Поурочны план на весь год (7 класс)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Класы:

Сабақтың тақырыбы: Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару
Сабақтың мақсаты: Ақпаратты кодтауды үйрену, сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттырды кодтап үйрену
Сабақтың міндеттері:
Сабақтың мазмұнына байланысты міндеттер:
• Сандық, мәтіндік, графиктік ақпаратпен танысу;
• негізгі ұғымдарға анықтама беру;
• кодтап үйрену
Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндеттер:
• мәтінді оқи отырып мазмұнды игереді;
• пікірлеседі, өзара талқылайды;
• тақырыпты талдайды, тәжірибеде қолданады.
Топтық жұмыс немесе тәрбие әрекетіне байланысты міндеттер:
• өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады;
• топпен және өз бетінше жұмыс жасауды үйренеді;
• бір-бірінің ойын, пікірін тыңдауға дағдыланады.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Кластерлеу (жүзім шоғы) әдісі, ЖИГСО 2 әдісі, Еркін жазу әдісі

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
• Құралдар: компьютер, түрлі түсті маркерлер, стикерлер, А1 форматты қағаз (плакат);
• Көрнекіліктер: үлестірмелі қағаздар, қима қағаздар, талқылау картасы, бағалау парақтары, кері байланыс парағы.
Сабақтың жоспары:

САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ МҰҒАЛІМНІҢ ӘРЕКЕТІ ОҚУШЫНЫҢ ӘРЕКЕТІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
• оқушылармен сәлемдеседі;
• сергіту сәтін ұйымдастырады («Мен саған сенемін, себебі...»);
• топқа бөлу (оқушылар гүлдің, мектептің, кітаптың белгілі бір элементтерін жинақтау арқылы топтасады).
• мұғаліммен сәлемдеседі;
• сергіту сәтін орындайды;

• топқа бөлініп отырады.
ОЙ ҚОЗҒАУ Қызығушылығын ояту:
Кластерлеу (жүзім шоғы) әдісі
«Ақпарат» сөзін қалай түсінесіңдер, ойланып көрейікші

• Ойланады, кестені толтырады;
• Топ ішінде ойларымен бөліседі, топ ішінен бірнеше мысалдар келтіреді;
• Не білгілері келетінін жазады, бөліседі, ұсынады.

МАҒЫНАНЫ АЖЫРАТУ
ЖИГСО 2 әдісі

Оқушыларға оқулықтағы «Сызықтық алгоритмдерді программалау» тақырыбындағы мәтінді оқуды тапсырамын. • Мәтінді оқиды;
• Мәтінді жұпта талқылайды;
• Оқушылар өз сұрақтарына қандай жауаптар тапқаны туралы баяндайды;
• Содан кейін мәтіннен жалпы қандай идеялар тапқаны туралы баяндайды.

ОЙ ТОЛҒАНЫС
Еркін жазу әдісі

Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады.
Оқушыларға уақыт беріледі, берілген уақыт ішінде қағаз бетіне өз алған ақпараттар туралы пікірлерін жазады

КЕРІ БАЙЛАНЫС


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
Тақырып соңындағы «Өзіңді тексер!» тест жұмысын орындауды тапсырамын.







Класы: 7

Күні:

Cабақтың тақырыбы: «Операциялық жүйе»

Мақсаты:

білімділік: оқушыларға операциялық жүйе ұғымын түсіндіре отырып, оның үш негізге бөлікке бөлінетіндігі туралы мәлімет беріп, түрлерімен таныстыру

дамытушылық: 7 сыныпта оқыған операциялық жүйе ұғымына негізгі бөліктері туралы мәлімет беріп, білімдерін дамыту

тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу

Түрі: жарыс, топтық

Көрнекілігі: мультимедиа, үлестірме құралдар, сұрақтар, ұпайлар

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасына шолу:

1.Қазіргі заманға сай компьютерлердің неше түрі бар?

2.Принтер не үшін қажет, неше түрі бар?

3.Сыртқы сақтау құрылғылары нешеу, түрлері қандай?

4.Монитор дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ (мультимедиа арқылы көрсетілді)

І кезең(түсіндіру)

Операциялық жүйе- бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.

Операциялық жүйе негізгі 3 бөліктен тұрады:

  1. Ядро

  2. Интерфейс

  3. Драйвер

Бірміндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.

Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.

ІІ кезең.

Сынып оқушылары 2 топқа бөлінді.

Сынып оқушыларына үлестірме құралмен тапсырма берілді.

ІІІ кезең.

Деңгейлік тапсырмалар(сұрақтар) берілді.

5 ұпай тапсырмасы:

1)Екілік жүйеде қандай сандарды пайдаланады?

2) Принтер қандай құрылғы, неше түрі бар?

3) Сыртқы сақтау құрылғыларына нелер жатады?

4) Жүйелік блоктың ішінде нелер орналасады?

5) Пікірдің неше түрі бар?

6) Логикалық қосу дегеніміз не?

10 ұпай

1)Енгізу құрылғыларын атаңыз.

2) Қандай операциялық жүйеде Интернетке шығу қабілеті пайда болды?

3) Қазіргі операциялық жүйелердің Windows аталуының себебі неде деп ойлайсыз?

