БКГ матрицасы бойынша фирма орнын талдау

БКГ матрицасы бойынша фирма орнын талдау   БКГ матрицасы – стратегиялық анализ бен жоспарлаудың инструменті. Бұл матрица компания тауарының маңыздылығын анықтау үшін Бостон консалтингтік группаның негізін қалаушы Брюс Д. Хендерсенмен құрылды. Бұл инструмент теориялық түрде дәлелденген. Оның негізіне екі концепция салынған: тауардың өмірлік циклі және өндіріс масштабының немесе үйрену қисығының  әсері. Матрицада ось бойында нарықтың өсімі (вертикальді ось) және нарықтың үлесі (горизантальді ось)...                  «Жұлдыздар»                       «Қиын балалар»          жоғары                                                                                                   Нарық  өсімі            «Сауын сиырлар»                 «Иттер»                        төмен                                                          Нарық үлесі                      Әдеттегі тауардың өмірлік циклы                         Әдеттегі инвестиция ағымы         Стратегиялық үй шаруашылығы бөлімдерін классификациялау типтері: «жұлдыздар», «сауын сиырлар», «иттер» және «қиын балалар». Жұлдыздар. Тауар көлемі мен нарықтағы үлесі жоғары. Нарықтағы үлесін сақтау және үлкейту керек. Жұлдыздар өте жоғары табыс әкеледі. Өсу қарқынының жоғарылығын сақтау үшін инвестиция тартады. Нарықтағы салыстыр...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БКГ матрицасы бойынша фирма орнын талдауБКГ матрицасы бойынша фирма орнын талдауБКГ матрицасы бойынша фирма орнын талдауБКГ матрицасы бойынша фирма орнын талдауБКГ матрицасы бойынша фирма орнын талдауБКГ матрицасы бойынша фирма орнын талдауБКГ матрицасы бойынша фирма орнын талдауБКГ матрицасы бойынша фирма орнын талдауБКГ матрицасы бойынша фирма орнын талдауБКГ матрицасы бойынша фирма орнын талдауБКГ матрицасы бойынша фирма орнын талдауБКГ матрицасы бойынша фирма орнын талдауБКГ матрицасы бойынша фирма орнын талдауМұхаділ Жадыра Ерболатқызы

Студентка Казахского Национального Университета им. аль-Фараби


БКГ матрицасы бойынша фирма орнын талдау

БКГ матрицасы - стратегиялық анализ бен жоспарлаудың инструменті. Бұл матрица компания тауарының маңыздылығын анықтау үшін Бостон консалтингтік группаның негізін қалаушы Брюс Д. Хендерсенмен құрылды. Бұл инструмент теориялық түрде дәлелденген. Оның негізіне екі концепция салынған: тауардың өмірлік циклі және өндіріс масштабының немесе үйрену қисығының әсері.

Матрицада ось бойында нарықтың өсімі (вертикальді ось) және нарықтың үлесі (горизантальді ось) бейнеленеді. Тауарды өндіретін немесе сатумен айналысатын компанияларға тауардың төрт мүмкін рөлін белгілеу арқылы, бұл екі көрсеткішпен тауарды классификациялауға мүмкіндік береді.

БКГ-нің ұсынысы бойынша бұларға екі стратегиялық мүмкіндіктер бар: тез өсіп келе жатқан нарықтың саланың барлық мүмкіндіктерін тез пайдалану үшін агрессивті инвестициялар салу стратегиясы; нарықты игеруге жұмсалған шығындар түсетін пайданы ақтамайтын болса, тез нарықтан кету.

БКГ матрицасы


«Жұлдыздар» «Қиын балалар» жоғары

Нарық

өсімі

«Сауын сиырлар» «Иттер» төмен

Нарық үлесі

Әдеттегі тауардың өмірлік циклы

Әдеттегі инвестиция ағымы


Стратегиялық үй шаруашылығы бөлімдерін классификациялау типтері: «жұлдыздар», «сауын сиырлар», «иттер» және «қиын балалар».

