И-6. Вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау

Сабақтың тақырыбы:  Вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау Сынып:   6 Мерзімі:  13.09.2013 Сабақ мақсаттары: Білімділік: оқушыларды  вирус ұғымымен таныстыру, вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау ұғымдарымен таныстыру Дамытушылық: вирусқа қарсы программалардың жұмыс жасау принциптерін үйрету, вирусқа қарсы программалардың түрлерінің айырмашылықтарын ажырата алуға үйрету Тәрбиелік: топта жұмыс жасауға баулу, топ ережелерін сақтауға тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас сабақ Құралдар: и...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау

Сынып: 6

Мерзімі: 13.09.2013

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: оқушыларды вирус ұғымымен таныстыру, вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау ұғымдарымен таныстыру

Дамытушылық: вирусқа қарсы программалардың жұмыс жасау принциптерін үйрету, вирусқа қарсы программалардың түрлерінің айырмашылықтарын ажырата алуға үйрету

Тәрбиелік: топта жұмыс жасауға баулу, топ ережелерін сақтауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Құралдар: интербелсенді тақта, флипчарт беті, маркерлер, стикер, карточкалар

Әдіс-тәсілдер: диалогтік, жұптық, топтық, жеке-дара оқыту

Сілтеме: Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева «Информатика» 2008 жыл, 1.5 тақырып, 17-23 беттер


Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі



1 мин

ЖЕСО




1 мин

ОЖТ





1 мин

ОЖТ

Сыныпты түгендеу


Амандасу

Оқушыларды бір-бірімен дене мүшелері арқылы амандастыру


Психологиялық ахуалды орнату

«Шаттық шеңберіне» тұрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа жылы сөздер айту


Топтастыру

Оқушыларды жеміс-жидектерді себеттен таңдау арқылы жемістер және жидектер топтарына бөлу.

Топ спикерін таңдау. Әрбір оқушыға бағалау парағын беру

Сынып старостасы сыныпты тізім бойынша түгендейді.


Оқушылар бір-бірімен бас, шаш, кеуде, қол, аяқ және т.б. мүшелерімен амандасады.


«Шаттық шеңберіне» тұрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа жылы сөздер айтады.


Оқушылар жеміс-жидектерді себеттен таңдау арқылы жемістер және жидектер топтарына бөлінеді.

Топ спикерін таңдайды. Әрбір оқушы бағалау парағын алады

Ой қозғау, жаңа тақырыпқа шығу


5 мин

СТО

(ассоциация)


Диалог

(сұрақ-жауап)


Өткен тақырыпты қайталау және жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында төмендегі жетелеме сұрақтары қойылады:

  • архив дегеніміз не?

  • архивтеу ұғымын қалай түсінесің?

  • қандай архивтеу бағдарламаларын білесің?

Жетелеме сұрақтары арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.


Білу

8 мин

СТО

"Түртіп алу"



Жемістер тобы: вирус, оның түрлері

Жидектер тобы: Ақпаратты қорғау, вирусқа қарсы бағдарламалар тақырыптарына берілген оқу материалдарын оқып, "Insert" стратегиясына сәйкес қажетті және жаңа ақпараттарды дәптерге жазып алу

Әр топқа берілген оқу материалдарына сәйкес қажетті және жаңа ақпараттарды дәптерге жазып алады.

Түсіну, талдау


8 мин

ОЖТ

жұптық

диалог

"Жұптық әңгіме"

Дәптерге түртіп алған жаңа ақпараттарды Жидек-жеміс жұбын құра отырып, әрбір жұп өз атқырыбын кезек-кезек түсіндіреді, талқылайды.

"Жұптық әңгіме"

Дәптерге түртіп алған жаңа ақпараттарды Жидек-жеміс жұбын құра отырып, әрбір жұп өз атқырыбын кезек-кезек түсіндіреді, талқылайды.

Сергіту сәті

3 мин

ООЖТ ЖЕСО

"Қара жорға" жаттығуын орындау

" Қара жорға " жаттығуын орындайды

Қолдану


8 мин

АКТ


Жеке-дара жұмыс








Карточка №1


Антивирустық тексерулер. Кез-келген вирусқа қарсы бағдарлама көмегімен қандай да бір файлды вирусқа тексеру.

1. Вирусқа тексеретін файлды таңдау

2. Тышқанның оң жақ баырмасы арқылы Проверить на вирусы (Антивиус Касперского) командасын орындау.

3. Сканерлеуді жүргізіңіз

Берілген карточкалардағы тапсырмаларды компьютерде орындайды

Бағалау

4 мин

ОҮБжОБ

Бағалау парақтарына сәйкес өздерін, жұбын және топ мүшелерін бағалайды, дәлелдейді

Бағалау парақтарына сәйкес өздерін, жұбын және топ мүшелерін бағалайды

Синтездеу

5 мин

СТО

Сабақты қорытындылау үшін «Венн диаграммасы» әдісін қолдану.

