Информатика пәні WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика пәні WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс

Ашық сабақ:

WordPad құжатына суреттерді кірістіру

WordPad бағдарламасынан шығу

Информатика пәні WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс

Информатика пәні WordPad мәтіндік редакторымен жұмысДайындаған: Информатика пәнінің

мұғалімі Қ. Қожаниязова

Күні: 28.01.2014 жыл

Сыныбы: 7

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: WordPad құжатына суреттерді кірістіру

WordPad бағдарламасынан шығу

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға WordPad құжатына суретті кірістіруді және

WordPad бағдарламасынан шығу туралы түсінік беру.

А) Білімділік мақсаты:

WordPad құжатына суретті кірістіру туралы толық

мағұлмат беру. WordPad бағдарламасынан шығуды үйрету.

Редактордың құрал - саймандарын дұрыс пайдалана білу

және командаларды орындай алу қызметін меңгерту.

Б) Тәрбиелік мақсаты:

Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және

уақытты үнемдеуге дағдыландыру.Оқушыларды

адамгершілікке, ұқыптылыққа, компьютерде дұрыс

отыра білуге тәрбиелеу

В) Дамытушылық мақсаты: Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау

арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.

Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, тесттер, жауап

парағы

Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер:

а) Суретпен жұмыс

б) Галереянды шарлау

в) Еске түсіру стратегиясы.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а) Оқушылармен амандасу.

б) Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

а) Тест жұмысы (жауап парағына белгілеп, өздері бағалайды),

б) Ребус шеш.

ІІІ. Жаңа сабақ

WordPad құжатына дайын суреттерді немесе Paint графикалық редакторында немесе басқа графикалық қолданбаларда жасалған суреттерді кірістіруге болады.

Графикалық обьектіні кірістіру үшін келесі әрекеттер орындалады.

  1. Paint графикалық редакторында сурет салу қажет.

  2. Немесе суреттер кітапханасынан алу қажет.

Информатика пәні WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс

  1. Paint графикалық редакторындағы суретті қиып алу немесе көшірмесін алу керек.

Түзету (Правка ) менюінен Көшіру (Копировать) немесе Қию (Вырезать) командаларының бірін таңдау қажет.

Информатика пәні WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс

4. Суретті кірістіретін мәтінді ашып, меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Түзету - Кірістіру (Вставить) батырмасын шерту қажет.

Информатика пәні WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс

5. Сурет құжат ішіне орналасады.

Информатика пәні WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс

WordPad құжатынан шығу үшін терезені жап (закрыть окно) батырмасын шертіп немесе Файл - шығу (Выход) командасын орындау қажет. Егер құжат сақталмаса, онда экранда Сохранить изменения в файле? деген сұрату терезесі пайда болады.

Информатика пәні WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс

ІҮ. Компьютермен жұмыс

  1. Суретпен жұмыс

Оқушылар Аналар мерекесіне орай құттықтау хатын жазып, сурет кірістіреді.

  1. Галереянды шарлау

Оқушылар бірі - бірінің салған суреттерін аралап қарап, баға береді.

Ү. Сергіту сәті:

Көз жаттығуларын жасау.

Информатика пәні WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс

ҮІ. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту мақсатында төмендегі тапсырмаларды орындаймыз:

Информатика пәні WordPad мәтіндік редакторымен жұмысИнформатика пәні WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс

ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру:WordPad құжатына суреттерді кірістіру

WordPad бағдарламасынан шығу

© 2010-2022