жад деп қана атайды. Ол бағдарлмаларды жүктеу мен орындау үшін, сонымен қатар деректерді уақытша сақтау үшін қолданылады. Компьютерді өшіргенде жедел жадтағы деректер жоғалады. Сыртқы жад құрылғылары жүйелі блоктан тыс орналасады, олар оған тек сыртынан ғана қосылады және ақпаратты көп уақыт сақтауға арналған.












Бекітемін:____________________________

Пән мұғалімі:__________________________Уақыты: «______»_________20______ж

Сынып

7

І тоқсан

6 сабақ

Пән

Информатика

Сағат

1

Тақырып

Есептеуіш техникасының даму тарихы. ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлі: мектепте, үйде, медицинада, бизнесте, өнерде, ғылымда, ЭЕМ-ді қолдану аумақтары

Мақсаты

Оқушыларды ЕТ-нің даму тарихымен оны құрылуының принциптерімен таныстыру. ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру. ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік:

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру

Дамытушылық:

Оқушылардың ЕТ дамуының негізгі кезеңдерін, ақпарат түрлерін, ЭЕМ буындары мен олардың элементтік базасын, ЭЕМ-ді қолдану аумақтарын білу қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік

Оқклық, компьютер, жұмыс дәптер, графикалық сурет

Әдіс-тәсіл:

Пікірлесіп - түсіндіру

Білім - білікке қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс:қойылатын талаптар:


Оқушы білуі тиіс:

- ЕТ дамуының негізгі кезеңдерін;

  • ақпарат түрлерін;

  • цифрлық есептеуіш машинасының құрылу принциптерін;

  • ЭЕМ буындары мен олардың элементтік базасын;

  • ЭЕМ-ді қолдану аумақтарын.

Оқушылар үйрені тиіс:

  • әр түрлі буындағы ЭЕМ мысалдарын келтіруді;

  • ЭЕМ элементтік базасы бойынша қандай да бір машина қай буынға жататынын анықтауды;

  • ЭЕМ-ді қоғам өміріне қолдану мысалдарын келтіруді.

  • ішкі және сыртқы жадқа жататын құрылғылардың мысалдарын келтіруді.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу, тугелдеу

ә) Оқушылардың формасына назар аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Көпшілік мақұлдаған топтастыруды қолданып, ЕТ дамуын келесі кезеңдерге бөлуге болады:

  1. Қол - б.э. дейінгі елуінші мыңжылдықтан бастап;

  2. Механикалық - XVII ғасырдың ортасынан бастап;

  3. Электромеханикалық - XIX ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап;

  4. Электрондық - XX ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап.

Сонымен, ЕТ дамуының бұл төрт кезеңдерінің өзін жақсы қырынан көрсеткен құралдары күні бүгінге дейін қолданылады.

ЕТ-нің қол түрінің даму кезеңі есептеу үшін адам денесінің мүшелерін, бірінші кезекте саусақтарын және есептеу нәтижелерін белгілеу үшін, әр түрлі заттарды, мысалы, есептеу таяқшаларын, түйіншектерді, белгілер қоюды қолдануға негізделген.

Қол түрінің даму кезеңі:

  1. Ондық пен он екілік санау жүйесіндегі саусақ есебі (қолдағы төрт саусақ, әрқайсысында үш буын сүйектері - барлығы төрт саусақ, әрқайсысында үш буын сүйектері - барлығы он екі).

  2. Колумбқа дейінгі Америка халықтарының түйіншек санауы.

  3. Заттарды топтастыру және бір жерден басқа жерге санап қою көмегімен санау.

  4. Есепшотпен санау (абак - алғашқы жетілдірілген санау құралы), 15-ші ғасырда пайда болды. Есепшотты көбейту кестесімен біріктіру жолымен жетілдіруге соңғы талаптану 1921 жылға жатады.

  5. 17-ғасырдың басында ДЖ.Непердің логарифм және логарифм кестесін ойлап табуы және есептеу таяқшаларымен ДЖ.Непердің есептеу тақтасын ендіру.

Мехиникалық құралдардың даму кезеңі:

  1. Механикалық есептеу принциптерін қолданатын есептеу құрылғылары мен аспаптарын жасау. 1623 жыл - 6 разрядты сандар мен арифметикалық амалдар орындауға арналған Шиккардтың алғашқы машинасы. Ол көбейтетін, қосатын, сандарды жазатын тәуелсіз құрылғылардан тұратын.

