Урок Ақиқат және Жалған

Раздел Информатика
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2 сынып

Сабақтың тақырыбы

Ақиқат және жалған

Жалпы мақсаты

Білімділік:. Ақиқат" және "жалған" түсiнiктерiн түсінеді;

"Терiстеу" тақырыбын қайталайды және бекiтеді

Дамытушылық: теориялық білімдерін практикада қолдану білеуге үйренеді, түрлi логикалық ойындар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамиды

Тәрбиелілік: Оқушылар жаңа ұғымдарды тез қабылдауға, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді. Өзiндiк танымдық iс-әрекетi мен ақпараттық мәдениеттері қалыптасады.

Оқу нәтижесі:

Нақты пікір айтуға,басқаның ойын тыңдауға үйренеді.

Топпен жұмыс жасай отырып,балалар бір-біріне тапсырмалық жұмыстарда көмектеседі.

Туындайтын идеялар

Берілген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттері дамиды

Сілтеме

Ақпарат мәдениет негіздері 2 сынып

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

1.Сәлемдесу .

Амандасу сыныпты түгендеу,оқушыларды сабаққа әзірлеу

Жоқ оқушыларды мұғалімге ескертеді

Жаңа сабақ


Жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындату

Берілген тапсырмаларды орындайды

Сергіту сәті

Жаттығу жасату

Оқушылар сергіту жаттығуларды орындайды

Рефлексия 1 мин

Стикер тарату

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазады

Үй тапсырмасын түсіндіру 2 мин

15 - беттегі жаттығу

Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады


Бағалау 2 мин

Түсіндіре сараптай отырып бағалау


Математикалық логиканың негiзгi түсiнiктерiнiң бiрi - "ақиқат" және "жалған" ұғымдары.

«ИӘ - ЖОҚ» ойынын өткiзуге болады.

Мұғалiм оқушылардан сұрайды: «Ит жол бойымен жүгiре ме?»,

Оқушылар жауабы: «ИӘ».

Мұғалiм ол сөздiң "ақиқат" екенiн түсiндiредi.

Мұғалiм: «Ит аспанда ұша ма?».

Оқушылар жауабы: «ЖОҚ».

Мұғалiм оның "жалған" екендiгiн түсiндiредi.

Үлгi сұрақтары:

КУ-КА-РЕ-КУ деп әтеш айғайлайды? ИӘ. Ақиқат.

Тышқан мысықты аулай ма? ЖОҚ. Жалған.

Аю балды жақсы көре ме? ИӘ. Ақиқат.

Ит қасықпен жей ме? ЖОҚ. Жалған.

Балалардың өздерiне осындай сұрақтар қою тапсырмасы ұсынылады. Балаларға ағылшынның халық әнiн оқып беріңдер және олар өлеңнiң мазмұны бойынша «ЖОҚ» деп жауап беруге болатын суреттер салсын.

Мен құйрығы жалындаған тауысты көрдiм,

Мен бетi жаңбыр кометаны көрдiм,

Мен жерде өсіп тұрған бұлтты көрдiм,

Мен толқыны бұрқыраған өзендi көрдiм,

Мен жайын жұтқан ұлуды көрдiм,

Мен сүт сияқты қайнаған өзендi көрдiм,

Мен оттық басындай ғана бөшкені көрдiм,

Мен қуыршақтың бетiндегi көз жасын көрдiм,

Мен жер астында, биікте үйлер көрдiм,

Мен тереңнен от шашқан көзді көрдiм,

Мен түнгi он екiде күндi көрдiм,

Мен осының барлығын өз көзiмен көрген жанды көрдiм!

Тапсырмалар.

  1. Аттары ақиқат (шын) көрсетілген суреттердi боя, ал аттары ЖАЛҒАН (өтiрiк) бейнеленген суреттердi сызып таста.

  2. Жазулары ақиқат болатындай етiп, суреттерге өзгертулер енгіз.

Екi қызыл жалаушаға толықтырып сал.

Екi жасыл шарға толықтырып сал.

Үшбұрышты шаршы етiп толықтырып сал.

Үшбұрыштың жоғарғы бұрышынан табанына дейiн сызықтар жүргiз. (СимметрИӘның вертикальды өсi).

  1. Өрнектердің ақиқат немесе жалған екенін анықта.

5>3 - ақиқат 4 = 2+2 - ақиқат

2+3 = 7 - жалған 3+1 = 2 + 2 - ақиқат

8<7 - ақиқат 5+2 < 1+3 - жалған

  1. Жалған жазуларды ақиқатқа айналдыр.

Кітап - ертегілер Алма - алмұрт

Парақ - конверт Қолшатыр - саңырауқұлақ

Сағат - будильник тышқан - тышқан құрылғысы

  1. Жазулар ақиқат болатындай етiп, суреттерін сал.


© 2010-2022