Электронды кестедегі есептеулер

Электорондық кестедегі есептеу жұмыстарын іс жүзінде қолдану. Функциялар туралы мағлұмат беру. Функция шеберімен жұмыс істеу MS Excel  -дегі теңдік «=" белгісінен басталатынын символдар тізбегін формула деп атаймыз. Символдар тізбегі құрамына  тұрақты мәндер, ұяшыққа сілтемелер, атаулар, функциялар немесе операторлардың бірі немесе бірнешеуі қамтылуы мүмкін. Формула жұмысының нәтижесінде қандайда бір жаңа мән есептелініп шығады.Функция аргументі функция атауынан кейін дөңгелек жақшаға алынып жаз...  ФОРМУЛЫ – құралдар тақтасы арқылы функциялармен жұмыс істеуге болады
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Формуланы енгізу және көшіру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Электорндық кестедегі есептеу жұмыстарын іс жүзінде қолдануға машықтандыру

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау ж\е зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.

Көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютерлер.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

MS Excel -дегі теңдік «=» белгісінен басталатынын символдар тізбегін формула деп атаймыз. Символдар тізбегі құрамына тұрақты мәндер, ұяшыққа сілтемелер, атаулар, функциялар немесе операторлардың бірі немесе бірнешеуі қамтылуы мүмкін. Формула жұмысының нәтижесінде қандайда бір жаңа мән есептелініп шығады.

MS Excel-де функциялар жұмыс кітабындағы стандартты есептеулерді орындау үшін қолданылады.

Функцияны қолдану үшін оны жұмыс кітабының қажетті ұяшығына формуланың құрамды бөлігі түрінде енгізу керек.

Егер функция формуланың алғашқы бөлігінде қолданылатын болса, онда оның алдына міндетті түрде теңдік белгісі қойылады.

Функция аргументі функция атауынан кейін дөңгелек жақшаға алынып жазылады. Егер аргумент бірнешеу болса олар өзара нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылады.

ФОРМУЛЫ - құралдар тақтасы арқылы функциялармен жұмыс істеуге болады. Электронды кестедегі есептеулер




Функция менюіндегі Қою немесе Электронды кестедегі есептеулер батырмасының көмегімен Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін шақыру.

Электронды кестедегі есептеулер

Формулада +, -, /, *, ^ операцияларын және (,), % белгісін қолдануға болады.

Ms Excel -де 400-ден астам функциялар бар.

  1. Логикалық функциялар

Логикалық функциялар бір немесе бірнеше шарттардың орындалуын тексеру үшін қолданылады.

  • И

Егер аргументтің барлық мәндері АҚИҚАТ болса, онда нәтиже АҚИҚАТ мән қабылдайды, егер аргумент мәндерінің кемінде біреуі ЖАЛҒАН болса, онда нәтиже ЖАЛҒАН мәнін қабылдай.

И (АҚИҚАТ; АҚИҚАТ) нәтиже АҚИҚАТ

И (АҚИҚАТ; ЖАЛҒАН) нәтиже ЖАЛҒАН

  • ЕСЛИ

ЕСЛИ функциясы формуланы немесе мәндерді шартты түрде тексеру үшін қолданылады:

ЕСЛИ (логик_өрнек; ақиқат_болғандағы_мән; жалған _болғандағы _мән)

Логик_өрнек - шартты тексеру нәтижесінде АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН мән қабылдайтын кез келген өрнек немесе мән.

Ақиқат_болғандағы_мән- логикалық өрнектің мәні АҚИҚАТ болғанда қабылданатын мән

немесе орындалатын оператор

Жалған _болғандағы _мән- логикалық өрнектің мәні ЖАЛҒАН болғанда қабылданатын

мән немесе орындалатын оператор

  • ИЛИ

Берілген аргументтердің кемінде біреуі АҚИҚАТ мән қабылдаса АҚИҚАТ болады; аргументтердің барлығы ЖАЛҒАН мән қабылдаған жағдайда ғана ЖАЛҒАН болады.

