«Инфо-Бинго» интеллектуальдық ойыны информатика пәнінен

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп







«Инфо-Бинго» интеллектуальдық ойыны информатика пәнінен

«Инфо-Бинго» интеллектуальдық ойыны информатика пәнінен

Тақырыбы: «Инфо-Бинго» интеллектуальдық ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген информатика кабинеті, нақыл сөздер, презентация.

Типі: Ойынтүрінде

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Инфо-Бинго» ойынына қош келдіңіздер!

Құтқарып ауыр бейнеттен.

Техниканы үйреткен.

Роботтай - адамды

Тіл бітіріп сөйлеткен

Компьютер емей немене

Білмегенді білдірген

Өлшеп киім кигізген

Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген

Компьютер емей немене - дей келе бүгінгі сайысымызды бастаймыз. Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлеріміздің өнеріне әділ баға беретін әділ- қазыларалқасы мен таныс болайық.

1.................................

2....................................

3. ........................................

Бүгінгі кештің жоспарымен таныс болайық:

Жүргізуші: «Инфо- Бинго» интеллектуальдық ойынымыз 4 кезеңнен тұрады.

Ойынға қатысу үшін менің қойған сұрақтарыма қолдарыңыды көтеру арқылы дұрыс жауап беріп, инфо-Бинго ойынына қатысуға мүмкіндік ала аласыздар

  1. - кезең: «Білгір болсаң тауып көр» (Бұл кезеңде интерактивті тақтадағы цифрланған жетондарды тағдау арқылы, билеттің 1-ші блоктағы сұрақтарды дөңгелектеп белгілейсіңдер. Дұрыс болған жағдайда. Кім көп сұраққа жауап берсе сол осы турдың жеңімпазы. )

  2. - кезең: Мақал-мәтел (Бұл кезеңде интерактивті тақтадағы қазақ халқымыздың өзгертілген мақал-мәтелдері берілген, сендер мақал-мәтелді дұрыс қалпына келтіру керексіңдер қойылатын 2-ші блогтағы сұрақтың номерін анықтап береді, сол сұраққа дұрыс жауап берген ойыншымыз билеттегі цифрларды қоршайды, кім көп сұраққа жауап берсе сол осы турдың жеңімпазы.)

  3. "Кім жылдам" (Бұл кезеңде де интерактивті тақтадағы қобдишадан кездейсоқ жазылған әріпі бар жетондарды алу арқылы, сол әріптен басталатын информатикалық термин жазу арқылы 3-ші блогтағы сұрақтың номерін анықтай аласыңдар)

  4. «Кім тапқыр?» (Джекпот ақтық кезең. Бұл кезеңде де интерактивті тақтада информатика деген сөз беріледі, сол сөзден кім көп сөз шығарса , сол сайысымыздың жеңімпазы.)

Іріктеу.

  1. Ең бірінші программа құрған оқымысты........... (Ада Лавлейс).

  2. Алгоритм сөзі қай ғасырда кімнің есіміне байланысты пайда болған? (IXғасыр, Әл - Хорезми)

3. Программа неше бөліктен тұрады? (3 тақырыбы, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі.)

4. Программамен басқарылатын аналитикалық машинаны ойлап шығарған ағылшын ғалым.. (Чарльз Бэббидж).

5. АҚШ - тың IBM фирмасы қай жылдан бастап дербес компьютерлерді шығара бастады? (1980)

6.Деректерді уақытша сақтауға арналған құрылғы (Жедел Жады)

7. Операциялық жүйе дегеніміз не? (Бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама).

8.Электронды есептеуіш машинаның даму буындары нешеге бөлінеді? (4 буынға)

9.Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы (интернет)

10. Деректер бойынша шамамен жасы 2000 - 5000 жыл болатын құрал?(Есепшот).

11. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль).

12. Алғашқы қосу машинасын франуцз математигі Блез Паскаль қай жылы ойлап тапқан? (1642 жыл)

Инфо-бинго ойынын бастаймыз!

1-кезең: «Білгір болсаң тауып көр» (Бұл кезеңде интерактивті тақтадағы цифрланған жетондарды таңдау арқылы, билеттің 1-ші блоктағы сұрақтарды дөңгелектеп белгілейсіңдер. Дұрыс болған жағдайда. Кім көп сұраққа жауап берсе сол осы турдың жеңімпазы. )


  1. Алғашкы есептеу құрылғысы? Саусақтар

  2. Операциялық жүйе дегеніміз не? Басқарушы және қолданбалы программа

  3. Екілік санның әрбір разряды? Бит

  4. Компьютердің атасы? Чарльз Бэббидж

  5. Интерфейс. Компьютер мен адам арасындағы байланыс.

  6. Ақпараттың неше түрі бар? Мәтіндік ,символдық,графикалық

  7. Компьютердің негізгі құрылғылары?монитор,жүйелік блок, тышқан

  8. Бір символдың орнын көрсетіп тұратын тік сызық? Курсор

2-кезең: мәтел (Бұл кезеңде интерактивті тақтадағы қазақ халқымыздың өзгертілген мақал-мәтелдері берілген, сендер мақал-мәтелді дұрыс қалпына келтіру керексіңдер қойылатын 2-ші блогтағы сұрақтың номерін анықтап береді, сол сұраққа дұрыс жауап берген ойыншымыз билеттегі цифрларды қоршайды, кім көп сұраққа жауап берсе сол осы турдың жеңімпазы.)

1 мақал: Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жауабы: жігітті досына қарап, бағала)
2 мақал: Вирустан қорыққан, Интернеткке шықпас (Жауабы: шегірткеден қорыққан, егін екпес)
3 мақал: Веб-дизайыншының өз еркі, сайтты қалай жасаса да (Жауабы: қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса да)
4 мақал: Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Жауабы: білмесең, білгеннен сұра)
5 мақал: Антивирусы күштіні-вирус ала алмайды (Жаубы: досы күштіні-жау алмайды)
6 мақал: Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Жауабы: күлсен кәріге күл)

3-кезең: "Кім жылдам" деп аталады. (Бұл кезеңде де интерактивті тақтадағы қобдишадан кездейсоқ жазылған әріпі бар жетондарды алу арқылы, сол әріптен басталатын информатикалық термин жазу арқылы 3-ші блогтағы сұрақтың номерін анықтай аласыңдар).

"М" "Д" «Б», «Ж» әрпінен басталатын информатика терминін жазу.

4 -кезең. Кім тапқыр?. (Джекпот ақтық кезең. Бұл кезеңде де интерактивті тақтада информатика деген сөз беріледі, сол сөзден кім көп сөз шығарса , сол сайысымыздың жеңімпазы.) Информатика

Жүргізуші: Әділқазы алқасынан сайыстың қорытындысын қорытындысын шығарғанша. 6 а сынып оқушысы Мажитова Аделия орындауында тамаша ән қабыл алыңыздар. Кеш аяқталып, ойынғабелсенеқатысқаноқушылармарапатталады. Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Осымен біздің сайысымыз аяқталды.Қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар!

2

8

1

6

2

4

6

1

6

10

5


«Инфо-Бинго» интеллектуальдық ойыны информатика пәнінен

7

3

4

8

3

1

5

4

6

3

4


«Инфо-Бинго» интеллектуальдық ойыны информатика пәнінен







© 2010-2022