Хатшы референт мамандығы бойынша Информатика пәнінен тест тапсырмалары

Раздел Информатика
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Начало формы

Конец формы

1 - нұсқа

1. Ақпарат көздеріне нелер жатады?
А) органолегтикалық, визуалдық, дыбыстық, тактильді.
Ә) бұқаралық, арнайы, жеке
Б) механизмдер, технологиялық процесстер, ғылыми эксперименттер, табиғат объектілері
2. Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі не?
А) Бит
Ә) Байт
Б) 8 бит
3. Дыбыстық ақпарат қалай беріледі?
А) көрінетін бейнелер мен символдар арқылы
Ә) қабылдайтын иістер мен дәмдер арқылы
Б) дыбыстар арқылы
4. Компьютердің негізгі құрылғыларын көрсет.
А) шиналар, аналық тақша, жедел жад
Ә) монитор, пернетақта, тышқан, жүйелік блок
Б) енгізу және шығару құрылғылары
5. Компьютердің «миы» деген қай құрылғы?
А) жедел жад
Ә) монитор
Б) процессор
6. Монитордың қандай түрлері бар?
А) электронды - сәулелік, сұйық кристалды
Ә) лазерлік, сымсыз, механикалық
Б) лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш
7. Монитор қандай құрылғы?
А) компьютердің толықтай жұмысын басқарады.
Ә) ақпаратты уақытша сақтайды.
Б) мәтіндік және графикалық ақпаратты экранға шығарады.
8. Функционал пернелер қандай қызмет атқарады?
А) күрделі операцияларды тез орындайды.
Ә) экранда меңзерді басқарады.
Б) сандарды, әріптерді, тыныс белгілерді енгізеді.
9. Программалық жабдықтамалардың қандай түрлері бар?
А) арнайы және әмбебап
Ә) операциялық жүйе, драйвер
Б) жүйелік, қолданбалы программалар және программалау жүйелері
10. Драйвер қандай программа?
А) компьютерге қосылатын құрылғылармен бірге орнатылатын программалар
Ә) мәліметтерді өңдеудің нақты есептерін шешуге арналған
Б) пайдаланушылардың үлкен тобы үшін қажет программалар.

11) Информатика ғылымы -
А) техникалық тасымалдаушыға ақпараттарды орналастыру
В) мәліметтерді таңдау
С) ЭЕМ - нің көмегімен ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау және беру заңдылықтары
D) оқу процесінде компьютерді пайдалануды айтамыз
Е) компьютерден алынған ақпараттар ағымы