Жұлдыздар. Тауар көлемі мен нарықтағы үлесі жоғары. Нарықтағы үлесін сақтау және үлкейту керек. Жұлдыздар өте жоғары табыс әкеледі. Өсу қарқынының жоғарылығын сақтау үшін инвестиция тартады. Нарықтағы салыстырмалы үлестері жоғары және тез өсіп келе жатқан нарықтардағы компаниялар. Олардан түсетін пайда жоғары және олар перспективалы болып келеді.
Сауын сиырлар. Салыстырмалы нарықтық үлесі жоғары, бірақ баяу дамып келе жатқан салалардағы компаниялар. Сауын сиырларды сақтау және максималды түрде қадағалау керек. Олар қосымша инвестиция көзін тартуға мұқтаж емес және жоғары ақша кірісімен қамтамасыз етілген. Сатудан түскен игілікті қиын балалардың өсуіне немесе жұлдыздарды қолдауға бағыттауға болады. Бұлардың көпшілігі кешегі жұлдыздар.
Иттер. Нарықтағы салыстырмалы үлестері төмен және баяу өсіп келе жатқан салалардағы компаниялар. Бұлардың иттер деп аталуының басты себебі - олардың өсім перспективалары төмен, нарықтағы позициялары да мардымсыз. БКГ-ның ұсынысы бойынша бұл аймақта орналасқан компаниялар өнім жинап, қысқарту шараларын қарастыру қажет.

Қиын балалар. Нарықтағы үлесі төмен, бірақ өсу қарқыны жоғары компаниялар. Олар келешекте жұлдыздар, сондай-ақ иттер тобына жатуы мүмкін. Егер жұлдыздар тобына жатуға мүмкіндігі болса, инвестицияны тарту керек. Ал болмаған жағдайда мұндай компаниялардан құтылу жолдарын қарастыру керек.

Бұл модельдің басты артықшылығы - онда қаржы көздерін шаруашылықтың қай аймағына қарай жұмылдыру қажеттігі анық көрсетілген.
Бостон Консалтинг групп матрицасы негізінде «РосИнтер Алматы» компаниясының мейрамханалары желісі нарықтағы салыстырмалы үлесі мен сату көлемінің өсу қарқыны бойынша жіктеліп, олардың әр қайсысына қатысты даму стратегиясын әзірлеу мүмкін болды. Матрицадағы ұқсас позицияларда орналасқан мейрамханаларға жиынтық стратегия мен маркетингтік шаралар қолданылады.

Матрица мәліметтері бойынша «Ростик'с», «IL Патио», «Амбар» «Жұлдыздарға» жатады - бұл келешекте жылдам өсуші мейрамханалар, нарықтың толысуы мен қарқынды дамуы жағдайында желіге тұрақты табыс әкеледі, ал шығынды болса «Қиын балалар» жағдайына ауысуы мүмкін, яғни, инвестицияның көп мөлшерін талап ететін, бірақ пайдасы төмен кәсіпорындар қатарына өтеді. «Планета суши» мейрамханасы «Сауынды сиыр» квадрантында орналасқан - бұл мейрамханалар компанияның басқа кәсіпорындарын инвестициялау мүмкіндігі жоғары, олар компанияның нарықтағы көшбасшылық жағдайын қолдаушылар болып табылады. Ал «Мокка Локка» «Қиын балаларға» ауысты, бұл мейрамханаларды көбінесе компанияның нарықтағы үлесін сақтап қала алады және өсу мүмкіндіктерін пайдаланып «Жұлдыздарға» ауысуы мүмкін. «РосИнтер Алматы» компаниясының мейрамханалары негізінде құрылған БКГ матрицасы бойынша келесідей қорытындылар жасауымызға болады:

1) Мейрамханалар желісіндегі «Планета Суши» және «Мокка Локка» мейрамханалары ағымдағы нарық конъюнктурасының әсерінен орындарын ауыстырды. Осыған орай бүгінгі таңда олардың неғұрлым табысты болуы үшін «Планета Суши» мейрамханасы қазіргі позициясын сақтап, франчайзердің қолдауымен тұтынушыларды тартуы қажет. Ал «Мокка Локка» мейрамханасының жағдайы оның нарыққа жаңадан келуіне байланысты, сондықтан тұтынушылардың сұранысы мен қызығушылығын арттыру үшін ақпараттық жарнама жүргізілуі керек.

2)Нарықтағы орны нақтыланған кәсіпорындар ұзақ мерзімде ғана өзгеріске ұшырауы мүмкін, оған «Ростик'с» мейрамханаларының нарықтағы орнының өзгермегендігі дәлел болады. Бұл мейрамхана қызметінің ауқымы жанұялық сегментте кеңінен таралуда, сол себепті оның балаларға арналған ас мәзіріне қосымша сыйлықтар беру және тұрақты келушілерге жинақтау жүйесі негізіндегі дисконт карталарын ұсыну тиімді болуы мүмкін.

