Информатика әлемінде сыныптан тыс сабақ

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№21 орта мектеп













Сыныптан тыс сабақ




ИНФОРМАТИКА ӘЛЕМІНДЕ







Ержанова Ж.М

Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;

Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына қызықтыру.

Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ

Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер, интернет

Қатысушылар 9а,ә,б,в, сынып оқушылары.

Жүргізушілер: 10 сынып оқушылары

Әділқазылар мүшелері: Математика, информатика Физика пән мұғалімдерінен құралған 5 мүше. /Музыкамен қарсы аламыз./


Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан математика, физика, информатика пәндерінің апталығына қош келдіңіздер! Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 9 сынып оқушылары «Информатика әлемінде» атты сайыста білімдерін сынамақ. Олай болса ойыншыларымызды таныстырайық. Әр сыныптан үш оқушыдан қатысады.

Ойын барысымен таныстырамыз /Слайд шоу/

1-тур. «Компьютерді озат меңгерген сынып»

2-тур. «Пошташы»

3-тур. «Сиқырлы суретші»

4-тур. «Нартәуекел»

Сайысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шындарға биік қоңғайсың демекпіз. Ал оқушылар дайын болсақ І турға кезек береміз.

І тур «Компьютерді озат меңгерген сынып» бұл турда оқушыларға алдарына компьютер құралдары беріледі. Компьютерді тезден іске қосу керек. Жоғары ұпайы 10.

ІІ тур «Пошташы» деп аталады. Бұл турда қосылған компьютерде интернет қосып пошта ашып хат жіберуі тиіс. Қай сынып интернетпен поштамен хат жіберіп білетінін тексереміз. Жоғары ұпайы 10.

ІІІ тур «Сиқырлы суретші» деп аталады. Әр бір оқушы берілген суретті 10мин ішінде Paint графикалық редакторында салып шығуы тис. Суреттің күрделілігі, оны безендіруі, редактор құралдарын толық пайдалануы есепке алына отырып, ұпай қойылады. Жоғары ұпайы 10.

ІҮ-тур «Нартәуекел». Мұнда топтарға сұрақ қойылады. Егер сұрақ қойылған топ жауап бере алмаса, қарсылас топқа, нартәуекел береді, екі топта қате жауап айтса, ешнәрсе болмайды. Мұндағы барлық сұрақтар 3 балдық сұрақтар.


  1. Адам мен компьютер арасындағы қарым ол қатынас (интерфейс)

  2. Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)

  3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)

  4. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек.(60-70см)

  5. Арифметикалық амалдарды есептейтін 1694 жылы Лейбниц ойлап тапқан машина (арифмометр)

  6. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер)

  7. Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)

  8. Принтердің неше түрі бар. (струйный, лазерный, матричный)

  9. Логикалық көбейту амалы қалай аталады.(конъюкция)

  10. Компакт-диск оқу құрылғысы . (CD-ROM)

  11. Дүниежүзілік компьютерлік желі(интернет)

  12. Компьютер ауруы (вирус)

  13. Windows деген не. (терезе, ОЖ)

  14. Alt +F4 пернелер комбинациясының қызметі (терезені жабу)

  15. Компьютердің атасы (Ч. Бэббидж)

  16. Информатика сөзінің ақпараттық көлемі (1 байт)

  17. Қандай перне сандықты қосады? (NumLock)

  18. Санау жүйесіндегі сандар кескінделуіне байланысты бөлінеді? (позициялық және позициялық емес)

  19. Тышқанның оң жақ батырмасын қалай атайды? (көмекші)

  20. Объектілер қоймасына не жатады? (қапшық)

  21. Нақты сан (Read)

  22. Else (әйтпесе)

  23. Соңы (End)

  24. Символдық тип (Char)

  25. Қайталау операторы (For)

  26. Орындау операторы (Do)

  27. Жад нешеге бөлінеді? (2)

  28. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан (латын)

  29. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)

  30. Көшіру пернелер комбинациясы (Ctrl+C)

  31. Пернетақта қандай құрылғы (енгізу)

  32. Winzip, winrar қандай программа (архиватор)

  33. Бас әріптерді жазу пернесі (Caps Lock)

  34. Айнымалы қалай жазылады (var)

  35. Бірінен соң бірі тізбектей орындалауы (сызықтық алгоритм)

Әділқазы мүшелері оқушылардың жинаған ұпайы бойынша жеңімпаз сыныпты аяқтап, ең көп ұпай жинаған сыныпқа, «Компьютерді озат меңгерген сынып» атағын береді.

Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика әлемінде» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тамашалағандарыңызға алғысымыз шексіз.


© 2010-2022