12) Стример -...
А) Басылған мәтіндік және гарфиктік мәліметтерді компьютерге енгізуге арналған құрылғы сызбаларды қағазға басуға арналған
В) Винчестердегі мәліметтерді жоғалтпай жазып алу үшін көшіруге арналған құрылғы.
С) жеке компьютерлерді бір - бірімен телефондық желі арқылы байланыстыратын құрылғы
D) сызбаларды қағазға басуға арналған
Е) Дұрыс жауап жоқ
13) Модем..
А) Басылған мәтіндік және графиктік мәліметтерді компьютерге енгізуге арналған құрылғы
В) сызбаларды қағазға басуға арналған
С) Винчестердегі мәліметтерді жоғалтпай жазып алу үшін көшіруге арналған құрылғы.
D) жеке компьютерлерді бір - бірімен телефондық желі арқылы байланыстыратын құрылғы
Е) Дұрыс жауап жоқ
14) 14. 1 Мбайт неге тең?
А) 1000 байт
Б) 1024 Кбайт
В) 1024 Мбайт
15) Ақпараттық процестер - бұл ...
А) Ақпаратты жинау, сақтау
Б) Ақпаратты жинау, түрлендіру, беру, қабылдау, сақтау, жеткізу.
В) Ақпаратты беру және сақтау
16) Адам қабылдайтын ақпарат түрлері:
А) жүйелік, қолданбалы
Б) бейнелі және таңбалы
В) жасанды және табиғи
17) Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу -бұл ....
А) модульдеу
Б) объектілеу
В) кодтау
18) . ЭЕМ-нің даму кезеңін көрсет
А) 4 кезеңнен
B) 5 кезеңнен
C) 6 кезеңнен
D) 3 кезеңнен
19) Ақпарат тасымалдауыштар
А) дискеталар мен оптикалық дискілер жатады
B) CD дискілер жатады
C) Иілгіш дискетелар жатады
D) дискеталар, flash-тасысалдауыш және оптикалық дискілер қолданылады
20) Бит дегеніміз:
А) 0 мен 0-ді қабыладй алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігі
B) 1 мен 1-ді ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігі
C) 0 мен 1 мәнінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігі
D) 0 мен 2 -нің бірін қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігі
21) Компьютердің жады түрлері:
А) Тұрақты жад, жедел жад, оперативті есте сақтау жады
B) Кэш жад, жедел жад, оперативті есте сақтау жады
C) Тұрақты жад, жедел, жад, кэш жад.
D) жедел жад, кэш жад, сыртқы жад.
22) Курсордың сол жағындағы символдарды өшiру пернесi?
A) Del
B) BackSpace
C) Insert
D) CapsLock
23) Меңзер дегеніміз не?
А) компьютердің миы
Ә) микросхемалар жиынтығы
Б) экранда жыпылықтап тұратын символ
24) Компьютерге информацияны енгiзу қүрылғысы:
А) принтер, монитор, процессор
B) пернетақта, сканер
C) колонка, монитор, пернетақта
D) тышқан, процессор, сканер
25) Информация сақталатын сыртқы қүрылғы:
А) дискета, қатты диск
B) қатты диск, винчестер
C) дискета, CD-ROM, flash-тасымалдауыш
D) компакт дискілер



2 - нұсқа
1. Қауіпсіздік техникасының ережелері қандай пункттерге бөлінеді?
А) механизмдер, технологиялық процестер, ғылыми эксперименттер, табиғат объектілері.
Ә) жалпы, ДК - мен жұмыс алдындағы, апаттық жағдайлардағы, жұмыс соңындағы талаптар мен ережелер
Б) шаршағанда және көз талғанда жасалатын жаттығулар.
2. Органолептикалық ақпарат қалай беріледі?
А) дәмдер мен иістер арқылы
Ә) түйсіну арқылы
Б) дыбыстар арқылы
3. Ақпаратты уақытша сақтайтын құрылғы -
А) жедел жад
Ә) тұрақты жад
Б) сыртқы жад
4. Пернетақта қандай құрылғы?
А) ақпаратты шығару құрылғысы
Ә) ақпаратты енгізу құрылғысы
Б) микропроцессорлық кешен
5. Аналық тақшадан қандай құрылғылар орналасқан?
А) процессор, шина, жедел жад, тұрақты жад, микропроцессорлық кешен
Ә) жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан
Б) тышқан, принтер, сканер, микрофон
6. Тышқанның қандай түрлері бар?
А) электронды - сәулелік, сұйық кристалды
Ә) лазерлік, механикалық, сымсыз
Б) сия бүріккіш, лазерлік, матрицалық
7. Меңзер дегеніміз не?
А) компьютердің миы
Ә) микросхемалар жиынтығы
Б) экранда жыпылықтап тұратын символ
8. Қазіргі пернетақталарда неше перне бар?
А) 101 немесе 100
Ә) 101 немесе 103
Б) 101 немесе 105
9. Қолданбалы программалардың қандай түрлері бар?
А) арнайы және әмбебап
Ә) терезелік, командалық
Б) операциялық жүйелер, драйвер
10. Интерфейс деген не?
А) компьютер мен адам арасындағы қарым - қатынас тәсілі
Ә) жүйелік программалардың негізгісі
Б) программалау тілдері мен арнайы программалар.

