Циклдік алгоритмдер «Үшін» циклі

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

Күні: 19 желтоқсан 2015 жыл.

Пән аты: Информатика

Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В», 8 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритмдер «Үшін» циклі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы - FOR операторымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру;

Дамытушылығы: Оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткен материалды қайталау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Компьютермен жұмыс

5. Сабақты бекіту

6. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау сұрақтары

  • Қайталау операторлары не үшін қолданылады?

  • Цикл дегеніміз не?

Жаңа материалды түсіндіру

FOR операторы. Егер алгоритмде қайталану саны алдын ала белгілі болған жағдайда FOR операторы қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы деп те аталады.

Жазылу үлгісі

FOR < цикл параметрі>:= n1 TO n2 DO

<цикл денесі>;

FOR<цикл параметрі>: = n2 DOWNTO n1 DO

<цикл денесі>;

Мұндағы FOR (үшін), TO (дейін), DO (орындау) - қызметші сөздер;

< цикл параметрі> - циклді басқару айнымалысы, Integer типті (немесе кез келген реттелген тип) n1 , n2 - цикл параметрінің бастапқы және соңғы мәндері (типі циклді басқару айнымалысымен сәйкес) кері қарай, DOWN төмен, TO дейін . Егер қадам -1 - ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам -1-ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.

Мысалы: 1- ден 100- ге дейінгі сандардың қосындысын табу керек.

Program kosindi;

Var I, s: integer;

Begin s:=0;

FOR i:=1 TO 100 DO

S:=s+1;

Writeln ('s = ' , s);

End.

Компьютермен жұмыс

№1. 1- ден 100-ге дейінгі сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.

Program san;

Var i: integer;

Begin

Wtiteln (' 1- den 100- ge dein butin san');

Writeln;

For i:=1 to 100 do

Write (i:4);

End.

№2. 30-дан 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.

Program jup;

Var i: integer;

Begin

Writeln ('30-dan 10-ga deingi jup san');

For i:=30 downto 10 do

If I mod 2=0 then

Writeln (i);

End.

№3. 1- ден 100 -ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табудың программасын құру керек.

Program tak and jup

Var I, s, s1: integer;

S:=0; S1:= 0;

For i:=1 to 100 do

Begin

If I mod 2 = 0 then s:=s+I else s1:=s1+I;

Writeln (' s=', s, ' , ' , 's1= ', s1);

End;

End.

№4. 5- тен 1-ге дейінгі сандардың қосындысын есептеу керек.

Program kosindi;

Var I, s:integer;

Begin

S:=0;

For i:=5 downto 1 do

S:=S+I;

Writeln ('s = ', s);

End.

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Цикл дегеніміз не?

  • Циклдің алгоритмнің неше түрі бар?

* FOR операторының жазылу үлгісін көрсет?

Үйге тапсырма: есеп шығару. Интернеттен тақырып іздеу







© 2010-2022