Сыныптан тыс жұмыс Физика және информатика әлеміне саяхат

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Физика және информатика әлеміне саяхат» кеші

Мақсаты: Оқушылардың физика және информатика пәндеріне деген қызығушылығын , ойлау қабілетін арттыру.

Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакаттар, қоржынға салынған карточкалар, құрал - жабдықтар, шарлар.

Сайыстың жүрісі: Алғы сөз.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Физика және информатика апталығына арналған кешке қош келдіңіздер. Сіздерді көктем мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге мол бақыт, зор денсаулық, еңбекте табыс, оқуда озат болуларыңызға тілектеспіз. Сонымен бүгінгі кешімізді ашық деп жариялаймыз.

ІІ. Сайыс шарттары: Қатысушылар «Интернет» және «Ньютон» 9- сынып оқушыларынан құралған топ.

  1. «Өзім туралы». Топтардың аттарына сәйкес өздерін таныстыруы. Эмблемаларын қорғауы.

  2. «Әр сұраққа - бір жауап»

  3. «Сиқырлы пернелер»

  4. «Қай ғалым?»

  5. Пікір талас сайысы

  6. Капитандар сайысы

ІІІ. Қорытынды.

1- жүргізуші:

Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талапқа.

Қолыңды бекерге бос соға берме,

Ойсыз, соқыр сенімнің соңына ерме,

Зерделеп, сұрақ - жауап санаңа түй

Сонда ортақ боласың бар жеңіске.


І. Таныстыру.

2- жүргізуші. Ал енді сөз кезегін «Ньютон» мен «Интернет» топтарына береміз. Өздерінің сәлемдесулерімен таныстыруларын айтып жарысып көрсін.

1-жүргізуші. «Ньютон» тобының сәлемдесуі.

Ньютондай жаңалық ашар

Болса үміткер, осы апталыққа үлес қосар,

Ұлы физик ізін басар,

Біздерде жоқ па екен оқушылар.

Тапқырлар биіктерде қалықтасын!

Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.

Жеңіс туың желбіреп алауласын,

Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.

Не үшін «Ньютон» атанғанын айтып, эмблемасын қорғайды.

2-жүргізуші. «Интернет» тобының сәлемдесуі.

Білмегенді білдірген,

Өлшеп киім кигізген,

Барлық істі атқарып,

Пайдасын елге тигізген

Интернет емей немене?

Әр топ өздерін таныстыра отырып, өздерінің эмблемаларын және дайындаған файлдарын әділ қазы алқасына ұсынады.

ІІ. «Әр сұраққа - бір жауап»

1-жүргізуші. Әкесі де ұлдарының білімдісін қорғайды,

Жо-жоқ оның бөлгені емес...

Бар болғаны білім қусаң қуанады, қолдайды.

Ендігі сайысымыз «Әр сұраққа - бір жауап» деп аталады.

2- жүргізуші. Мұнда әр топ берілген сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинайды. Жауап нақты, тез болу керек.

Сұрақтар:

  1. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)

  2. Дыбыс толқындарын техникалық қабылдағыш қалай аталады? (Микрофон)

  3. Өшірілген объектілерді сақтайтын бума қалай аталады? (Қоржын)

  4. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал қалай аталады? (Психрометр)

  5. 101 ондық жүйеде қандай сан (5)

  6. Вольтметр тізбекке қалай жалғанады? (Параллель)

  7. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (Калькулятор)

  8. Жарық жылдамдығы қандай? (300 000 км/с)

  9. Дүние жүзілік компьютерлер арасындағы байланыс (Интернет)

  10. Жылдамдықтың өзгерісін сипаттайтын шама (Үдеу)

  11. Компьютер жанына қойылатын өсімдік (Кактус)

  12. Элементар зарядтың сан мәні (q=1.6*10-19)

  13. І космостық жылдамдық неге тең? (≈8 км/сек)

  14. Логикалық қосу қалай аталады? (Дизъюнкция)

  15. Әр уақытта өзі әсер етіп тұратын бетке перпендикуляр бағытталған күш (Қысым).

ІІІ. «Сиқырлы пернелер» сайысы

1-жүргізуші:

«Қай ғылымды білсеңіз де қазір оны елге жай,

Құры ішінде кеткенше пайдалансын өзгелер » - деп Абай

атамыз айтқандай келесі сайысымыз «Сиқырлы пернелер». Бұл сайыста оқушылар пернелермен өлшегіш құралдарға байланысты қоржындағы сұрақтарға жауап береді.

Home ( курсордың ағымдағы жолдың басына ауысуы)

Page Up ( курсордың бір бет жоғары ауысуы)

Delete ( курсордың оң жағында тұрған символды алып тастау)

Shift (жоғарғы қатар символдарын көрсету)

End (курсордың жолдың соңына ауысуы)

Электроскоп (денедегі зарядтың бар екенін анықтайтын құрал)

Амперметр (ток күшін өлшейтін құрал)

Динамометр(Күшті өлшейтін құрал)

Барометр (атмосфералық қысымды өлшейтін құрал)

Вольтметр (ток көзіндегі кернеуді өлшейтін құрал)

ІV. «Қай ғалым?» сайысы

2-жүргізуші. Ал енді келесі «Қай ғалым?» сайысымызды бастаймыз. Бұл сайыста қай команданың балы жоғары, сол қалайтын сұрағының нөмірін айтады.

1-сұрақ. Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған ғалым кім? (Әл - Фараби)

2-сұрақ. Алғаш рет атом ядросын ашқан және жасанды атом ядроларын алған кім? (Э. Резерфорд)

3-сұрақ. Ең бірінші есептейтін программаларды құрған кім және қай ғасырда? (ХІХ ғ. Ағылшын математигі Чарльз Беббидж)

4-сұрақ. Программалау тілі ретінде таныс әрі қысымды анықтайтын шама. (Паскаль)

5 сұрақ. «Жер төңкергіш» ғалым. (Архимед)

6 сұрақ. Бірінші советтік ЭЕМ-ға 1950 жылдары басшылық жасаған академик ғалым. (С.Лебедев)

V. Пікір талас сайысы

1-жүргізуші: Ендігі сайысымыз Пікір-талас сайысы. Бір команда позитивтік, ал екінші команда негативтік бағыт ұстайды

(қолдаушы және қарсы пікір)

Тапсырма: Компьютерсіз өмір жоқ!

Компьютерсіз - ақ өмір сүруге болады!

VI. Капитандар сайысы

2-жүргізуші. Соңғы сайысымыз капитандар сайысы. Бұл сайыста екі топтың капитандарын ортаға шақырамыз. Берілген тапсырмаға 3 минут уақыт ішінде жауап беру керек.

Сайыстың шарты мынадай. Тышқан манипуляторы мен тізбек

құруға арналған приборлар берілген.

Ал тізбекті құрастыру үшін:

  1. Амперметр.

  2. Вольтметр

  3. Реостат

  4. Жалғағыш сым

  5. Шам

  6. Батарейка.

Осы құралдарды пайдалана отырып схема бойынша тізбекті тізбектей жалғау керек.

Сайыстың соңында білімімен, ұтымды жауабымен, шапшаңдығымен жеңіп шыққан топ мадақталады.

© 2010-2022