Информатикадан ойын тақырып Бақыты сәт

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатикадан ойын тақырып Бақыты сәтИнформатикадан ойын тақырып Бақыты сәтАқтөбе орта мектебі

Информатикадан ойын тақырып Бақыты сәт











Пән мұғалімі: Анаев Нурлан Нурадинович









Ақтөбе ауылы

2015ж

Сабақтың тақырыбы: Бақыты сәт
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ
Сабақтың типі: қалыптан тыс
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:
- Интерактивті тақта (ойын презентациясын көрсетуге арналады).
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 5 оқушыдан болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады. Сайысушы топтар үстелдің екі шетінде орналасады.

Мұғалім:
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Информатика» әлеміне аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.
Біздің саяхатымыз информатиканы үйренушілерге, информатиканы үйретушілерге, информатиканы сүйетіндерге және де информатиканы әлі де білмейтіндерге арналады.
Сайысымызға 6-11 сыныптарынан құралған үш топ «Информатика пәнінің алғырлары» сайысуға келіп отыр. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз оқушыларының жыл басынан өткен білімдерімен байланысты. Себебі, оқушының жыл бойы алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Өздеріңіз көріп отырғандай әр тобымыз 3 оқушыдан құралған және оның ішінде бірі топ капитаны. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады, - деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын ей достар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық.
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топтардың бәрін халайық,
Қол соғып қарсы алайық.

Сайысымызды бастамас бұрын жеребе тастау арқылы топтарымыздың атын анықтап алайық. Ол үшін топ капитандарын ортаға шақырамыз. Олар тақтадағы берілген сандарда жасырылған топтарының атын алады.
Бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Әділ қазылар алқасының төрайымы:


Мүшелері:
1.
2.
3.
Сайыс шарты мен өтуі:
Сайыс 7 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру кезеңі
2. Сәттілік кезең.
3. Шешімін тап!
4. Байқағыштығыңды байқат!
5. Ғажайып алаң.
6. Информатика терминдері.
7. Жанкүйерлер сайысы.

Енді сайысымызды бастайсыз.
1 - кезең. "таныстыру кезеңі"
2 - кезең. "Сәттілік кезеңі" Бұл кезеңде әр топқа 15 сұрақ және 2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз орнында, берілген қағаздағы сұрақ тұсына өз жауаптарын жазады. Кез келген топ мүшесі уақыт біткеннен кейін сұрақтарды жауаптарымен оқиды. Әр сұрақтың бағалануы - 5 ұпай.

«Интернет» тобының сұрақтары:
№ Сұрақтар Жауаптар
1 1 байт неше биттен тұрады? 8
2 Ақпараттық процестер? сақтау, алмасу, өңдеу
3 Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне терезені жабады. alt="Информатикадан ойын тақырып Бақыты сәт"+F4
4 Компьютердің ең негізгі құрылғылары? жүйелік блок, пернетақта, монитор
5 Ақпаратты кері кодтау қалай аталады? декодтау
6 Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі Caps Lock
7 Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы принтер
8 Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды 1946 жылы АҚШ - тың Пенсильван университетінде
9 Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель шина
10 Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу кодтау
11 Жыпылықтап тұратын тік сызықша меңзер
12 Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс сигнал
13 Windows - тің негізгі экраны жұмыс үстелі
14 Алғашқы программист әйел Ада Августа Лавлейс
15 Деректерді сақтауға арналған құрылғы жады

«Ақпарат» тобының сұрақтары:
№ Сұрақтар Жауаптар
1 Экранның төменгі жағындағы жіңішке жолақ тапсырмалар тақтасы
2 Windows сөзінің қазақша аудармасы терезе
3 Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ терезе
4 Нақты бір файлды көрсететін арнайы белгішелер таңбашалар
5 Жою пернесі Delete
6 Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады корзина
7 Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне Delete
8 Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне жасаған әрекетті болдырмайды Ctrl+Z
9 Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? есептеу
10 Сурет салуға арналған бағдарлама Paint
11 Ауқымды желіге қосылу үшін қажет құрылғы модем
12 Басу құрылғыларының түрлері лазерлік, матрицалық, бүріккіш
13 Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы монитор
14 Компьютер жанына қойылатын өсімдік кактус
15 Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі операциялық жүйе

«Компьютер» тобының сұрақтары:
№ Сұрақтар Жауаптар
1 Монитор, жүйелік блок, пернетақта компьютердің қандай құрылғылары? негізгі
2 Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы дисплей немесе монитор
3 Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика
4 Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы компьютер
5 Екілік жүйенің сандары 0, 1
6 Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы интернет
7 Компьютердің ақпаратты уақытша сақтайтын құрылғысы оперативті жады
8 Логарифм сызғышын ойлар тапқан оқымысты Д. Робертсон
9 Алғашқы автоматты есептеуіш техниканың авторы Чарлз Бэббидж
10 Компьютердің "миы" процессор
11 Монитордың экранындағы түрлі түсті нүктелер пиксель
12 пернесі басқаша қалай аталады? енгізу пернесі
13 Қағаздағы кескінді компьютердің жадына енгізетін құрылғы сканер
14 Қазіргі кезде кең таралған операциялық жүйе Windows
15 Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас тәсілі интерфейс

3 - кезең. Шешімін тап!!! Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топтың капитаны ойынды бастайды. Топ капитандары ортаға шығып, жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа - 10 ұпай.