Жұпқа «Компьютерлік вирус және биологиялық вирус» салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашы-лықтарын табу беріледі.

Сабақ басында әр топқа таратылған бағалау критерийлері бойынша оқушылар өздерін, тобын бағалап, топ басшысы ортаға шығып оқиды. Бағалау критерийлері бойынша бағаларын дәлелдейді.

Оқушылар стикерлерге сабақ бойынша өз ойларын жазады.

«Венн диаграммасы» әдісі

Компьютерлік Биологиялық

Ұқсастық

И-6. Вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау







Өз ойларын стикерге түсіреді.


Үйге тапсырма

1 мин

Анықтамаларды жаттау, мазмұндау

Анықтама жаттау, мазмұндау


Вирус және оның түрлері

И-6. Вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау

Компьютерлік вирустар - компьютерге зиян келтіру үшін жасалған бағдарламалар.

Вирустар өз-өзінен көбейіп, өздерінің көшірмелерін жасап, жасырын түрде компьютерде тұрған ақпараттарға, құжаттарға зақым келтіруі, кейде оларды өшіріп тастауы мүмкін.

Ең алғашқы вирус 1986 жылы "Brain" (қазақша "Ми") деген атпен пайда болды. Әлемде бірінші рет 2000 жылы 5-мамырда пошталық вирус "Мен сені сүйемін!" деген аттағы файлмен таралды.

Компьютерлік вирустардың ерекше өзгешеліктері мыналар:

1) кіші көлем;

2) өздігінен жіберу;

3) вирусты көп рет көшіру;

4) компьютер дұрыс жасауына тосқауыл қою.

Вирустар зақым келтіру масштабына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

Зиянсыз - компьютер жұмыс жасауына әсер етпейді, бірақ өз-өзін көбейту арқылы компьютер жадындағы бос орындарды кемейтуі мүмкін.

Қауіпсіз - диск жадын графикалық, дауыстық, ішкі эффекттер арқылы азайтады.

Қауіпті - компьютер жұмысының қатып қалуына алып келеді.

Аса қауіпті - бағдарламалар, ақпараттар жоғалуына, өзгеруіне немесе қатты дисктегі сақталған құжаттар жоқ болуына алып келеді.

Вирустар сақтау орнына және тұратын ортасына қарай мына түрлерге бөлінеді:

Файлдық вирустар - .com, .exe, .sys кеңейтпелеріне ие бағдарламаларға зақым келтіріп, компьютердің өшуіне дейін алып келеді. Заңсыз бағдарламаларды, әсіресе, ойындарды көшіріп алу арқылы компьютерге кіреді.

Жүктелуші вирустар - кейбір бағдарламаларды, ақпараттарды жүктегенде зақымдану пайда болады.

Қорғану жолдары:

1) күмәнді сілтемелерге, жүктеу көрсетілген сілтемелерге басуға, кіруге болмайды.

2) компьютер жүктеуден зиян көрмеу үшін BIOS (Setup) қорғаныс қою керек.

Макровирустар - Word және Excel құжаттарына зиян келтіреді. Бұл вирустар макрокомандалардан (макростардан) тұрып, құжаттарға салынады және құжаттардың стандартты шаблонына зақым келтіреді. Word, Excel құжаттарды ашқанда, онда макрос бар екендігі туралы хабар келеді. Егер макростардың жүктелуіне тыйым салуды қаласаңыз, макростардың пайдалы мүмкіндіктерінен де мақрұм боласыз.

Желілік вирустар - компьютердегі желі арқылы таралады. Пошта жәшігіңіздегі хабарламаны ашқанда кірген файлдарға мән берген жөн!

Компьютерлік вирустардан қорғау

Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерлік программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.

Вирусқа қарсы программалар:


Детекторлар. Олардың міндеті - вирустарды табу. Бұл программалар қазіргі кезде сирек қолданылады.

Полифагтар. Олардың міндері - вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы (ауру жұққан) программаларды жою. Өте қуатты полифаг-сканер И.Данилов құрған Dr.Web ( Doctor Web) болып табылады. Ол вирустарды жақсы айырып таниды, бірақ оның базасында вирусқа қарсы күресетін құралдар басқа вирусқа қарсы программаларға қарағанда анағұрлым аз.

Жалпыға әйгілі полифаг Е.Касперский зертханасы құрған Kaspersky Anti-Virus программасы вирусқа қарсы бірден-бір сенімді программа ретінде бүкіл әлемге әйгілі. Қолданылуының қарапайымдылығына қарамастан, ол вирустармен күресуге қажетті барлық құралдарға ие.

Ревизорлар. Олардың міндеті программалардың, каталогтардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтау, содан кейін әлсін-әлсін оның ағымдағы күйін алғашқымен салысырып отырады. Д.Мостов дайындаған программа-ревизоп ADif жақсы танымал.


© 2010-2022