  2. 1642 жылы Блез Паскаль ойлап тапқан он разрядты сандармен арифметикалық амалдарды механикалық түрде орындайтын машина.

  3. 1673 ж. Г.И.Лейбниц алғашқы арифмометрді құрастырды. Арифмометрлер кең тарады және бірнеше рет жетілдірілді. Оған мысал: Томас арифмометрі (томас-машина), Болле машинасы, Орднер арифмометрі т.б. арифмометр пайда болуымен байланысты есепші мамандығы пайда болды. 1969ж. ССРО-да арифмометрді шығару ең жоғары деңгейге жетті (300 мың арифмометр). 20-ғасырдың 70-ші жылдары арифмометрді элементтік базасы интегралдық схемаға негізделген калькулятор ығыстырды.

  4. 19-ғасырдың бірінші жартысында Чарльз Бэббидж әмбебап есептеуіш (аналитикалық) машина құрастыруға талаптанды. Бұл машина перфокартада жазылған бағдарламаны қолдануы керек еді. Бэббидж бағдарламалық басқару принципін қолданып, кез-келген алгоритмді шешуге арналған аналитикалық машинаны құрудың негізгі идеясын зерттеп дайындады. Бұл жаккардтың тоқыма станогы сияқты, нағыз механикалық машина болуы тиісі еді. Бірақ сол кездегі техниканың дамуы жеткілікті дәрежеде болмауы бұл жобаның іске асуына мүмкіндік жасамады.

Электр механикалық құралдардың даму кезеңі:

  1. 1887ж., Г.Холлерит, У.Бэббидж бен Г.Джоккардтың идеяларын қолданып, алғашқы есептеуіш-аналитикалық кешенін құрды. Бұл құрал АҚШ-та (1890), Ресейде (1897), Канадада (1897) халық санағын жүргізуде, АҚШ-тың темір жолдарының есептерін өңдеуде және ірі сауда фирмаларында қолданылды.

  2. 1941ж., Коннард Цузе бағдарламалық басқаруы мен жадтайтын құрылғысы бар алдыңғыларға ұқсас машина жасап шығарды.

  3. 1944ж. Айкен IBM фирмасының кәсіпорнында Бэббидж жұмыстарының көмегімен электромеханикалық реледегі «МАРК-1» аналитикалық машинасын құрастырды. Бұл машинаның есептеу жылдамдығы электр жетегі бар арифмометрден 100 есе тез болды. Бұл машинаның бірнеше жетілдірілген түрлері шығарылды.

  4. 1957ж. - ССРО-да (PBM-1) релелік есептеуіш машина жасады. Бұл релелік ЕТ-нің ең ірі және соңғы жобасы болды. Осы кезеңде механикаландырылған санау кәсіпорны болып табылатын есептеуіш-машина стансалары құрыла бастады.

Электрондық құралдардың даму кезеңі:

  1. 1943-45ж. АҚШ-та Моучли мен Эккерт басқарған топ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ШАМДАРДЫҢ негізіндегі ең алғашқы ENIAC ЭЕМ-ін құрастырды. Бұл әр түрлі мәселелерді шешетін әмбебап машина еді. Бұл ЭЕМ «МАРК-1» машинасынан өнімділігі бойынша 1000 есе артық және одан екі есе үлкен (салмағы 30т) болды. ENIAC машинасында 18000 электрондық шамдар, 150 реле 70000 резисторлар, 10000 конденсатор болды. Ол 140 квт қуат пайдаланды. Бірақ оның жад құрылғысы жоқ, және бағдарламаларды беру үшін сымдарды нақты бір түрде жалғастырып отыру керек болды.

  2. 1945ж. Джон фон Нейман цифрлық есептеуіш машинаның жалпы принциптерін ойлап тапты, ол қазіргі кезге дейін ДК-де қолданылады. Осы принциптер бойынша компьютерде мыналар болуы керек:

  • арифметикалы-логикалық құрылғы, арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды;

  • жадтайтын құрылғы немесе бағдарламалар мен деректерді сақтайтын жад;

  • басқару құрылғысы, ол бағдарламаларды орындау процесін ұйымдастырады;

  • ақпарат енгізу-шығару сыртқы құрылғысы.

