11 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________20 ж ___________________

Пән аты: Информатика

Класы: 11«А»

Жаратылыстану- математикалық бағыт

І.Сабақтың тақырыбы: Кестелермен жұмыс істеу. Кестелер.

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ

ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.

VIIІ.Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта FrontPage редакторының қосымша мүмкіндіктері деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

Жаңа сабақ

Кесте - сайт құрағанда қолданылатын ең қуатты инструменттердің бірі. Кестелер басында құрылымдандырылған деректерді көрсету үшін қолданылады. Бірақ біртіндеп олар Web-беттерді құрастырудың қуатты әмбебап құралына айналды. Кестелер бетті онда элементтер орналасатын жеке аймақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Нtml кестелері ұяшықтарының төңірегіндегі жақтаулар көрінуі де, көрінбеуі де мүмкін. Егер кесте бетті құрастыру үшін қолданылатын болса, әрине , көрінбейтін шекараны қолданған жөн, бірақ кейбір кездерде, егер әр түрлі үяшықтар үшін әр түрлі құюлар қолданылса, қызық нәтижелер алынады.

Кесте жолдар мен ұяшықтар бағандарынан тұрады, оларда мәтін суреттер кірістірілген кестелер болуы мүмкін. Ұяшық (СеІІ) - кілтті элемент, олардың жиынынан кесте тұрады. Ұяшық әрқашан тікбұрыш пішінінде болады,онда мәтін немесе суреттер болуы мүмкін. Кестенің әр ұяшығы шекаралар орнатады, онда қойылған деректер оларға қатысты тураланады. Егер материалды орналастыру үшін кесте ұяшығының көлемі жеткіліксіз болса, оның көлемін FrontPage автоматты түрде үлкейтеді. Ұяшықтарды бөліктерге бөлуге болады, олар да ұяшық деп аталады. Бірнеше көршілес ұяшықтарды біріктіруге де болады.

Кестенің жолы (Row) бір көлденең деңгейде орналасқан ұяшықтар жиынынан тұрады. Өз кезегінде, кестенің бағаны (Column) - бір тік деңгейдегі ұяшықтар жиыны. FrontPage жеке ұяшықтар үшін де, жолдар, бағандар, ерекгеленген ұяшықтар тобы үшін де, немесе тұтас кесте үшін де әртүрлі атрибуттар белгілеуге мүмкіндік береді. Мұндай атрибуттарға төмендегілер жатады:

  1. ұяшық шекарасы

  2. жиек стилі

  3. ұяшықтың құюяның түсі

Бағандардың тақырыптары дербес объкт емес, бұл тек кесте дизайнының элементі, оны безендіру стилі кәдімгі ұяшықтардың стилінен өзгеше болады. Кестенің жоғарғы жолының ұяшығына біріктірілген мәтін оның тақырыбы бола алады. Жұмысты жеңілдету үшін FrontPage әр кестеге маркерлердің әмбебап жиынын қосады.

Сонымен біз қажетті құрылымдағы кестені жасадық. Енді оларды мәліметтермен толтырып көрейік. Кестелердің ең тамаша ерекшеліктерінің бірі - енгізілген мәтін ұяшықтың ішінде тура біз бүкіл құжаттың шегінде пішімдеп дағдыланғандай пішімделеді. Ұяшыққа енгізілген мәтін, егер оның ұзындығы бағанының енінен артық болса, автоматты түрде жаңа жолға ауысады.

Үйге тапсырма

Кестелермен жұмыс істеу. Кестелер.

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

ХІ. Бағалау.


© 2010-2022