ИЛИ (1 логикалық_өрнек; 2 логикалық_өрнек; ...)

  • НЕ

Аргументтің логикалық мәнін кері мәнге ауыстырады. НЕ функциясы көп жағдайда мәннің

қандайда бір нақты шамаға тең емес екенін анықтау мақсатында қолданылады.

НЕ (логикалық _ өрнек)

Логикалық өрнек ЖАЛҒАН мән қабылдаса, НЕ функциясы нәтижеде АҚИҚАТ мән береді,

керісінше АҚИҚАТ мән қабылдаса, онда НЕ функциясы нәтижеде ЖАЛҒАН мән береді.

  1. Статистикалық функциялар

Статистикалық функциялар берілген мәліметтер аймағында статистикалық талдаулар жасауға

мүмкіндік береді.

  • СРЗНАЧ

Өз аргументтерінің арифметикалық орташа мәнін есептейді.

СРЗНАЧ(1сан; 2сан ...)

  1. Математикалық функциялар

  • СУММ

Көрсетілген ұяшықтардағы сандық мәндердің немесе берілген сандардың қосындысын табады.

СУММ(1сан; 2 сан;...)

Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында Электронды кестедегі есептеулер белгісінің батырмасы қарастырылған. Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Автоқосынды (Автосумма) Электронды кестедегі есептеулер батырмасын шертіңіз.

Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияны енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді де орындайды.

Формулаларды көшіру. Көшіру кестеге бір типтес формулаларды енгізуді жеңілдетеді. Формулаларды көшіру батырмасында ұяшықтарға салыстырмалы жіберу автоматты түрде өзгереді.

Ұяшықтағы мәліметтерді көшіру үшін:

  • мәліметтері көшірілетін ұяшықты белгілеу;

  • Түзету (Правка) менюіндегі Көшіру (Копировать) командасын шақыру.

  • Мәлімет қойылатын ұяшықты белгілеу;

  • Түзету менюіндегі Вставить (Қою) командасын шақыру.

  • Буфердегі бөлік көрсетілген орынға көшіріледі.

Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру үшін:

  • мәліметтердің орны ауыстырылатын ұяшықты белгілеу;

  • Түзету менюіндегі Қиып алу (Вырезать) командасын шақыру.

  • Бөлік қойылатын ұяшықтың сол жақ жоғарғы аймағын белгілеу;

  • Түзету менюіндегі Қою командасын шақыру.

  • Буфердегі бөлік көрсетілген орынға қойылады.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Excel - дің қызметі қандай?

  2. Excel -дегі формула деп нені айтады?

  3. Функциялар не үшін қолданылады?

  4. Функциялардың түрлері

  5. «Функция шеберін» қалай іске қосамыз?

  6. Excel ұяшықтарындағы мәліметтердің орнын ауыстыру және оларды көшіру операциялары қалай ерекшеленеді?

Тапсырмалар

№1. Алдын ала берілген мәліметтер: фамилиясы, емтихандар базасы және өту балы т.б. Бағаналар қосындысы мен түскені туралы мәлімет формула көмегімен есептеледі.

1. Кестені мына үлгіде жаса:

A

B

C

D

E

F

1

Өтуге қажетті

ұпай:

13

2

Фамилия

Математика

Орыс тілі

Шет тілі

Қосындысы

Тіркелді

3














№2. Үлгі бойынша кетені құр.

у=x2-10x+15 функциясының графигін тұрғыз.

Электронды кестедегі есептеулер

№3. Microsoft Excel электрондық кестесін экранға жүкте

Кестені мына түрде жаса.



А

В

С

1

Доллар курсы

Теңгемен

2

Елдер

Доллар бағасымен

Теңге бағасымен

3

Англия

=B3*$B$1

4

Болгария

5

Бельгия

6

Бразилия


Ү. Үйге тапсырма беру: Формуланы енгізу және көшіру

ҮІ. Оқушыларды бағалау.


© 2010-2022