Алдымен белгілі бір сыртқы құрылғының көмегімен компьютердің жадына бағдарлама енгізіледі. Басқару құрылғысы жадтан бағдарламаның бірінші командасын тауып оқиды және оның орындалуын ұйымдастырады. Бірінші команданы орындағаннан кейін, басқару құрылғысы келесі командаларды оқиды және т.с.

ЭЕМ-нің бірінші буыны (1949-1958ж.)

  1. 1949ж. Морис Уилкс (Англия) алғашқы EDVAC компьютерін жасады. Бұл жадында сақталған бағдарламалары бар әмбебап ЭЕМ цифрлық электрондық есептеуіш әмбебап машиналарының алғашқы буындарына жол салды.

  2. XX-ғасырдың 40-50 жылдары ЭЕМ өте үлкен және қарапайым болды. Элементтік база ретінде электрондық шамдар мен реле қолданылды: жедел (оперативтік) жад триггерлерде, кейін ферриттік жүрекшелерде; шапшаңдығы - секундына 5-30 мың арифметикалық амалдар болды. Мұндай ЭЕМ-дер үшін бағраламалар машиналық кодтарда жүргізіледі, кейінірек автокодтар мен ассемблер пайда болды. Бұл ЭЕМ ғылыми-техникалық есептеулер жүргізу үшін қолданылды. Осы типті машиналарға EDSAC, ENIAC, UNIVAC, БЭСМ, Урал жатады.

ЭЕМ-нің екінші буыны (1955-1963).

  1. 1948ж. - транзистор ойлап табылды және 50-ші жылдардың екінші жартысында транзисторлы ЭЕМ-дер пайда болды.

  2. 1959ж., - АҚШ-та екінші буынның RCA-501 ЭЕМ-і құрылды

  3. 1960ж., - IBM 7090 LARC

  4. 1961ж., - Stretsh

  5. 1962ж., - ATLAS

  6. Ал ССРО-да 2-ші буынның ЭЕМ-дері: РАЗДАН, НАИРИ, МИР, МИНСК, Урал-11, М-220, БЭСМ-4, М-4000 сияқты машиналар шығарылды.

2-ші буынның ЭЕМ-і транзисторлы (жартылай өткізгіштер) элементтік базасымен, өте кішкене ферриттік жүрекшелері бар жедел жадымен 512 Кбайт көлемімен секундына 3000000 амал өнімділігімен сипатталады. Олар функционал операциялар (бөлінген уақыт режимі) мен мульти-бағдарламалар режимін біріктіруді, яғни орталық процессор мен енгізу-шығару арналарының қатар жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Өлшемі бойынша ЭЕМ-дер кіші, орта, үлкен және арнайы түрлерге бөлінеді.

ЭЕМ-нің жетілдіруімен қатар бағдарламалық жабдықтамалар дамыды, алгоритмдік бағдарламалау тілдері, АБЖ, диспетчерлер пайда болды.

ЭЕМ үшінші буыны (1964-1976ж.).

  1. 1958ж. - Джек Килби бірнеше транзисторды бір пластинаға қалай орналастыру керек екенін ойлап тапты.

  2. 1959ж. - Роберт Нойд ең алғашқы ЭЕМ-і деп IBM/360 модельдерінің сериясын (1964ж. АҚШ) санауға болады.

  3. ЭЕМ-нің үшінші буынына РДР-8 (бірінші мини-компьютер, ол 1965ж. Құрылды және құны 20 мың $ болды) РДР-11, В-3500, EC-ЭЕМ сериясы жатқызуға болады. ЭЕМ-нің үшінші буыны интегралдық схемалы (ИС) және жартылай үлкен схемала (YC) жартылай өткізгіш интегралдық схемадағы жедел жад құрылғысымен, 16Мб көлемімен, секундына 30 млн. Операция өнімділікпен сипатталады. Өлшемі бойынша ЭЕМ үлкен, орташа, мини және микро болып бірнеше түрге бөлінеді. Бұл буынның типтік модельдері - EC-ЭЕМ, СМ-ЭЕМ, IBM/360, РДР, VAX.