3) Ал «IL Патио» және «Амбар» мейрамханаларына нақты маркетингтік шаралар қолдану арқылы нарық үлесінің неғұрлым тұрақты бөлігіне қарай ығысуы қажет. Оған франчайзер жүргізетін мерзімдік жарнама шараларын жандандыру арқылы қол жектізуге мүмкіндік бар.

БКГ матрицасын құру үшін:

  1. Бастапқы информацияны жинау. Фирманың тауарды сатуы мен пайдасын анықтау.

  2. Нарықтың өсу қарқынын есептеу. Тауардың әр тобына байланысты нарықтың өсу қарқынын аныықтау. Қолдағы бар ақпаратты пайдалана отырып, нарықтың өсу қарқынын келесідей жіктеуге болады:

  • Егер нарықтың өсу қарқыны 10%-дан аз болса - «төмен»

  • Егер нарықтың өсу қарқыны 10%-дан көп болса - «жоғары»


  1. Тауардың нарықтағы үлесін анықтау. Әр тауардың нарықтағын үлесін жеке есептеу. Алынған мәліметтерді талдау арқылы әр тауардың нарықтағы жоғары немесе төмен үлесін алатынын анықтауға мүмкіндік болады.

  2. БКГ матрицасын салу кезеңі. Тауардың нарықтағы үлесі мен нарықтың өсу қарқынын анықтап алған соң БКГ матрицасын пайдалануға болады.

  3. Талдау жасау, компанияның стратегиясын анықтау.







Ел экономикасының бәсекеге қабілеттігін арттырудағы қаржы жүйесінің ролі


Қаржы жүйесі дегеніміз - ерекше экономикалық қатынастар негізінде құрылған ақшалай қордың қалыптасулары мен жұмсалуларын ұйымдастырушы органдар жиынтығы болып табылады.

Сенімді әрі берік қаржы жүйесі жалпы экономиканың өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы, сонымен қатар нарықтық экономиканың дұрыс қызмет етуінің маңызды бөлігі болып табылады. Қаржы жүйесі қоғамдық жинақтарды жұмылдыру мен бөлу және оның күнделікті операцияларын жеңілдетуші тұтқа негізі болады. Мемлекеттің қаржы жүйесінің құрылымы дұрыс әрі орнықты болса, ақша нарығы мен капитал, әсіресе мемлекеттің бірінші және екінші нарықтық бағалы қағаздары өсуі орын алады.

Мемлекеттің қаржы жүйесі экономикалық мағынада қаржылық -экономикалық институттардың жинағын білдіреді. Ал құқықтық мағынада қаржы жүйесі ретінде мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде (қаржылық мекемелер мен бөлімдері, салық органдары, мемлекеттік банк, мемлекеттік сақтандыру компаниялары) түсіндіріледі.

Қаржы жүйесі уақытша бос капиталы бар агенттерден капиталдың дефициті сезілетін салаларға экономикадағы ресурстарды қайта бөлуде маңызды рөл атқарады. Мұндай қайта бөлу процесі негізінде жаңа өндіріс пен инновациялардың дамуы мен бәсекеге қабілеттігін арттыру,а бағытталған.

Осындай жолмен өаржы жүйесі экономикада бірқатар маңызды функциялар атқарады: жинақтарды жұмылдыру (мобилизация), қаржы ресурстарын өнімді инвестицияға бағыттау, хеджерлеу мен диверсификация негізінде тәуекелді трансформациялау және тб.

Қазіргі кезе экономикалық зерттеулер жүргізушілердің көп бөлігі елдегі қаржы жүйесінің жалпы құрылымы мен дамуы экономикалық даму темпімен тығыз байланысты екенін тұжырымдайды.

Жалпы экономист-зерттеушілер қаржы жүйесін екі типке бөліп қарастырады: нарыққа бағдарланған және банкке бағдарланған. Олар ел экономикасын дамытудың тұтқасы деп есептейді. Алайда кейбір зерттеушілердің пайымдауынша қаржы жүйесінің ел экономикасын арттырудағы әсері ең бірінші кезекте ішкі инвестиция көзддері болып табылады. Мұндай жағдайда негізгі күш едің ішкі капиталын және институционалды инвесторларды тарту мүмкіндігі, ел экономикасын ұзақ мерзімді қаржыландырумен қамтамасыз ету, халықтың және кәсіпорындардың жинақтарын тарту, сонымен бірге даму жолының альтернативті көздерін қарастыру орын алады. Және де сақтандыру компаниялары мен инвестициялық қорлардың институционалды қаржыландыруын да атап өтуге болады.

