Конспект по информатике на тему Алгороитмы

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

Программада шартты тексеру.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімді қалыптастыру: Оқушыларға BASIC программалау тілінде программада шартты тексеруды үйрету, IF, THEN, ELSE операторылары жайлы түсінік айту,операторларды қолданып программа құруды үйрету.

  2. Тәрбиелік: еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсінуге, адамгершілік, патриоттық, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдауға, үлкенге сый - кішіге жол көрсетуге тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: жеке тұлғаны, танымдық қызығушылықты, еріктілікті, жалпы қабілеттілікті, сезімді дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, видеопроектор, дидактикалық материалдар,

суреттер.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. READ операторының қызметі қандай?

2. DATA операторының қызметі қандай?

3. Берілгенді программадан оқу үшін қандай әрекеттер орындау қажет?

4. QBasic тілінде PRINT және INPUT операторларының қызметі қандай?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Программада шартты тексеру.


Конспект по информатике на тему Алгороитмы

Осы алгоритмнің программасы төмендегідей:

1 INPUT A

2 IF A>0 THEN PRINT «А-оң сан» ELSE PRINT «А-теріс сан»

3 END

Программада қолданылған IF шартты өту операторы деп аталады. Оның толық жазылу пішіні

IF шарт THEN амал 1 ELSE амал 2

амал 1 жазуының орнына шарттың дұрыс жағдайындағы орындалатын оператор жазылады, ал амал 2 жазуының орнына шарттың қате жағдайында орындалатын оператор жазылады.

Шартты өту операторының құрамындағы IF, THEN, ELSE жасанды тілдің егер, онда, әйтпесе қызметші сөздеріне сәйкес келеді.

Жасанды тілде берілген алгоритмнің программасын құру:

Алг Есептеу

арг Х

нәт Y

басы

егер X>5 oнда y=2*X әйтпесе y=X/2

бітті

соңы

1 INPUT X

2 IF X>5 THEN Y=2*X ELSE Y=X/2

3 PRINT Y

4 END

ІV. Сабақты пысықтау.

Берілген тапсырмаларға программа жазу:

Сызба алгоритмнің программасын құр

Конспект по информатике на тему Алгороитмы Конспект по информатике на тему Алгороитмы

V. Сабақты қорытындылау.

1. IF, THEN, ELSE операторларының қызметі.

2. Сызба алгоритмге программа құру.

3. Жасанды тілде берілген алгоритмге программа құру.

VI. Үйге тапсырма.

Тақырыпты оқу, түсінік жазу. Тақырып бойынша берілген 6, 7,8 тапсырмаларды орындау.

VIІ. Оқушыларды бағалау.


© 2010-2022