11) «Қоғамды информатикаландыру» дегеніміз не?
А) жеке адамның саласын қалыптастыру әдісі
В) әрбір қазақстандықтардың жоғары білім алуына нақтылы кепілдік беру;
С) ғылыми техниканың жетістіктерінің күнделікті құрылымына ауқымды енуінің нәтижесі
D) Білім алушыларға кәсіптік білім алуға төлеу үшін берілетін нысаналы кредит;
E) оқушылардың психологиялық, физиологиялық даму ерекшеліктері;
12) Сканер дегеніміз....
А) Басылған мәтіндік және графиктік мәліметтерді компьютерге енгізуге арналған құрылғы
В) сызбаларды қағазға басуға арналған
С) Винчестердегі мәліметтерді жоғалтпай жазып алу үшін көшіруге арналған құрылғы.
D) жеке компьютерлерді бір - бірімен телефондық желі арқылы байланыстыратын құрылғы
Е) Енгізу - шығару құрылғысы

13) Жүйелік дискет (системная дискета) не үшін қажет?
А) файлды жүйелеу
В) операциялық жүйені алғашқы жүктеу
С) компьютерді вирустан «емдеу»
D) мәліметтер базасын өңдеу
Е) ақпараттарды өңдеп, сақтау үшін
14) 1 Кбайт неге тең?
А) 1024 байт
Б) 1024 Кбайт
В) 1024 Мбайт
15) Ақпарат термині латын тілінің «informatio» сөзінен аударылғанда қандай ұғымды білдіреді?
А) баяндау, түсіндіру, мәлімет
Б) есептеу, мәлімдеу
В) орындау, өңдеу
16) Ағылшын тіліндегі екілік таңба қалай аталады?
А) байт
Б) Кбайт
В) бит

17) 8 биттен тұратын код
А) Кбайт
Б) байт
В) Гбайт
В) екілік кодтау
18) 1 Гбайт неге тең?
А) 1000 байт
Б) 1024 Кбайт
В) 1024 Мбайт
19) Ақпарат ұғымы.
А) түрлі нысандар, құбылыстар мен процестер және т.б. жөніндегі мағлұматтар ақпарат делінеді.
B) суреттер мен фотобейнелер ақпарат делінеді.
C) интернет жүйесін пайдаланатын комплексті ұғым.
D) техникалық құралдардың ұғымын білдіреді
20) Ақпарат қасиеттері.
А) дәлдік, толықтылық, түсініктілік
B) дәлдік, толықтылық, бағалылық, түсініктілік
C) толықтылық, бағалылық, түсініктілік
D) дәлдік, толықтылық, бағалылық, қасиеттілік
21) ЭЕМ-нің архитектурасын көрсет.
А) Енгізу құрылғысы, сыртқы есте сақтау құрылғысы, оперативті есте сақтау құрылғысы, шығару құрылғысы
B) Енгізу құрылғысы, оперативті есте сақтау құрылғысы, баспаға шығару құрылғысы
C) Енгізу құрылғысы, сыртқы есте сақтау құрылғысы, шығару құрылғысы
D) шығару құрылғысы, енгізу құрылғысы, есте сақтау құрылғысы.
22) 1 Байт дегеніміз:
А) 6 биттен тұрады
B) 5 биттен тұрады
C) 8 биттен тұрады
D) 2 биттен тұрады
23) Курсордың оң жағындағы символдарды өшiру пернесi?
A) Del
B) BackSpace
C) Insert
D) CapsLock
24) Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
А) сканер, принтер, модем, колонка
B) процессор, принтер, модем, тышқан.
C) процессор, монитор, пернетақта, тышқан
D) монитор, принтер, пернетақта, джойстик.
25. Монитор - бұл:
А) мәліметтерді экранға шығаруға арналған құрылғы
B) мәліметтерді қағазға шығаруға арналған құрылғы.
C) мәліметтерді оқуға арналған құрылғы.
D) мәліметтерді тасымалдауға арналған құрылғы.

© 2010-2022