Конспект на тему Әліппемен қоштасу (1 класс)

Раздел Информатика
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанай облысы Арқалық қаласы. Абай Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін №6 орта мектеп.

Бастауыш сынып мұғалімі Есжанова Анар Кошкинбаева


"Әліппемен қоштасу"


Мақсаты.Балалардың алған білімдерін "Әліппемен қоштасу" кешінде бекіту.

Көрнекілігі: шар

1.Ұйымдастыру.

Мұғалім:

Бүгін үлкен салтанат,

Өткен оқу,сан сабақ.

Оқулықпен достаспақ,

Әліппемен қоштаспақ.

Әріптерді таныған,

Өңкей білгіш балдырған.

Өсті бүгін бойларың,

Құтты болсын тойларың,-деп бүгінгі мерекелік кешімізге қатысушы оқушыларды ортаға шақырайық.

Карина:

Біздің сынып тамаша,

Көз тоймайды қараса

14 қызбен 13 ұлды,

Күнде түгел санаса,

Сабақтан ешкім қалмайды,

Нашар баға алмайды.

Болашағы елімнің,

Ірге тасын қалайды.

Хор: Атамекен.

Мұғалім:Міне осыдан 4 ай бұрын қоңыр күзде ,қоңырау үнімен алғашқы білім сабағына енген 1- сынып бүлдіршіндері бүгін бір асудан асуда.мереке баршаға құтты болсын. Тоғжандай сұлу қызымызды ертегілер әнімен ортаға шақырайық.

Аңсар: Бала деген шіркін -ай балдай екең!

Тәттілігі жаяменен жалдайды екен!

Арып-ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен!-деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішентай бүлдіршіңдеріміздің бал тіліне құлақ салайық.

Карина:

Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы .

Жас балаға нұр шашқан,

Қандай кітап тіл ашқан.

Хормен:Әліппе.

Аңсар: Барлық ғылым анасы сүйікті әліппенің арқасында саутты адам қатарына қосылдық.Олай болса,қымбат әліппені ортаға шақырайық.

Карина: Олай болса әліппенің құрметіне Айымды «Әліппе» әнімен шақырайық.

Әліппе:

Армыздар білім қуған жас достар

Армысыздар,ата-аналар

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Менің атым әліппе

Мені анаңдай аяла

Мені оқып ер жеткен

Ағаң сенің әпкең де.

Мұғалім:

Ал, балалар,Әліппе жайлы не білесәңдер.Қане ортаға салайық.

1.Әліппе оқулығын ең алғаш жазып беріп кеткен кім?

2.Әліппе оқулығынан қанша әріп үйреніп,жаздыңдар№

3.Қанша дауысты дыбыс бар.

4.Қанша дауыссыз дыбыс бар?

Карина:Әліппе жайлы қандай тақпақ білесіңдер?

Данияр

Ерхан

Әділжан

Мансұр

Ернұр

Қарақат

Шынғысхан

Әлихан

Жандәулет

Сабина

Бексұлтан

Мұғалім:Ал,балалар мен сендерге сұрақ қоямын кім жауабын айтады.

-Жерден не ауыр?

-Оттан не ыстық?

-Судан не акуыр?

-Көктен не биік?

Карина:Біздің сынып оқу мен қатар тәрбиелік іс -шарағада қатысып отырады Абай оқуларынан Ақбота бірінші орынға ие болды.Олай болса сөз кезегін Ақботаға береміз.

Аңсар:

Армыздар,аналар,

Бармысыздар,балалар,

Сөзіме құлақ салыңыздар,

Бір серпіліп қалыңыздар.

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр,әніміз!

Енді ортаға "Менің атым әліппе"әнімен Динаны ортаға шақырамыз.

Аңсар:Сонымен қатар спорттық сайыстарда 1-ші орынға ие болдық.спорт денсаулық кепілі демекші ортаға спорт биімен қыздарымызды шақырамыз.

Мұғалім:Балалар біз әліппемен қатар математика оқулығын да оқыдық,математикадан білімізді ортаға салайық.

Көлден ұшты 7 қаз,

Қайтып қонды 2 қаз.

Қонбады енді нешеуі,

Қане,кім шешеді(5)

Аңсар:

«Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасыт.

«Әліппе» сырын ұқтырған,

Рахмет,ұстаз алғашқы.

Енді ұстазымыздың құрметіне «Жарқын жүзді ұстазым» әнімен Даниярды қарсы алайық.

Аңсар:Ақпыз,қара сарымыз ағайынды бәріміз демекші әр ұлттың биін билеген еркетай қыздарымызды шақырамыз.

Аңсар:"Әліппе біздің білім есігін ашқан алғашқы оқулығымыз болса,"Ана тілі" сөз сырын

ұқтыратын сырласымыз.Енді балалар бүгін әліппемен қоштасып ана тілін қарсы алайық.

Енді ана тілінің құрметіне Гүлназды индия биімен ортаға шақырамыз.

Карина:Біз енді әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағына сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.

Әліппе:Рахмет,мені таза ұстадыңдар,ризамын сендерге.Енді сендерді,4 жыл бірге болатын

"Ана тілімен" таныстырам.

Анатілі:Сәлеметсіздерме,балалар,армыздар,әліппе.

Әліппе:Тіл дегенің көп дейді,

Білсең есің кетпейді.

Бірақ,бірақ бар тілде,

Өз тіліңе жетпейді-демекші,өзіміздің ана тілімізді құрметтейік.Ал енді мен кетейін.

Ана тілі,мына бүлдіршіндер саған аманат.Менен алған білімді осы Ана тілімен жалғастырыңдар.Қош,менің кішкентай шәкірттерім.

Ана тілі:Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер,әңгімелер арнайымын,тек сендер ынта қойып,мені таза ұстап,ұқыпты

оқысаңдар көп нәрсені үйрнесіңдер.

Аңсар: Спорт денсаулық кепілі демекші ортаға спорт биімен қыздарымызды шақырамыз.

Мұғалім:Ендігі кезекті мектеп басшысы Кабыл Жунусулына сөз береміз.

Мұғалім:

Алайық келер сәтті ойға түйіп,

Қалар бір шапағаты көпке тиіп,

Қол жайып періштенің пейіліне

Бәріміз бір ауыздан "Әумин" дейік.

Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар,

Ырым етіп сондықтан,ертеңгілік соңында Ақ тілікпен баршаға шашу шашпақ аналар.

© 2010-2022