7 сынып Сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән аты: Информатика Сынып: 7 А,Ә

Сабақтың тақырыбы: Компьютерде модельдерді зерттеу .

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру, модель түрлерімен, модельдеу кезеңдерімен таныстыру. Статистикалық және динамикалық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларға модельдер және модельдеу туралы түсінік бере отырып ой - өрістерін, білім - білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Өткен материалды қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау сұрақтары

* Ауқымды желі дегеніміз не?

* Брандмауэрлер дегеніміз не?

* Интернетке қандай анықтама беруге болады.

* ТСР/ІР хаттамасы қандай қызмет атқарады.

* Провайдер дегенімз не?

* Серверлер деп қандай компьютерді айтады?

* Электрондық плшта дегеніміз не?

* Электронды поштаның кәдімгі поштадан қандай айырмашылығы бар?

* Телеконференциялар дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?

* Броузерлер дегеніміз не? Олардың атқаратын қызметі?

* E - mail адресі қандай элементтерден тұрады?

* Қандай пошталық программалар бар?

Жаңа сабақты түсіндіру

Модель дегеніміз - нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықщам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

Модельдеу - объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың (макетін) құру.

Әрбір адамның күнделікті іс - әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның санасында алдын ала оның орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу т.б. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс - әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.

Модель - көрнекті түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақыттта біздің ойымызда бейнеленетін прототип болғанға дейін жасалады.

Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.

Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз.Мұндағы мақсатымыз - басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сәулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты - үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіпқайта жаңарту болып табылады.

Модель түрлері

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынандай топтарға жіктейді:

1. Қолданылу аймағы

2. Модельде уақыт факторын ескеру

3. Білім саласына қарай топтау

4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау

Қолданылу аймағына қарай модельдеу келесі түрде жіктеледі.

1. Оқу

2: Тәжірибелік

3. Ғылыми - техникалық

4. Ойын

5. Имитациялық

Оқу моделі - көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.

Тәжірибелік модель - жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда оюъектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер - объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады.

Ғылыми - техникалық модельдер - процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады.

Ойын моделдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.

Имитациялық модель - шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады.

Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.

Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді:бастауыш сыныптағылардың сүт тісі, орта және жоғарғы буындағы оқушылардың емделген, емделуге тиісті тістерінің саны т.б.

Динамикалық модель - уақыт барысындағы объектінің қасиеттерін өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар.

Үй салу кезінде оның іргетасының қабырғалары мен тіреулерінің үнемі түсіп тұратын күшке шыдамдылығын тексеру керек. Бұл - үйдің статистикалық моделі. Сондай - ақ дауылға, жер сілкінісіне т.б. уақыт факторларына байланысты болатын өзгерістерді де ескеру қажет. Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып анықтауға болады.

Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.

Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмеіндік береді.

Ақпараттық модель дегеніміз - объектіні, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.

Таңбалық және вербальдық ақпараттық модельдер

Вербальдық модель дегеніміз - ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.

Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.

Көрсету түріне қарай ақпараттық моделді мынадай топтарға жіктеуге болады:

Геометриялық модель - графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.

Ауызша модель - иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.

Математикалық модель-объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.

Құрылымдық модельдер - схема, графиктер мен кестелер т.б.

Логикалық модель - ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс - әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

Арнайы модельдер - ноталар, химиялық формулалар.

IV. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Сабақты бекіту сұрақтары

* Модель дегеніміз не?

* Модельдің өмірдегі нақты объектіден немесе процестен қандай айырмашылығы бар?

* Модельдеу деген не?

* Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?

* Статистикалық модель мен динамикалық модельдің айырмашылықтары қандай?

* Материалдық модель дегеніміз не?

* Ақпараттық модель дегеніміз не?

* Вербальдық модель дегенімізне?

* Таңбалық модель дегеніміз не?

* Көрсету әдісіне қарай модель қандай топтарға жіктеледі?

* Компьютерлік модельдеу не үшін қажет?


  1. Үйге тапсырма

7.1 тапсырма

VI. Оқушыларды бағалау.



© 2010-2022