Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары.Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары.Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары.Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары.Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары.Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары.Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары.Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары.Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары.Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары.Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары.Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары.

Сабақтың тақырыбы: Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына

жаттығу жұмыстары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Циклдық операторлық командаларын программада дұрыс

қолданылуын үйрету.

Дамыту: Оқушылардың логикалық ой-өрісін дамыту, компьютерлік

сауаттылығын, сабаққа қызығушылығын, тапқырлығын,

біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жылдамдылыққа, шыдамдылыққа,

компьютерді өз мақсатында дұрыс қолдану мәдениетіне

тәрбиелеу.

Болжамдап отырған нәтиже: Лекцияда өтілген тақырыптарды толық меңгеріп, оларды есепте дұрыс қолдана білуі керек.

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Компьютермен жұмыс, тест, сұрақ-жауап, ойын, ДТ.

Көрнекі құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, бағалау кестесі.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

  1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабактың тақырыбын айту.

  2. Сабақтың барысымен таныстыру.

Үйге берілген тапсырманы тексеру:

Тақтада сызылған блок-схема бөліктерге бөлінеді. Әр бөлікке сұрақ жазылады. Сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, тиісті орынға қойылады. Әр оқушы бір-бір сұраққа жауап береді.

Есеп. Төменде п! факториалын есептейтін блок-схеманы құрастыру керек.

Бұл есеп үш түрлі циклмен есептелген.

While..do

Repeat..until

For..do

Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары.

басы

Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары.


n

f:=1;



I:=1, n

f:=f*i:

f

соңы

Блок-схеманы құрастыру үшін төмендегі сұрақтарға жауап беру керек.

1. Сұрақ: Алгоритм құрылымына қарай қаншага бөлінеді?

Жауап: Алгоритм құрылымына қарай үшке бөлінеді: сызықтық, тармақтық, циклдық болып.

2. Сұрақ: Цикл дегеніміз не?

Жауап: Қайталау (цикл) операторлары белгілі бір операторларды немесе операторлар тобын бірнеше рет орындау мүмкіндігін ұйымдастыруға қолданылады.

3. Сұрақ: Циклдіц денесі деп нені айтамыз?

Жауап: Қайталанатын операторлар тобы циклдің денесін құрайды.

4. Сұрақ: Қайталау параметрі деген не?

Жауап: Қайталау санын көрсететін, әр кайталау сайын 1-ге артып отыратын натурал типті шама.

5. Сұрақ: Шарт деген не?

Жауап: Жауабы «иә» немесе «жоқ» болатын ұйғарым

6. Сұрақ: Серия деген не?

Жауап: Паскаль опреторларының тізбегі.

7. Сұрақ: While..Do циклініц программада жазылуын көрсетіңіз?

Жауап: while шарт

begin серия/операторлар;

end;

8. Сұрақ: Repeat..Until циклінің блок-схемасын көрсетіңіз.
Жауап: repeat

Циклдық алгоритмді программалау тақырыбына жаттығу жұмыстары.

9. Сұрақ: 6! факториалы неге тең?
Жауап: 720-ға.

10. Сұрақ: For-Downto операторыныц программада жазылуын көрсет:
Жауап: Ғог <параметр>:=<соңғы мән> downto <алғашқы мән> do

begin

серия ;

end;

Қорытындылау. Жалпы қысқаша цикл туралы айту, бағалау кестесін толтыру.

III. Есептер шығару.

Компьютермен, тақтамен және дәптермен жұмыс (есептер шығару). Жоғарыда берілген блок-схемалардың кез-келгеніне программа құрып, нәтижесін компьютерде көрсету.

Программа мәтіні:

program faktorial;

var n, i, f: integer;

begin

readln (n);

f:=1; і:=1;

while і<=n do

begin

f:=f*і; і:=і+1;

end;

write ('f=',f);

end.

program faktorial;

var n, i, f: integer;

begin

readln (n);

f:=1; і:=1;

repeat

f:=f*і; і:=і+1;

until i>n;

write ('f=',f);

end.

program faktorial;

var n, i, f: integer;

begin

readln (n);

f:=1;

for i:=1 to n do

begin

f:=f*і;

write ('f=',f);

end.

Қорытындылау.

IV. Көзге жаттығу жасату.

Оқушылар ортаға шығып бір оқушының айтуымен жаттығу жасайды.

V. Өзіндік жұмыс (деңгейлік тапсырмалар).

1-деңгей. Тестпен жұмыс.

Тест сұрақтары

1. Паскальда бағдарлама қандай кызметші сөзбен басталады ?

1) begin 2) var 3) program*

2. Өрнектің мәнін табыңыз: х=3 болған жағдайда sqr(sqr(х))=...

1) 9 2) 81* 3) 27

3. Бөлінді қалдығын табу үшін қандай функция қолданылады?

1) div 2) mod* 3) abs

4. Паскаль бағдарламасында айнымалыларды сипаттау бөлігі қандай қызметші
сөзбен басталады?

1) Begin 2) Var* 3) Program

5. Турбо Паскаль бағдарламасында циклдың қанша түрі бар?

1) 1 2) 2 3) 3*

2-деңгей. Берілген есептің блок-схемасын құру.

Ежелгі ұзындық салмақ өлшемдерін қазіргі өлшемдерге ауыстыратын блок-схема құрыңдар. (цикл санаушының мәні 1-ден 10-ға дейін өзгереді):

I нұсқа. Фунтты киллограмға (1 фунт = 0,40951 кг)

II нұсқа

Аршынды метрге (1 аршын = 0,7112 м)

3-деңгей. 2-деңгейде берілген есептің программасын кұрып, нәтижесін компьютерде көрсету.

Қорытындылау.

VI. Қорытындылау, бағалау.

VII. Үйге тапсырма.




© 2010-2022