ЭЕМ-нің үшінші буынына тән ерекшелік - бұл операциялық жүйесінің болуы, мульти-бағдарламалау мен ресурстарды (шалғай құрылғыларды), ЭЕМ-нің өзінің аппараттық бөлігін немесе тікелей операциялық жүйені басқару мүмкіндігінің пайда болуы. ЭЕМ-дегі бағдарламалық жабдықтама ОЖ, ҚБӨ, ДББЖ, АБЖ, жоғары дәрежелі алгоритмік тілдердің (ПЛ-1, АЛГОЛ; КОБОЛ...) пайда болуымен күрделіленеді.

ЭЕМ-нің төртінші буыны (1977 - қазіргі кез):

  1. Төртінші буынның ЭЕМ-дерінің ең алғашқы танымал сериясы IBM/370.

  2. Төртінші буынның ЕТ-нің конструктивті-технологиялық негізі үлкен интегралды схема (YИС) және өте үлкен интегралды схема (ӨҮИС), олар 70-80 жылдары құрылған, шапшаң жадтайтын құрылғылар болды. ЭЕМ ЯВА-ны тиімді пайдалануға, қиыншылықтары бар программистер үшін бағдарламалау процесін жеңілдетуге есептеліп шығарылады. Төртінші буынның машиналарының паркін микро-ЭЕМ-ге, ДК-ге, мини-ЭЕМ-ге, жалпыға арналған ЭЕМ-ге, арнайы ЭЕМ-ге, арнайы-IBM-ге және супер-ЭЕМ-ге бөлуге болады. Төртінші буын машиналарының жедел жады - жартылай өткізгіш АҮИС-те, көлемі 16Мб және одан жоғары. Бұл буынның машиналарына IBM/370, SX-2, IBMPC/XT/AT, PC/2, Cray типтерін жатқызуға болады.

Дербес компьютерлер:

  1. Бүгінгі күні кең тараған ДК-ЦЭВМ. Олардың пайда болуы алғашқы РДР-8 мини-ЭЕМ-ге барып тіреледі.

  2. 1970ж. - INTAL фирмасы жадтың интегралдық схемасын және тамызда үлкен ЭЕМ-нің орталық процессорына барабар интегралдық схеманы (INTEL-4004 микропроцессоры) сата бастады.

  3. 1975ж. - Intel-8080 микропроцессоры бар Альтаир-8800 ең алғашқы ДК пайда болды.

  4. 1981ж. - IBM фирмасы IBMPC дербес компьютерлерін шығара бастады.

  5. 1983ж. - қатқыл дискісі бар IBM PC XT компьютерлері шығарылды.

  6. 1985ж. - IBM PC AT дербес компьютерлерінің шығарылуы басталды.

2.1.1.Тапсырма. Кестені толтыр. Кестені үшке бөл:

1. Механикалық санауыш құрылғылар;

2. Есептеуші автоматтар;

3. Электрондық-есептеуіш машиналар.

Тапсырма тақырыптың конспекті болып табылады.

Ол мұғалімнің түсіндіруімен немесе оқулықтағы параграфты оқумен қатар орындалады. Оқушылар кестеге жазатын жауаптар курсивпен белгіленген.


НЕ?

ҚАЙДА?

ҚАШАН?

1

Қол саусақтары, тастар, белгілеулер, түйіншектер

Барлық жерде

Көне заманда

2

Абак

Ежелгі Қытай немесе ежелгі Египетте

2000-5000 жыл бұрын

3

Паскаль машинасы

Франция

Блез Паскаль

1642ж.

4

Арифмометр

Германия

Лейбниц

1694ж.

5

Логарифмдік сызғыш

Англия

Робертсон

1761ж.

6

Аналитикалық машина

Англия

Чарльз Бэббидж

1833ж.

7

Бэббидждің машинасына арналған алғашқы бағдарлама

Англия

Ада Лавлейс

1846ж.

8

Есепші-перфорациялық машина

Герман Холлерит

Америка

19 ғасырдың аяғы

9

«Марк-1» электр-механикалық санауыш машинасы

Америка

Говард Айкен

1944ж.

10

ENIAC

АҚШ

Моучли, Эккерт

1946ж.

11

EDSAC - Нейманның архитектурасымен жасалған ЭЕМ

АҚШ

1949ж.

12

МЭСМ

ССРО

1947-1948жж.

13

БЭСМ

С.А.Лебедев

ССРО

1952-1953жж.

14

М-220, БЭСМ-3, БЭСМ-4, Урал-11, Урал-14, Урал-16, Минск-22, Минск-32

ССРО

60-ж.

