25-сабақ. HTML негіздері

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

25- сабақ. HTML негіздері

Сабақтың мақсаты:

  • web- парақ құрылымы туралы және мәтінді белгілеу қағидасы жайлы түсінік алу

  • Web- құжаттар (HTML пішіміндегі) құруды үйрену және қарапайым пішімдеуді жүзеге асыру.

Оқушылар білуі тиіс: тег,атрибуттар ұғымдарын, web парақ кодының құрылымын,мәтінді қарапайым пішімдеу,бетті бейнелегендегі браузердің жұмыс істеу қағидаларын.

Оқушылар үйренуі тиіс: HTML мүмкіндіктерін пайдаланып қарапайым web парақтар құруды,бетті қарапайым пішімдеуді орындауды, web парақты браузерде қарауды және кодты қарап шығу терезесін шақыруды.

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

II Сабақтың мақсат міндеттерін қою

Оқушылардан сайттарды құрудың арнайы редакторлары мен құрастырушылары барына қарамастан,бізге неліктен HTML редакторы туралы түсінігіміз болуы және HTML кодын жаза алуымыз,оны түзете білуіміз керек екені жайлы өз ойларын білдіруді сұрап,талқылаңыз.

III Жаңа тақырыпты түсіндіру

Тақырыпты оқу барысында оқушылардың назарын негізгі ерекшеліктеріне аударған жөн.

Егер құжаттың кеңейтілуі «дұрыс», яғни html болса,онда ол тиісті пиктограммаға (үнсіз келісім бойынша браузерге сәйкес,мысалы, IE ) ие болады және браузерде ашылады.Кеңейтілуін өзгерту үшін буманың қасиеттерін өзгерту керек Бумалар параметрлерін және Түрді іздеуді Реттеу (Упорядочить Параметры папок и поиска Вид), Тіркелген файл түрлері үшін кеңейтілуін жасыру (Скрывать расширения для зарегистрированных типов файлов) жалаушасын алып тастау керек.

5-сурет. Буманың қасиеттері сұхбаттық терезесі

Браузерлерде ашық беттердің бастапқы HTML кодтарын ашып қарау бұйрықтары әртүрлі болуы мүмкін.Бұл ыңғайлы және өз парақтарыңды әртүрлі браузерлерде тестілеген жөн.Бірақ алғашқы кезде шатаспау үшін бір браузерді пайдалану туралы келісіп алу керек.

Оқулықта барлық тегтердің атаулары кіші әріптермен,ал атрибуттардың атаулары үлкен әріптермен жазылған. Бұл кодты оқуды ыңғайлы ету үшін жасалған.Сондай ақ кодпен жұмыс істегенде шегіністер мен интервалдардың, пікірлердің (оқуды жеңілдетеді)бар екендігіне оқушылардың назар аударуы керек.

Web парақ құрылымы бар файлдың шаблонын сақтауға (мысалы, shablon.html атауымен) болады,оны келесі тақырыптарды оқығанда уақытты үнемдеу үшін қолдана аламыз.

Мысалдар жазылған барлық файлдар site бумасында сақталады, ал қорытынды жоба үшін жеке бума құру керек.

Оқушыларға параграф мәтініндегі тәжірибелік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беріңіз,туындаған сұрақтарды сыныппен талқылаңыз.

IV Тәжірибелік жұмыс

Барлық үш деңгейдің тапсырмаларын тізбектеп орындауға болады. Жұмыстың соңында нәтижелерді қарап шығып, туындаған қиындықтарды талқылау керек.

V Қорытындылау

Қолдағы бар техникалық мүмкіндіктерге қарай білімнің ағымдағы бақылауын келесідей етіп ұйымдастыруға болады

Тапсырмаларды орындауды ұсыну (интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланыңыз).

§25 Бойынша тест сұрақтарына жауап беру.

§25 Соңында берілетін «Өзіңді тексер» бөлімінің тест кілттері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

C

A

A

A

C

A

E

A

B

2. Параграфтың бақылау сұрақтарына жауап беруді ұсыныңыз.

VII Үй тапсырмасы

§25 Мәтінін оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру,барлық деңгейдегі тәжірибелік жұмысты бітіру.

Өз жобасымен жұмыс жасауды жалғастыру.



© 2010-2022