Ашык сабак практикалык информатика

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы.
Сабақтың мақсаты:
1.Графикалық редактормен жұмыс істеуді ,сурет салуды,түзу сызықпен, тіктөртбұрыштармен дөңгеленген тіктөртбұрыштар салу, қисық сызықтар,көпбұрыштар, эллипс, шеңберлер салуды үйрету.

2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, құрал-саймандарды пайдалана отырып, әр-түрлі суреттер мен бейнелерді салуға ынтасын арттырып, дағдысын қалыптастыру.
Түрі: Практикалық .
Әдіс-тәсілі: Топтық, жеке жұмыстар, сұрақ-жауап,
Көрнекілігі: компьютер, интербелсенді тақта, жұмбақтар, суреттер
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, бейнелеу өнері.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу;

Құрал жабдықтарын тексеру.

ІІ.Өткен сабақты пысықтау.Слайд1

1.Ақпарат дегеніміз не?

Ақпарат-сақтау,түрлендіру,жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

2.Пернетақта дегеніміз не?

Пернетақта-компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы.

3.Компьютердің құрылымы:

Олар:монитор,жүйелік блок,пернетақта.

ІІІ.Жаңа сабақ.Слайд2

Paint(ағылшынша сурет,сурет салу)-бұл бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

«Paint графикалық редакторы.». Мақсат айту.

Слайд.3

Paint бағдарламасын іске қосу.

Paint-ты Пуск Программы Стандартные Графический редактор Paint арқылы жүктеуге болады.

Слайд.4

Графикалық редактордың мүмкіндіктерімен танысу.

Графикалық редактордың мүмкіндіктері:сурет салуға,суретті түрлендіруге,суретке мәтін енгізуге,суретті көшіруге.

.Слайд.5

Графикалық редактордың элементтерін атау.

Құрал-саймандар,палитра,тақырып жолы,меню қатары,сырғытпа,жай-күй алаңы.

Слайд.6

Графикалық редактордың құралдары:

Құрал-саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және онда мынандай құрал-саймандар бар:

- суреттің ерікті аймағын белгілеу;

- суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу;

- суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш;

- тұйық контурды құю;

- суреттен түс таңдау;

- экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб;

- жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш;

- ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть (қылқалам);

- түрлі түсті нүктелерді салуға ранлған бүріккіш;

- мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу (әріптердің пішіні мәтін атрибуттарының тақтасының көмегімен өзгертіледі, ол меню арқылы шақырылады);

- түзу сызықтарды салуға арналған сызық;

- қисық сызықтарды салуға арналған қисық (алдымен түзу сызық саламыз, содан кейін екі рет сызық қисықтығын береміз, бұл маустың сол жақ батырмасын басып жылжыту арқылы орындалады);

- тікбұрыш, көпбұрыш эәне эллипс - қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін құрал-саймандар, фигура дұрыс салынуы үшін (шаршы, шеңбер) .

Слайд.7

І тапсырма. Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып, үйшіктің суретін салыңыз.

ІІ тапсырма. Жұмбақтың шешуін тауып, суретін салыңыз.

Жаңбыр жауса нөсерлеп,

Әрі-сәрі болмаймын.

Алып жүрсең қолыңа,

Су болудан қорғаймын қолшатыр

Қақаған қыста,

Өседі тыста.

Өзгертпей өңін,

Сақтауға ұста шырша

Күндіз кірер «інге»,

Жұрт қалады білмей.

Шығады тек түнде,

Болам дейді күндей. ай

Көктем сайын жайқалып,

Жаңбыр суын ішемін.

Күз болғанда сарғайып,

Қурап-қурап түсемін. жапырақ

Сергіту сәті

Слайд.8

ІІІ тапсырма. Еңбек құралдары мен ыдыстарды екі топқа бөліп жинақтаңыз.

Слайд.9

Ребус шешу

Слайд.10

-Оқушылар қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі

-Дұрыс айтасыңдар,олай болса балалар палитра түстерін қолданып анамызға арнап сурет салайық.

«Анамызға сыйлық » атты тақырыпта сурет салу.

Слайд.11 Қорытындылау.

  • Paint сөзі қандай мағынаны білдіреді?

  • Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз?

  • Графикалық редактордың элементтерін атаңдар?

  • Графикалық редактордың мүмкіндіктері

Слайд.12

Бағалау.

Үйге тапсырма:

Құралдардың атқаратын қызметін жаттау



© 2010-2022