Мәтін. Мәтіндік блоктар 7 сынып

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мәтін.Мәтіндік блоктар 7 сынып

«№3 Қарабалық орта мектебі»ММ













Тақырыбы: Мәтін, мәтіндік блоктар құру

7 «А» сынып

Өткізген күні:22.02.2014 жыл

Информатика пәні мұғалімі: Базылбекова С.М





Қарабалық кенті 2013 - 2014 оқу жылы

Күні: 22.02.2014ж

Пән: Информатика

Сынып: 7 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Мәтін, мәтіндік блоктар құру.

Сабақтың мақсаты:

1.Біліктілігі: Оқушыларды мәтін,мәтіндік блоктар құрумен таныстыру.Мәтін

туралы білімдерін қалыптастыру.

2. Тәрбиелік: Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

3. Дамушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, компьютер,

практикум

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру (1 мин)

1.1 Оқушылармен амандасу.

1.2 Сабақта болмаған оқушыларды түгендеу

1.3 Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

1.4 Үй тапсырмасын тексеру (5 мин)

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (10 мин)

ІІІ. Компьютерде жұмыс (20 мин)

IV. Қорытындылау (6 мин)

V. Бағалау (2 мин)

VI. Үй тапсырмасы (1 мин)

Үй тапсрымасын тексеру:

  • Компьютерлік графика дегеніміз не?

  • Компьютерлік графика неше түрге бөлінеді?

  • Іскерлік графика деген не?

  • Компьютерлік анимация дегеніміз не?

  • Қазіргі кезде компьютерлік графиканың неше түрі қолданылады?

Жаңа тақырып:

Мәтін (текст; text) - 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы

түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3) бастапқы программаның

жазбасы. Объектілік немесе жүктемеленетін модульдің бөлігі.

Мәтін - бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән - мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің

қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді

түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол Мәтіннің қалай құрылғанын,

оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтінді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде)

мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. В. Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады.

Компьютермен жұмыс

А деңгейі

Іле мен Қаратал

(аңыз)

Сиқыршы Балқаштың Іле атты сұлу қызы болыпты.Оның даңқы сайын даланы шарлапты.Сандаған күйеу балалар - байлар мен хандар сөз салса керек. Бірақ

олардың бәрі қызға өзінің сұлулығына сай емес болып көрініпті.

Сондықтан Балқаш бозбалалар үшін сайыс ұйымдастыруды ұйғарыпты.

  • Кім ең ақылды, епті және күшті болса, сол Ілені жар етіп алады! - деп жариялапты сиқыршы.

  1. Мәтінді теріңдер.

  2. Мәтіннің атын қисайған және асты сызылған әріппен ерекшелеңдер.

  3. Мәтінді «Менің жұмысым» деген атаумен сақтаңдар

В деңгейі

Кодтау

Ақпарат алмасқанда ақпарат шығу көзінен байланыс арнасы арқылы қабылдағышқа жөнелтіледі.Мұнымен байланысты бұл үдерістің 3 қатысушысын бөліп қарастыруға болады: ақпарат көзі (жіберуші жақ), байланыс қабылдағыш (қабылдаушы жақ), байланыс арнасы(ақпарат тасушы құралдар жиыны)

  1. Мәтінді теріңдер.

  2. Мәтіннің атын жуан көк түсті әріппен ерекшелеңдер.

  3. Мәтіннің негізгі бөлігінде әріптің мөлшері - 12 шрифт

  4. Мәтінді «Кодтау» деген атпен сақтаңдар.

С деңгейі

Кодтау

Ақпарат алмасқанда ақпарат шығу көзінен байланыс арнасы арқылы қабылдағышқа жөнелтіледі.Мұнымен байланысты бұл үдерістің 3 қатысушысын бөліп қарастыруға болады: ақпарат көзі (жіберуші жақ), байланыс қабылдағыш (қабылдаушы жақ), байланыс арнасы(ақпарат тасушы құралдар жиыны)

  1. В деңгейінің тапсырмаларын орыңдар

  2. Мәтіннің атауын жолдың ортасына орналастырыңдар

  3. Мәтінді түрлі түсті етіп жазыңдар.

Жеке тапсырма: Боранбай Мейіржан (Тест)

ІV. Қорытындылау. Мәтін, мәтіндік блоктар құруды қайталап, оларға түсінік беру.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Мәтін, мәтіндіу блоктар құру тақырыпты оқу. Реферат жасау



Мәтін.Мәтіндік блоктар 7 сыныпМәтін.Мәтіндік блоктар 7 сынып


Мәтін.Мәтіндік блоктар 7 сыныпМәтін.Мәтіндік блоктар 7 сынып

© 2010-2022