Қаржы жүйесінің дамуы ел экономикасының дамуына да үлес қосатынын тарих беттерінен де көруге болады. Ол көптеген Еуропа елдерінде ірі инвестицияларға капиталды жинақтауды жеңілдете отырып индустрализациялануына септігін тигізді.

Қаржы жүйесі тәуекелдерді біріктіру мен диверсификациялауға әсерін тигізуі мүмкін. Қаржылық даму экономиканың тұрақсыздығын азайтуға үрдісті келеді. Бұл елдегі экономикалық шоктар мен бәсекеге қабілеттіліктің төмен деңгейі халықтың кедей бөлігінің санын арттыратындықтан, оларды сақтандырудың маңызды механизмі болып табылады. Қаржы жүйесі әлсіз дамыған көптеген елдер банк қызметіне шектеулер қояды, қаржы жүйесінің әлсіздігімен қатар елдегі коррупция деңгейі арасындағы байланыс жоғары. Мұндай жағдайлар әрине ел экономикасына кері әсерін тигізіп, оның әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілік деңгейін төмендетеді.

Мемлекеттік қаржы, яғни ең алдымен мемлекеттің бюджет жүйесі, нарықтық экономикада ел экономикасының даму темпінде негізгі әсер еткіш құрал деп есептелінеді. Бюджетке кірістерді жинақтау арқылы мемлекет шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың қаржылық мүмкіндіктеріне салық алу, салық ставкалары мен керек болған кездерде жеңілдіктер беру арқылы әсер етеді. Бюджет экономиканы дамыту мақсатында шығынды азайтып, қаражаттарды қайта бөлуде ерекше орын алады. Себебі бюджеттің көмегімен экономиканың өсуі мен бәсекеге қабілеттігін жоғарылатуын тездетуге әсер ететін арнайы экономикалық зоналарды құрайды. Бірақ аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін бюджет алдымен ғылым және қоғамдық шығындарды қаржыландыруда жоғары орынды иеленеді. Сонымен қатар бюджет білікті кадрларды даярлауды, денсаулық сақтауды, қоршаған ортаны қорғау және басқа да салаларды қаржыландырады. Әрине бюджеттегі жұмсалымдар экономика мен қоғамдық саланың дамуына өз үлесін қосады.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері қаржы жүйесін жетілдіруге көптеген іс-шаралар ұйымдастырылу үстінде. Тәуелсіздіктегі 20 жыл ішінде Қазақстанның жеткен ірі жетістігінің бірі - экономиканың динамикалық дамуы. Елдегі шағын және орта бизнестің, өнеркәсіп саларының бәсекеге қабілеттігін арттыруға, қаржы жүйесін жетілдіруге барлық жағдай жасап келеді. Оның нәтижесі ретінде аталған жыл ішінде елдің ЖІӨ-і 12 есеге өскен. Елдің банк жүйесі мен бағалы қағаздар нарығы да өз қызмет ету аясын кеңейткен. Республикада (ТМД-дағы алғашқылардың бірі болып) жинақтаушы зейнетақы жүйесін іске асырған. Мысалы қазіргі таңда елдегі жалпы зейнетақы салымдары 2 трлн тенгеге жеткен.

Жалпы айтқанда Қазақстанның бүгінгі қаржы жүйесі елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін құраушылардың бірі болып келеді. Жаңа қаржылық өнімдер мен қызметтер, технологиялар мен инновациялар (халықаралық стандарттар, Базель ІІ, Еуроодақ директивалары, корпоративті басқару) енгізілген.

Қазақстан ел экономикасының одан ары дамуы үшін ішкі инвесторлардың капиталын тартуды жетілдіруге атсалысуда. Ел Президенінің халыққа жолдауында елдегі қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық көтерілім - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» туралы атап кеткен болатын. Басты назарда қор нарығын дамыту шаралары алынған. Қор нарығының дамуы Қазақстанның Азианың жетекші он қаржы орталықтарының бірі және Алматыны ТМД мен Орталық Азиядағы исламдық банкингтің регионды центріне айналдыру мақсаты көзделген.

Осындай шараларды атқару арқылы Қазақстан ел экономикасын бәсекеге қабілетті деңгейге көтеруді көздеп отыр.


© 2010-2022