Поурочный план по информатике на тему Word – тың графикалық мүмкіндіктері

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні

Топ





Сабақ жоспары №16


Сабақ тақырыбы: Word - тың графикалық мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: MS. Word мәтіндік редакторында графикалық объектілермен жұмыс жасай білу,сурет енгізу, фигуралық мәтін енгізу және т.б жұмыстарды жасап үйрену
Дамытушылық: Оқушыларды Word редакторымен жұмыс жасау барысында ойлау,
есте сақтау қабілеттерін арттыру және жұмыс жасай білуге дағдыландыру
Тәрбиелік: Оқушыларды жеке тұлға ретінде бойында адамгершілік қасиетті қалыптастыру
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Көрнекілік: интерактивті тақта, компьютер.
Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі 1- мин
1.сәлемдесу

2. Білім алушыларды түгелдеу
3. Білім алушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау( топпен, оқушылар арасында сұрақ - жауап бойынша) 5-6 мин
ІІІ Жаңа сабақ - түсіндіру 10- мин

Word - тың графикалық мүмкіндіктері
MS. Word мәтіндік редакторын іске қосу тізбектерін қайталау және орындалатын операцияларды еске түсіру.
MS. Word редакторында мәтін енгізуге, пішімдеуге, қатені түзетуге, мәтіндік құжат құруға, пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де, оның бөлімдері:символмен, сөзбен, жолмен, абзацпен бөліммен, бетпен де жүргізуге болады. Абзацтық шегіністерді қолдануға, тасымал жасауға, мәтінді жылжытуға, көшіруге, беттерді номерлеуге , кесте құруға, құжатты баспаға беру операцияларын орындауға болады және Word - тың графикалық мүмкіндіктері.Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндер, фигуралық мәтін кірістіруге болады.
Word - та енгізген мәтінімізге дайын суретті немесе Paint графикалық редакторында салған суреттеріңді кірістіруге болады. Paint - та салған суретті алмасу буферінің көмегімен орындалатын командаларды пайдаланып кірістіруге болады.

Дайын суреттер қорынан алынған суретті кірістіру үшін:
1.Файлды ашып, мәтіннің суретті кірістіретін жерге меңзерді орналастырамыз

Поурочный план по информатике на тему Word – тың графикалық мүмкіндіктері
2.Вставка = Рисунок = Картинки командасын орындаймыз
3.Microsoft Clip Gallery диалогтік терезесінде Картинки қосымшасын және Рисунок категориясын таңдаймыз.
4.Суреттері бар терезе ашылады, таңдалған суретте маусты шертеміз.
5.Суреттің өлшемін қалауларың бойынша таңдап, суреттің үстінде маустың оң жақ батырмасын шертеміз.
6.Динамикалық менюден Формат рисунка командасын таңдап, Формат рисунка диалог терезесіндегі Положение қосымшасын шертіп Поверх текста опциясының жалаушасын алып тастап ОК батырмасын шертеміз.

Фигуралық мәтін кірістіру

Фигуралық мәтін кірістіру үшін Коллекция WordArt диалогтік терезесін пайдаланамыз.
Ол үшін:
1.Меңзерді мәтіннің басына орналастырамыз
2.Вставка - Рисунок - Объект WordArt командасын орындаймыз
3.Коллекция WordArt диалогтік терезесінде ұнаған қаріп стильін таңдап, ОК батырмасын шертеміз.
4.Изменение текста WordArt диалогтік терезесі пайда болады, ондағы Текст надписи өрісіне мәтін енгізіп, Ок батырмасын шертеміз.


IV Сабақ бекіту: Интерактивті тақтада Word редакторының құрал - саймандарын атап, қызметін айтады


V.Үйге тапсырма: Word - тың графикалық мүмкіндіктері 147-148 бет


VI.Қорытынды: Оқушылардың орындаған жұмыстарын ескере отырып, олардың тапқырлығы мен жіберген кемшіліктерін ескере отырып білімдерін бағалау, күнделік



Тексерілді: Итанова Г.Б

© 2010-2022