Бақылау сұрағы: «Марк-1» машинасы қандай элементтерде жасалған?

Жауабы: Релелі және механикалық элементтерде.

0

ЭЕМ

БУЫНДАРЫ

ЭЛЕМЕНТТІК

БАЗАСЫ

ЭЕМ-нің НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

I буыны

1940-1955

Электрондық шамдар

Жылдамдығы төмен, абажадай, енгізу үшін перфокарталар қолданылған бағдарламалар машина командаларының тілінде құрылған, санау жылдамдығы секундына 20000 операция

II буыны

1955-

Жартылай өткізгіштер, транзисторлар

Өлшемі кішірек, электроэнергиясын азырақ жұмсайды, жылдамдығы - секундына бірнеше мыңдаған операция, жоғ,ары деңгейлі бағдарламалау тілдері дами бастады

III буыны

Интегралдық схемалар

Үлкен жад, жылдамдығы секундына бірнеше миллиондаған операцияға дейін, магнитті дискілер пайда болды. Мультибағдарламалық режим.

IV буыны

Микропроцессорлар

Үлкен жад, жоғары жылдамдық, өлшемі шағын, жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдері

V буын

құру талаптары

Жасанды интелект.

Қарым-қатынас тілі табиғи тілге жақын.

Бақылау сұрағы: Қазіргі заманғы дербес компьютерлер қай буынға жатады?

Жауабы: IV буынға.

Үй жұмысы : Есептеуіш техникасының даму тарихы. ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлі: мектепте, үйде,

медицинада, бизнесте, өнерде, ғылымда, ЭЕМ-ді қолдану аумақтары

2.1.3 - тапсырма

Сабақты бағалау : Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау және мадақтау



I. Сынып жұмысы:

2.1.3.Тапсырма(Ү). Сөзжұмбақ.

Көлденеңінен:

5. Бағдарламамен басқарылатын аналитикалық-машинаның авторы.

7. Қосатын машинаны ойлап тапқан адам.

8. Лейбництің механикалық санау машинасы.

10. ЭЕМ-нің II буынының элементтік базасы.

Тігінен:

1. Біздің елдегі бірінші ЭЕМ.

2. Бірінші электрондық компьютер.

3. Гректердің ежелгі санау құралы.

4. Санау - перфорациялық машинасын жарыққа шығарушы.

6. Компьютер ойындарындағы дисплей экранында жылжымалы объектілерді басқаратын құрылғы.

9. ЭЕМ-нің I буынының элементтік базасы.





3




4

А

6


1

Х

5

Б

Э

Б

Б

И

Д

Ж


М

О

А

Ж


Э

Л

К

9

О

7

П

А

С

К

А

Л

Ь

Ш

Й


М

Е


А

С


2

8

А

Р

И

Ф

М

О

М

Е

Т

Р


Э

И


И

10

Т

Р

А

Н

З

И

С

Т

О

Р


К


И





А





К




V. Жаңа тақырыпты бекіту

Ұсынылатын тақырыптар:

  1. Жобалауды автоматтандыру - жобалау-конструкторлық істің жаңа кезеңі.

  2. Ауыл шаруашылығында компьтер не үшін керек.

  3. Транспорт пен құрылысты ақпараттандыру.

  4. Компьютер - «басқарушы».

  5. Компьютер сауда ісінде.

  6. Нақты эксперимент орнына - есептеуіш.

  7. ЭЕМ гуманитарлық ғылымдарда.

  8. Компьютерді медицинада қолдану.

  9. Жасанды интелект дегеніміз не?

  10. ЭЕМ мектепке келді.

  11. Компьютерлік қылмыс. Компьютер қылмысқа қарсы.

  12. Компьютерді мәдениет пен демалыс саласында қолдану.

Үй жұмысы :

Есептеуіш техникасының даму тарихы. ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлі: мектепте, үйде,

медицинада, бизнесте, өнерде, ғылымда, ЭЕМ-ді қолдану аумақтары

2.1.3 - тапсырма

Сабақты бағалау :

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау және мадақтау











Бекітемін:____________________________

Пән мұғалімі:__________________________Уақыты: «______»_________20______ж

Сынып

7

І тоқсан

7 сабақ

Пән

Информатика

Сағат

1

Тақырып

Дербес компьютер. Компьютердің құрылымы. Жүйелік блок. Процессор

Мақсаты

ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік блоктың ішіндегіқұрылғылармен және олардың міндетімен таныстыру. Компьютердің негізгі құрылғылары - процессормен, ЖЖҚ-мен, ТЖҚ-мен таныстыру.

