Сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару, меншіктеу операторы

Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Д .Баймахан 7 « А » сыныбында өткізген сабақ жоспары

Күні : 22. 02 . 2016ж

Сабақтың тақырыбы:. Сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару, меншіктеу операторы.

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Оқушыларға операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері, бумалар, белгішелер, файлдар туралы түсінік беру

Ә) дамытушылық:

Оқушыларға ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, салыстыру және талдау жасауға үйрету

Б) тәрбиелік:

Сабақ барысында оқушыларды салауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Сабақтың типі:

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі:

аралас

Сабақтың әдістері:

түсіндірмелі , сұрақ - жауап

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Оқулық

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының дайындығын

тексеру

-амандасу;

-кезекшілік міндеттерін

атқару;

-сабаққа

дайындалу;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Программалық қамтамасыз ету және сипаттамасы

ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады.

ІV. Жаңа материалды түсіндіру

А) жаңа ұғымға байланысты жұмыс

«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы Алгоритм құрылымыАлгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға - сызықтық тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.

1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуы - сызықтық алгоритм деп аталады.

Мысалы: алг үй тапсырмасын орындау

басы

күнделікті алу, тиісті бетін ашу,

үй тапсырмасын анықтау

үй тапсырмасын орындау

күнделікті орнына қою

соңы :Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.

Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді. Алгоритмдік тіл деп - орындалатын әрекеттерді, амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерімен пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады. Алгоритмдік тіл бір жағынан табиғи тілге жақын, сондықтан оны қарапайым мәтін түрінде жазады және оқиды. Алгоритмдік тіл - математикалық белгілер сандар, шамалар мен функция атаулары, арифметикалық белгілері, жақша және басқа да символдармен қатар белгілі бір қызмет атқаратын терминдер қамтиды. Алгоритмдік тілде мәтін құруға пайдаланылатын қарапайым белгілер - тілдің символдары деп, ал ондай символдар жиынын - оның алфавиті деп атайды.Алгоритмдерді жәні алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды. Паскаль, Си, Дельфи, Бейсик, Фортран тәрізді программалау тілдері - ағылшын тіліндегі кейбір сөздерді алгоритм құруда кеңінен пайдаланады. Ол сөздердің саны онша көп емес, оларды түйінді сөздер деп атайды. Әр компьютердің өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілі немесе кодтар тілі деп аталады. Алгоритмдік тілде және программалау тілінде программа жазу - ыңғайлы болып табылады. Оларды белгілі бір машинада орындау үшін сол программалау тілін машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш программалар болуы керек, оларды транслятор деп атайды. Трансляторлар үш түрге бөлінеді: интерпретатор, компилятор және ассемблер.

V.Жаңа білімді бекіту

Схемалардын суреттерін салу.

  • Алгоритм дегеніміз не?

  • Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата?

VІ. Үйге тапсырма.

Зерттеп келу.

VІІ.Бағалау

Оқушылардың белсене қатысуын қадағалау және бағалау.








© 2010-2022