Сығып шығару, бөлімшелер (10 сынып)

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабaқтың тaқырыбы:Сығып шығару, бөлімшелер (10 сынып)

Мaқсaты: Зерттеушілік әдіс арқылы өз бетімен білім алуға, күнделікті өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шешудегі біліктілігін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау (бұл - әр пәннің барлық тақырыптары бойынша қойылатын ортақ мақсат).

І деңгей (5 балл)

Теория бойынша «Білу» тапсырмаларына сәйкес оқушының білім деңгейі бағаланады

1-тапсырма.

Бос орынға қажет сөзді жаз.

Кез келген 3 D модельдеу ортасы дайын шоблон нысандарымен шектеулі қамтылады. Blender-дентекше, шар,конус,маймылдың басы сияқты нысандар табылса да пианино,үстел сияқты нысандар жоқ.Бұл программада толып жатқан примивтер ғана бар деген сөз.Сонда мультифильмдерден көретін мультипликация кейіпкерлері,үйлер,қояндар,т.б нысандар қалай жасалады?Оларды mesh-нысандарды әртүрлі құралдарды пайдалана отырып өзгерту арқылы жaсaймыз.Сол құралдардың бірі- Extrude(сығып шығару) құралы.

2- тапсырма

Режімдерді ауыстыру батырмасы 3D терезесінің қай жағында орналасқан?

Режімдерді ауыстыру батырмасы 3D терезесінің төменгі жағында орналасқан.

3-тапсырма.

Extrude және Subdivide құралдарының қызметтерін атаңдар?

Extrude (ағылшын тілінен аударғанда «бөліну», «бөліп алу» деген мағынаны білдіреді) құралы. Extrude батырмасы Bevel батырмасының жанында орналасқан. Бұл құралмен нысанды оның қырларын созу, бөлу арқылы өзгерте аламыз. 56-сурет.

Subdivide бұл опция кескінінің ерекшеленген үзінділерімен қатар басқа да қатар тұрған барлық үзінділерді бөліктерге бөледі.Нәтежесінде бір бөліктен бірнеше ұсақ бөлік жасалады. Оны пернетақтадан W батырмасын басу арқылы шақырамыз.

4-тaпсырмa:

1. 3D max программасы көмегімен не істеуге болады?

Ж: 3D max программасы кез келген керекті нысаның үлгісін және сплайндік үлгісін құруды,натюрморттарды визуалдау арқылы түс беруді, берілген нысанды хромдауды және олардың көлеңкесін шығаруды,лазерлік сауле,түсіру фрагменттер мен кадрларды қозғалту арқылы анимациялауды, динамикалық әсерлеу көмегімен судың толқыны мен желдің бағыттарын жасауды,Hair and Fur әсерімен адам келбеті мен шаштарын жасауды тағы да басқа да көптеген мысалдарды құруға мүмкіндік береді.

Прaктикaда оқушының үлгі бойынша «Қолдану» біліктілігі бағаланады

5-тапсырма

Тәжірбиелік тапсырмалар:

Cонымен бізде текше нысаны бар Tab батырмасын басып,редакторлау режіміне көшеміз.Жоғарыда айтылғандай биіктігін,қабырғасын,қырын бөліп аламыз. Түсінікті болу үшін 54 cуретке қараймыз

Мұндағы биіктік-ол нүкте,қабырға -тік қабырғасы,ал қыры-жазықтық.Текшенің 8 биіктігі,12қабырғасы және 6 қыры бар.Программада биіктік,қабырға және қырды бөліп алу жоспарын көрсетеміз. Ол үшінбиіктік,қыр,қабырғаның редакторлау режімін кезекпен қосамыз.Мысалы қабырғаны редакторлау режімінде тек қабырғаны ғана редакторлай аламыз.

ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)

Теория бойынша «Түсіну» тапсырмаларына сәйкес оқушының білім деңгейі бағаланады

Себебін түсіндіріп жаз:

1-тапсырма.

Не себептіMesh Editing тізіміндегі құралдарды пайдаланамыз?

Ж: Себебі Mesh Editing тізіміндегі құралдарды пайдалана отырып, нысандарды өзгерту үшін.2-тапсырма.

1.МАХ- тың жабдықталған неше бұйрықтық тақтасы бар?

Ж: МАХ- тың жабдықталған алты бұйрықтық тақтасы бар. Create (Жасау), Modify (Өзгерту), Hierarchy (Иерархия), Motion (Қозғалыс), Display (Дисплей), Utility (Сервис)

Теория бойынша «Талдау» тапсырмаларына сәйкес оқушының білім деңгейі бағаланады

3D max Studio Max 7 жұмыс жасау экран бейнесі. Терезе бөліктерінің нөмірленген атауларын жаз?

Терезе бөліктерінің нөмірленген атаулары:

1.Баc мәзір

2.Қосымша құралдар тақтасы

3.Бұйрықтық тақта

4.Анимация таймерінің жүгірткісі

5.Қалып-күй жолы.

6.Жариялау жолы.

7.Құралдың анимация басқаруы

8.Терезе проекцияларының басқару батырмалары.

9.Координаттық үштік вектор

10.Терезе аты

11.Терезе проекциясы

12.Теректер.

Практикада оқушының өзгертілген жағдайда «Қолдану» біліктілігі бағаланады

4-тапсырма.

Мысалы келесі жұмысты орындайық:

1. 3 D max прогрпммасын ашамыз.

2.Үшбұрыш кескінін жасаймыз

3.Өзгертуге дайындық жасаймыз

4. Patch батырмасын шертеміз де,үшбұрыштың кескінін үзінділермен шертеміз.

5.Кескінің үзінділерін бөлу үшінSubdivide батырмасын шертеміз.

ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)

Теория бойынша «Жинақтау» тапсырмаларына сәйкес оқушының білім деңгейі бағаланады

Мына сұрақтарға жауап бер.

1 -тапсырма Проекция терезесінің мәзіріншығару үшін қандай әрекеттер жасаймыз?

Ж:Проекция терезесінің мәзірін шығару үшін Тrack View (терезелерді көру) терезе тақтасының, тақтаның батырмаларына тиспей,тақтаның бір бөлігіне меңзердіапарып, тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек.

2-тапсырма.

Проекция терезесінің басқару құралдарын атап көрсет?

Масштаб барлық терезелердің масштабы барлық терезелердің тұтас сахнасы

Тұтас сахна бұру Жаймалау\қалпына келтіру масштабы

Аумақтықайналдыру

Практикада оқушының «Баға беру» критерийіне сәйкес біліктілігі бағаланады

3-тапсырма.

Проекция терезесінің мәзірін ата?

Бас мәзірлер: File, Edit, Tools, Group,Views Create, Modifiers, Cdaracter, Reactor, Animation, Graph, Editors, Rendering,Customize MaxScript, Help мәзірлері орналасқан.

Мысал келтіріп, жауабын тап.

а) Тақырыптың мазмұны бойынша эссе (пікіріңді) жаз: не алдың?

Тағы не білгің келеді? Ол туралы мәліметті интернеттен, басқа да ақпарат көздерінен тауып, реферат жаз. Реферат жазу стандарттан жоғарғы 4-деңгейдің тапсырмасы болады. Сондықтан ол бөлек, қосымша бағаланады.


© 2010-2022