Тәрбиелік:

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру

Дамытушылық:

Оқушылардың аппараттық құралдардың негізгі жиынына не кіретінін, аппараттық құралдардың негізгі жиынына не кіретінін компьютердің құрылғыларының міндетін білу қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік

Оқулық, компьютер, жұмыс дәптер, графикалық сурет

Әдіс-тәсіл:

Баяндау,көрсету, практикум

Білім - білікке қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс:қойылатын талаптар:


Оқушы білуі тиіс:

- компьютер деген не екенін;

  • аппараттық құралдардың негізгі жиынына не кіретінін;

  • компьютердің құрылғыларының міндетін (арналуын);

  • бағдарламалық жабдықтаманың не үшін керек екенін;

  • ДК көмегімен не жасауға болатынын;

  • Жүйелік блоктың алдыңғы панеліндегі батырмалар мен құрылғылардың арналуын;

  • Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғылардың арналуын;

  • Жүйелік блоктың арғы жағында не орналасқанын;

  • Процессордың негізгі сипаттамалары мен арналуын;

  • Компьютердің ішкі жадының түрлері мен арналуы.

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • Компьютерді қосуды және өшіруді.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу, тугелдеу

ә) Оқушылардың формасына назар аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ


«Компьютер» сөзі «есептеуіш» дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер - деректерді бағдарламалап өңдеуге Компьютер - деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер, дыбыстар, графика және т.б.) ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады.

Информатика сабағында IBM PC типті ДК-лерді оқып үйренеді, олар осындай дербес компьютерлерді алғашқы шығарған американдық компанияның атымен аталған (IBM фирмасының ДК-лері). Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК-нің басқа типтері де бар, мысалы, Apple фирмасының Macintosh ДК-і. Бірақ ДК-лердің барлық типтерінің ақпарат өңдеу және адаммен қарым-қатынас жасауының негізгі принциптері бірдей.

Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан (құрылғылардан) тұрады. Бұлардың номенклатурасы (тізімі) әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез-келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек (компьютердің негізгі жинағы). Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлаққалқа, микрофон, модем, сканер, манипулятор: «маус», трекбол, тәрте (джойстик) жатады.

Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік блок. ДК жүйелік блогы - компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т.б. бар аналық тақша, адаптерлер, коректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контроллер, ажыратпалар орналастырылған.

Монитор - мәтіндік және графикалық ақпараттарды экранға шығаруға арналған, теледидарға ұқсас құрылғы.

Пернетақта - ақпараттар мен ДК-ні басқару командаларын енгізу қызметін атқарады.

Бұлардан басқа, компьютердің тағы көптеген құрылғылары бар. Оларды енгізу-шығару құрылғылары деп атайыды.

Дербес компьютерлердің барлық элементтерін ақпаратты енгізу-шығару, өңдеу құрылғыларына бөлуге болады.

Енгізу құрылғыларына пернетақта, манипуляторлар, микрофон, модем жатады.

Шығару құрылғылары: монитор, құлаққалқа, принтер, модем, дыбыс бағандары (колонка). Бұл құрылғылардың бәрі ДК-нің аппараттық жабдықтамасына жатады. Бірақ компьютер жұмыс істеуі үшін, оны бағдарламалық жабдықтама қажет. ДК бағдарламалық жабдықтамасыз жай ғана темір-терсек болып қалады. Бағдарламалық жабдықтама аппараттық құралдардың жұмысын басқарады, пайдаланушылар мен бағдарламалардың қолданбалы кешендеріне қызмет көрсетеді, компьютерде нақты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. (пайдаланушы немесе User - бағдарламалармен жұмыс жасайтын және олардың көмегімен өзінің барлық мәселелерін шешетін адам).

Компьютердің мүмкіндіктерін көрсету үшін, төмендегілерді көрсетуге болады:

  • дамыту мен оқыту ойындарын;

  • мәтіндік редактордағы жұмыстарды (мәтінді теру, мәтінді түзету, суреттер қою);

  • графикалық редактордағы жұмыстарды (қарапайым сурет салу, оның кейбір бөліктерін өзгерту немесе көбейту);

  • компакт-дискідегі музыкалық жазбаны ойнатуды;

  • калькулятормен жұмыс жасауды;

  • Интернетте жұмыс істеуді (суреттер, мәтіндер, Chat - серверлер).