1 - топтың жұмбағы:
1) Батырманы басасың,
Қажетіңді ашасың.
(«Еnter» батырмасы)
2) Самолет А қаласынан Б қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минут ұшып өтті, ал қайтар жолда 80 - ақ минут ұшты. Бұл қалай?

2 - топтың жұмбағы:
1) Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
(Принтер)
2) Дәрігер ауру адамға 4 дәрі беріп: «әрқайсысынан әрбір жарты сағатта ішіп отырыңыз»,- деді. Дәрілерді ішіп бітіруге ауру адамның қанша сағат уақыты кетеді?
3 - топтың жұмбағы:
1) Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан
(Тасымалдаушы дискілер)
2) Математик кішкентай қалашыққа тоқтады да, шашын қырықтырмақшы болды. Қалада тек екі шаштараз бар. Бірінші шаштараздағы шебердің шашы онша жақсы қырқылмаған. Математик қай шеберге барады?
4 - кезең. Байқағыштығыңды байқат!!! Бұл кезеңде берілген суреттерден 10 айырмашылықты 2 минут ішінде табу қажет. Әр топтың айырмашылықтарды табуына байланысты қазылар алқасы баға береді. Ең жоғарғы баға - 10 ұпай.

5 - кезең. Ғажайып алаң. Бұл кезеңде үш топ тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Өздеріңіз көріп тұрғандай сұрақтар үш тақырып бойынша бөлінген. Бұл осы уақытқа дейін оқушыларымыздың танысқан тарауларының тақырыбы. Сұраққа жауап беруді ұпай саны жоғары топ бастайды. Сұраққа дұрыс жауап бермеген жағдайда өзге топтың мүшесі жауап беруге болады және ұпай сол топқа жазылады.

1. Ақпарат, компьютер тақырыбы бойынша сұрақтар:
№ Сұрақтар Жауаптар Ұпай саны
1 Ақпарат латынның қандай сөзінен шыққан? informatio 10
2 Табиғат көріністері және кескіндерді қабылдауды, дәм, иіс сезу алынатын ақпараттар қалай аталады? бейнелі ақпарат 20
3 Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесі не деп аталады? код 30
4 Екілік алфабит 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ағылшын тілінде екілік таңбаларды қалай атайды? binary digit 40

2. Windows операциялық жүйесі бойынша сұрақтар:
№ Сұрақтар Жауаптар Ұпай саны
1 Операциялық жүйе дегеніміз және оның түрлері қандай? ОЖ - компьютерді басқаруға, ақпаратты сақтауға, оған қосылған барлық құрылғылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған программалар жиыны. Түрлері: MS Dos, Windows 98, 2000, Vista, XP, NTб т. с. с 10
2 Басты меню қалай ашылады және қандай командалардан тұрады? Бас меню Іске қосу батырмасын басу арқылы ашылады. Бағдарламалар, Құжаттар, Баптау, Табу, Анықтама және көмек, Орындау, Компьютерді өшіру т. с. с. командалардан тұрады. 20
3 Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларын ата? Қатқыл диск (винчестер), Процессор, дискжетек, жедел жады, т. б. 30
4 Компьютерге қосылатын қосымша құрылғылармен бірге жабдықталатын программалар қалай аталады? Драйверлер 40

3. Paint графикалық редакторы бойынша сұрақтар:
№ Сұрақтар Жауаптар Ұпай саны
1 Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз? Пуск - Все программы - Стандартные - Paint 10
2 Әрекетті орындатпау үшін қандай команданы орындаймыз? Правка - Отменить 20
3 Paint бағдарламасында суретті сақтау үшін қандай команда орындалады? Файл - Сохранить как... 30
4 Paint бағдарламасында беттің масштабын қалай өзгертеміз? Вид - Масштаб -... 40

6 - кезең. Информатика терминдерін жазу.
Бастапқы кез - келген сөз беріледі, команда топ басшысы 3 минут аралығында бастапқы сөздің соңғы әрпіне басталатын информатика терминдерін жазады, көп жазған топ басшысы жеңіске жетеді.
Монитор - рамблер - робот - тышқан - ноутбук - компьютер - растр
Дискета - ақпарат - трафик - колонтитул - логика - алгоритм

7 - кезең. Жанкүйерлер сайысы. Бұл кезеңде көрерменнен бір оқушы ортаға шақырылады. Жанкүйердің екі қолына да бор беріледі. Тапсырма: сол қолмен үш үшбұрыш, ал оң қолымен шеңбер салу керек. Берілетін баға - 5 ұпай. Жанкүйер алған бағасын өзі қалаған топқа береді.
Экрандағы 4 сөз анаграмма түрінде берілген, қайсысы артық екенін тауып, себебін айтулары қажет.
ТЕРЧЕСВИН - ВИНЧЕСТЕР
ТАКЕДИС - ДИСКЕТА
АКТКОМКСИДП - КОМПАКТ ДИСК
СОРЕЦПРОС - ПРЦЕССОР

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін анықтау үшін, сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Сайысымыздың қорытындысы: оқушыларды бағалау. Сайыстың нәтижесі бойынша жеңген оқушылар марапатталады Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділ - қазылар алқасына береміз.
Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз команда оқушыларын құттықтаймыз!



© 2010-2022