Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика

Сынып: 7 «А»

Күні: 18.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып,графиканың түрлерін,графикалық редакторларда фигураларды салуды үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуді үйрету арқылы теориялық білімін,ой-өрісін ,шапшаң ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,суреттер,карточкалар,плакаттар,тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Өткен тақырыпты қайталау

3.Жаңа сабақты баяндау

4.Бағалау

5.Үйге тапсырма беру

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Өткен тақырыпты қайталау

1.Құжаттың өлшемін қалай орнатады?

2.Inkscape құжаттарын қандай пішімдерде сақтау керек?

3.Бағыттауыштар мен тор не үшін қолданылады?Бағыттауыштарды жасау алгоритмін сипаттаңдар.

4.Қалай сақтау және Көшірмесін сақтау бұйрықтарының қандай айырмашылықтары бар?

5.Қанша і-әрекетті қайтаруға болады және оны қалай жүзеге асырады?

Жаңа сабақты баяндау

MS PowerPoint тұсаукесер конструкторында фигураларды қалай салуға болады?

Inkscape графикалық редакторында фигура салу үшін арнайы құралды таңдау керек,панель параметрлерінде қажетті параметрлерді орнатып,контур және құйып бояу түстерін таңдап,кенепте созу қажет.

Inkscape-те қандай фигураларды салуға болатынын анықтаңдар.

Inkscape графикалық редакторы сурет салу үшін келесі құралдарды ұсынады:

Тікбұрыш-тікбұрыштар мен шаршыларды салуға арналған.

Көлемді тікбұрыш-параллелепипедтерді салуға мүмкіндік береді.

Эллипс-эллипстердің,доғалардың және дөңгелектердің кескінін салу үшін пайдаланылады.

Көпбұрыш-тұйық көпбұрыштармен жұлдыздарды салады.

Спираль-спиральдарды салады.

Тікбұрыш құралы

1.Сурет салу кезінде тәжірибе откізіңдер-Ctrl,Shift пернелерін ұстап тұрыңдар.Тік төртбұрыш қандай өзгеріске ұшырады?

2.Параметрлер панелінде дөңгелектелген бұрыштардың көлденең және тік радиустарын 20-ға өзгертіңдер-сендерде дөңгелектелген бұрыштарымен тік төртбұрыш пайда болу керек.

3.Тікбұрыш құралы үшін параметрлер панелінде тағы да қандай баптаулар бар?

4.Ол-түйіндер.Олар не үшін керек екенін параграфтан оқып білесіңдер.Түйіндерді тасымалдауда жаттығыңдар,фигураларда болып жатқан өзгерістерді бақылаңдар.

5.Парамертлер панелін қолданып,20 мм ені мен 30 мм ұзындықтың нақты мәнін анықтаңдар.Ол үшін өлшем бірлігі ретінде тізімнен мм-ді таңдаңдар.

Эллипс құралы

Эллипс құралын пайдаланып,сегмент алуға болады радиусы бар,жабық эллипс немесе доға эллипс.

Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу

Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу

Көпбұрыш құралы

Екі режімде: дұрыс көпбұрыш және жұлдыз режімінде жұмыс жасай алады.Режімді параметрлер панелінде таңдауға болады.

Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу

Бұл құрал үшін төбелер саны (Бұрыштар параметрі),дөңгелектеу,бұрмалау,ал жұлдыздар үшін -негіз радиусы және сәуле төбесінің параметрлерін беруге болады.

Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу

50-суреттегідей көріністі алу үшін Көпбұрыш құралында мына параметрлер орнатылған:режім-жұлдық,бұрыштар-5,радиустар қатынасы-0,3,дөңгелектеу-1,5,бұрмалау-0.

Спираль құралы

Спиральдың орамдарынан басқа орамдар арақашықтығын қаншалықты біркелкі өзгеретіндей етіп сыздық,үнсіз келісім бойынша =1) және ішкі орамның радиусын орнатуға болады.

Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу

Түйін:

-Inkscape графикалық редакторында фигуралар салуға арналған құралдар мыналар: Тікбұрыш,Ауқымды тікбұрыш,Эллипс,Көпбұрыш,Спираль.

-Бастапқы параметрлерге өту.

-Тікбұрыш құралы үшін бұрыштардың дөңгелектелуін параметрлер панелінде Алып тастау батырмасын басу арқылы.

-Көпбұрыш және спираль құралдары үшін-Тастау батырмасын басу арқылы.

-Эллипс құралы үшін-Фигураны бүтін эллипс ету батырмасын басу арқылы қол жеткізуге болады.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс:

А деңгейі

1.Inkscape редакторын қосыңдар

2.Масштабын өзгертіңдер: Түр-Масштаб-Бет

3.Көлемді тік төртбұрыш салыңдар (барлық бұрыштар=30).Түйіндерін тасымалдап,олардың қызметінанықтаңдар.

4.Спиральға қанша максималды орам санын беруге болады?

5.Спиральдың ішкі радиусын 0,999 деп қойса,не болады?

6.Спираль құралын қолданып кескін жасаңдар

В деңгейі

1.А деңгейінің тапсырмасын орыңдаңдар

2.Күн салыңдар,көпбұрыш құралын қолданыңдар,сәуле санын-27,радиустардың қатынасын-0,5 деп көрсетіңдер.

3.Құйып бояу мен жиектеу (Заливка и обводка) (Ctrl+Shift+/F) сұхбатын ашыңдар.Сұхбаттың қосымшаларын оқып,зерттеңдер.

4.Жиектеуді өшіріңдер

5.Құйып бояудың шайылуын 3 деп орнатыңдар

6.Өзгерісті сақтаңдар

С деңгейі

1.В деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар

2.Тікбұрыш және Эллипс құралын пайдаланып,ағаштың суретін аласыңдар.

3.Күн мен ағаш кескіндерін сәйкестендіріңдер.Күн алдыңғы планда болу үшін,Нысан-Көтеру бұйрығын орындаңдар

4.Өзгерісті сақтаңдар

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.



© 2010-2022