2.2.1.Тапсырма.

Компьютердің құрамына енетін негізгі құрылғыларды жазыңдар. Бұл тақырыпты қарастырғанда терминологияларды жақсы игеру үшін, төртбұрыштарды толтыру ұсынылады:

  • жүйелік блок;

  • пернетақта;

  • маус.

ЖҮЙЕЛІК БЛОК

Жүйелік блок ішінде ең маңызды құрауыштар орналасқан негізгі торап болып табылады. Жүйелік блоктардың корпусы әр түрлі пішінде болады. Олар коректендіру блоктарымен бірге қойылады (жабдықталады).

Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі деп аталады.

Жүйелік блоктың сыртында орналасқан құрылғыларды сыртқы (периферийный) деп атайды.

Компьютердің ішкі құрылғылары:

Аналық тақша - ДК-нің негізгі тақташасы.

Оған мыналар енгізілген:

-Жедел жад (ЖЖҚ - жедел жадтайтын құрылғы) -компьютерге қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны.

- Процессор - көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема.

- ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы) - деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған микросхема.

- Микропроцессорлық комплект (чипсет) - компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиыны.

- Қосымша құрылғыларды қосуға арналған ажыратпалар (слоттар).

- Шиналар - олар арқылы компьютердің ішкі құрылғыларының арасында сигнал алмасу жүргізілетін өткізгіштер жиыны.

Енгізу құрылғылары

Сыртқы құрылғылары

Сыртқы жадтайтын құрылғылар



пернетақта

магнитті таспа

Процессор

сканер

БҚ

АЛҚ

маус

магнитті дискілер

принтер

лазерлік дискілер

Ішкі жад

ЖЖҚ

ТЖҚ

монитор

тәрте (джойстик)

2.2.3.Тапсырма.

Құрылғылардың жүйелік блокта орналасу сәйкестігін белгіле, Жүйелік блоктың құрамына кіретін құрылғылар оқулықта толық қарастырылған.

Көпке есте қалу үшін, мұғалімнің түсіндіруімен немесе оқулықтағы парағрафты оқумен қатар кестені толтыру ұсынылады.


Құрылғылар

Орналасуы

Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде

Жүйелік блоктың ішінде

Жүйелік блоктың артқы панелінде

Монитор порты

Қатқыл диск

Компьютердің қосу/өшіру батырмасы

Аналық тақша

Микрофонмен колонкаларға арналған кірістер

Бейнетақша

Дискіжетек

Процессор

Электрмен қоректендіргіш бауы

CD-ROM

Модем мен сканерге арналған порттар

Дыбыс тақшасы

Компьютерді қайта жүктеу батырмасы

Принтер порты

Құлып

Маус пен пернетақта порттары

Жедел жады

Желілік тақша порттары


ПРОЦЕССОР

Процессор - компьютердің негізгі микросхемасы, ол ЭЕМ миы. Онда ақпаратты өңдеу мен барлық құрылғылардың бірлесіп істейтін жұмысын басқару жүргізіледі. Орындайтын функцияларына сәйкес процессор екі бөліктен тұрады: БҚ - басқару құрылғысы және АЛҚ арифметикалы-логикалық құрылғы.

Процессор

Басқару

құрылғысы

Арифметикалы-логикалық құрылғы

Барлық құрылғылардың бірлесіп істейтін жұмысын басқарады

Ақпаратты

өңдеу

Құрылысы бойынша процессор жедел жадтың ұяшықтарына ұқсас ұяшықтардан тұрады, бірақ бұл ұяшықтарда деректер тек сақталып қана қоймай, өзгертіледі де. Процессордың ішкі ұяшықтары регистр деп аталады.

2.2.4Тапсырма(Ү). Процессор үшін ДҰРЫС тұжырымдарды боя.

Тапсырманы тақырыпты талқылау барысында немесе тақырыптың меңгеруін тексеру үшін бекіту ұсынылады. Дұрыс тұжырымдар кестеде белгіленген.

Бұл компьютердің ең басты бөлігі

Бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі

Бұл компьютердің «Миы»

Компьютердің барлық жұмысын басқарады

Деректер мен бағдарламаларды көп уақыт сақтайды.

Бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды және таниды

Бір құрылғыдан басқа құрылғыға деректер беру қызметін атқарады

Жадпен бірге жұмыс істейді

Компьютердің кез-келген әрекетіне қатысады

Аналық тақшада орналасқан

Компьютерге контролер арқылы қосылады

Көптеген сымдардан тұрады

Ол басты микросхема

Шапшаң әрекеттілігімен сипатталады

Бақылау сұрағы: Ең көп тараған процессордың түрі қалай аталады?

Жауабы: ПЕНТИУМ.

Жедел жад

Жедел жад (RAM-Random Access Memory) бұл деректерді сақтауға қабілетті кристалды ұяшық сілем. Жадтың әрбір ұяшығының өзінің адресі болады. Бұл адррестелетін ұяшықтың 8 екілік ұяшығы бар, онда 8 бит, яғни 1 байт деректер сақтауға болады.

Типтік компьютерде қанша жедел жад болуы керек туралы тұжырымдар үздіксіз өзгеріп отырады. 80-жылдардың ортасында 1Мбайт жадтың өрісі өте зор болып саналса, 90-шы жылдардың басында 4 Мбайт көлем, 90-жылдардың ортасында 8 тіпті 16Мбайт көлімі жеткілікті болып саналды. Бүгінгі таңда типтік деп көлемі 32-64 Мбайт ЖЖқ саналады, бірақ өте жақын уақытта бұл көлем әуелі жалпылай қолданылатын модельдерде де 2-4 есе өседі.

Жедел жад компьютерде модульдер деп аталатын стандартты тақталарда орналасады. Жедел жадтың модульдерін аналық тақшадағы сәйкес ажыратпаларға қондырады.

Жедел жадтың модульдерінің негізгі сипаттамалары жад көлемі (4, 8, 16, 32 Мбайт) және қатынау уақыты (әдетте 50-70- наносекунд - секундтың миллиардтық үлесі).

ТЖҚ микросхемасы мен BIOS жүйесі

Компьютерді қосқан кезеңде оның жедел жадында ештеңе - деректер де, бағдарламалар да болмайды, өйткені жедел жад ұяшықтарды секундтың жүзден бір үлесінен артық уақыт зарядтаусыз ештеңе сақтай алмайды, Бірақ процессорға әуелі алғашқы қосу кезеңінен кейін командалар керек. Сондықтан қосқаннан кейін бірден процессордың адрестік шинасында бастау адресі шығады. Бұл ешқандай бағдарламалардың қатысуынсыз әрқашан бірдей ақпаратты түрде өтеді. Процессор қойылған адрес бойынша өзінің бірінші командасына қатысады да, бағдарламамен жұмыс істеуді бастайды. Ал алғашқы адрес жедел жадқа нұсқай алмайды, өйткені онда әзірше ештеңе жоқ, ол жадытың басқа түрі - тұрақты жадтайтын құрылғыға (ТЖҚ-ға) нұсқайды. ТЖҚ микросхемасы әуелі компьтер өшіп тұрғанда да ақпаратты ұзақ уақыт есінде сақтай алады. ТЖҚ-да орналасқан бағдарламаларды «қорғаушы» деп аталады - оларды онда дайындау кезеңінде жазады.

ТЖҚ-ға кіретін бағдарламалар комплексті енгізу-шығару базалық жүйесін (BIOS-Basic Innput Output System) құрады. Бұл пакеттің бағдарламалардың негізгі міндеті - компьютерлік жүйенің жұмысқа қабілеттілігін тексеру және пернетақтамен, монитормен, дискілермен өзара байланысын қамтамасыз ету.

Сынып жұмысы:

2.2.2.Тапсырма.

Сызбаға компьютердің негізгі құрылғыларын жаз.

Тапсырма мұғалімнің түсіндіруімен және параграфты оқумен қоса орындалады.

V. Жаңа тақырыпты бекіту

2.2.1, 2.2.2, 2.2.3.- тапсырмаларды орындау

Үй жұмысы :

Дербес компьютер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы. Компьютердің арналуы.

Мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік блок. Компьютердің ішкі құрылғылары.

2.2.4, 2.2.5 - тапсырма

Сабақты бағалау :

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау және мадақтау





© 2010-2022