Компьютердің логикалық негіздері тақырыбына өздік жұмыс

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:

23.10.2015

Сыныбы

8-сынып

Пәні

Информатика

Сабақтың тақырыбы

Өздік жұмыс

Сілтеме

Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. «ЖОО-да интербелсенді оқыту әдістемелері» А.Әлімов

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдерін бағалау.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері

  • Жеке және топпен жұмыс жасауда пікір алысуға, бір-бірінен үйренуге жетелейді.

  • Өз пікірін дәлелдейді тұжырым жасап, басқалардың ойымен санасады.

Оқыту нәтижесі

Оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдері тексеріледі.

Негізгі идея

Өз түсініктерінің негізінде әрекет ету , салыстырмалы түрде жұмыс өткізу.

Сабақтың көрнекілігі

Информатика практикумы

Бағалау

Өзін-өзі бағалау.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І .Ұйымдастыру кезеңі ( 3 минут)

Сыныпқа ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында шаттық шеңбер құрып бір-бірлеріне тілек тілейді.

Оқушыларды ұсақ заттар арқылы 2 топқа бөлу

Шаттық шеңберге тұрып, тілек тілейді. Оқушыларұсақ заттар арқылы 2 топқа бөлінеді.

І бөлім «Ой қозғау»

Үй жұмыстарын тексеру

(6 минут)

Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру.

ІІ бөлім «Ой түю» Жаңа тақырыпты хабарлап мақсатын түсіндіру.

Тыңдайды, ұғынады, салыстырады, ой түйеді.

ІІІ бөлім «Ой қорыту»

Топ болып ақылдасады, бірін бірі тыңдайды.шешімге келеді жауап береді.

8. Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-

әрекеті

Бағалау

Уақыт

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру

Оқушылар тестқа жауап береді

Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады

6 мин

Білу

Түсіну

Сабағымызды бастамас бұрын мына сұрақтарға жауап берейік?

  1. Пікір дегеніміз не?

  2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер?

  3. Тепе-тең ақиқат пікір қандай пікір?

Сұрақтарға жауап береді

Мадақтау

5 мин

Қолдану

Бүгін сабақта логикалық есептерді кесте құру арқылы шешу тәсілдерін қарастырамыз.

1-есеп:

Мектеп бітіру кешінде Нағима қызыл көйлек киді. Розаның киген көйлегі қара да, көк те, көгілдір де емес. Зәуренің екі көйлегі бар: қара және көк. Айгүлдің ақ та, көк те көйлегі бар. Баянның барлық аталған түсті көйлектері бар. Егер қоштасу кешіне қыздардың әрқайсысы әр түсті көйлек киіп келген болса, қайсысының қандай көйлек киіп келгенін анықтаңдар.

Алдымен мынадай кесте құрып аламыз:

Шешуі: Нағима қызыл көйлек киді, қызыл түске +, ал қалған түстерге - қоямыз. Басқа қыздар үшін қызыл түске - қоямыз. Роза үшін қара, көк, көгілдір түстерге - қоямыз. Зәуре үшін қызыл, көгілдір, ақ түстерге - қоямыз. Сонымен Роза ақ көйлек киді, ақ түске + қоямыз (басқа бағандарда - болады). Айгүлдің ақ көйлек пен көк көйлектен басқа көйлегі жоқ, ал ақ түсті көйлек Розада. Демек, Айгүл көк көйлек киеді: көк түске + қоямыз. Олай болса, Баянға көгілдір түс қана қалды.

қызыл

қара

Көк

Көгілдір

Ақ

Нағима

+

-

-

-

-

Роза

-

-

-

-

+

Зәуре

-

+

-

-

-

Айгүл

-

-

+

-

-

Баян

-

-

-

+

-

Алынған кестеден көгілдір көйлекті тек Баян ғана киетіні көрініп тұр, олай болса Зәуре қара көйлек киген.

Логикалық есепті жеке орындайды.

Бағалау критерийлері арқылы бағалау

10 мин

Сергіту сәті


Аудиожазбаны тыңдай отырып, айтылған әрекеттерді жасайсыздар.

2 мин

Талдау

1-есеп: (Мамандық анықтау). Уильямс мырза, Барнет мырза және Эдварс мырза Баскет-стритте жиһаздалған бөлмелерде тұрады. Олардың бірі -наубайханашы, екншісі - такси жүргізуші, үшіншісі - өрт сөндіруші. Олардың әрқайсысының мамандығын анықтаңдар. Бірнеше дерек: Уильямс мырза және Барнет мырза әр кеште шахмат ойнайды. Барнет мырза мен Эдварс мырза бейсболға бірге барады. Такси жүргізуші металл ақша, өрт сөндіруші - қалайы солдаттарды, ал наубайханашы - марка жинайды. Эдварс мырза ешқашан пошталық штемпельдері туралы естемеген. Такси жүргізуші ешқашан бейсболға бармаған.

Есепті жеке орындайды

Бағалау критерийлері арқылы бағалау

9 мин

Жинақтау


  1. Мына айтылымдардың терістеуін құрыңдар:

А) «Бір құлағы ақ, екінші құлағы қара ит болады»

В) «Иттердің есте сақтау қабілеті нашар»

С) «Әрбір есептің шешуі бар»

Д) «Біз киноға барамыз»

Е) «Кейбір адамдар логиканы зерттейді»

Оқушылар топпен орындайды

Бас бармақпен бағалау

6 мин

Бағалау

Ынталандыру белгілері арқылы, бағалау парағы бойыншатоп басшылары жиналған ұпайларын есептеп суммативті бағасын шығару.

ББҮ кестесін толтырады.

3 мин

Үйге тапсырма

Компьютердің логикалық негіздерін қайталау.

1 мин





© 2010-2022