4) Компьютер іске қосылғаннан кейін ең бірінші болып не көрінеді?

5) Пуск батырмасын ашқан кезде қандай мәзір ашылады?

6) Есептер тақтасы деп қай жерде орналасқан?

20 ұпай

- қандай батырмалар, атқаратын
қызметтері қандай?

Дискетаның диаметрі қаншаға тең?

- батырмалары қандай қызмет атқарады?

Жанама мәзір (контекстті мәзір) қай уақытта пайда болады?

IV кезең. Дебат

Екі топқа

«Компьютердің зияны»

«Компьютердің пайдасы» тақырыптары беріліп, оны қорғады.

ІV. Қорытындылау.

Сонымен оқушылар операциялық жүйелердің екі түрі бар: бір міндетті және көпміндетті.

Үш негізгі бөліктен тұрады: ядро, драйвер, интерфейс

  1. V. Үйге тапсырма.

Операциялық жүйенің даму тарихы.

VІ. Бағалау.







НФОРМАТИКА 7 класс

Сабақтың тақырыбы: Программа және оның құрылымы.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік:
Оқушыларға программа түсінігін және оның құрылымымен таныстыру.
Б) тәрбиелік:
Оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, өз ойын жеткізе алуға, күделікті өмірмен байланыстыруға тәрбиелеу.
В) дамытушылық:
Оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін ұштау, есте сақтау қабілетін дамыту. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Лекция, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: кітап, дербес компьютер
Сабақтың ұйымдастыру формасы: Топпен
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Информатика. 9 класс. Авторы: Б.Бөрібаев, Ермеков Н.Н.Стифутина.
2. Информатика негіздері 2004, №2.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдасытру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Паскаль тілі қай жылы және қай елдің ғалымы ұсынған?
2. Паскаль тілі қандай тілге жатады?
3. Паскаль ортасы қандай командалардан тұрады?
4. File менюінің ішінде қандай командалар бар?
5. Программа неше бөліктер тұрады?

ІІІ. Жаңа сабақ.
ПРОГРАММА ҚҰРЫЛЫМЫ
Паскаль тілінің программасы блоктардан құрылады. Қандай да бір блок ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы - мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі - сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс-әрекеттерді (операцияларды, амалдарды) атқару бөлімі.
Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі бөлімнің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі (глобальді) блок болып саналады. Ал блок ішіндегі блок - жергілікті (локальді) блок деп аталады.
Сонымен кез келген программа синтаксистік ереже бойынша тақырып пен блоктан тұрады.

Негізгі блок - негізгі программа блогы, сондықтан ол басқа блоктарға кірмеуі тиіс.
Паскаль тіліндегі кез келген программаның тақырыбы, одан кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:
1) программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (ол uses түйінді сөзімен басталады);
2) белгілерді (label) сипаттау;
3) тұрақтыларды (const)сипаттау;
4) мәліметтер типтерін (type) анықтау;
5) айнымалыларды (var) сипаттау;
6) процедураларды (procedure) сипаттау;
7) функцияларды (function) сипаттау.

Осы айтылғандарға байланысты программа құрылымы мынадай болуы қажет:
Program "программа аты" (Input, Output);
Uses ...;
Label ...;
Const ...;
Type ...;
Var ...;
Procedure "процедура аты"; "процедура тұлғасы";
Function "процедура аты"; "процедура тұлғасы";
Begin
"1-оператор";
"2-оператор";
...
"n-оператор";
End.

IV. Бекіту.
1. Input, Output операторлар қандай қызмет атқарады?
2. Сипаттау бөлімі толық жағдайда неше бөлімнен тұрады?
3. Программа құрылымының диаграммасы қандай болады?
4. Type түйінді сөзі қандай қызмет атқарады?

V. Үйге тапсырма. Программа және оның құрылымы.





Күні: Класы:

Сабақтың тақырыбы: Айнымалы типтер.Мәліметтердің шектеулі типтері. Бір өлшемді жиым элементтерімен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға айнымалының саналатын және шектеулі типтері "жиым" ұғымы,бірөлшемді жиым туралы толық мағлұмат беру;

Дамытушылық : Оқушыларды айнымалының саналатын және жиым "ұғымы,бірөлшемді жиым туралы толық мағлұмат бере отырып,программа құру дағдыландыру,логикалық ой-өрісін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке,ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Теориялық сұрақ

Сабақтың кезеңі:

1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Сабақты бекіту

5. үйге тапсырма

Өткен тапсырма бойынша қайталау сұрақтары

· Символдар программаға қалай енгізіледі,олар қандай типте болуы тиіс?

· ASCII кодтары дегеніміз не,ол қандай интервалда беріледі?

· Символдық айнымалылар Паскаль тілінде қандай типке жатады?

· Символдық мәліметтерге қандай операциялар қолдануға жатады?

· S жолдық айнымалысының таңбасының санын есептеу үшін қандай функциялар қолданады?

· Литерлік шамалармен қандай операциялар орындалады?

· Тіркестік өрнектер дегеніміз не?

· Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?

· Бір жолға неше символ жазуға болады?

· Жолдың бірнеше таңбасын көшіру үшін қандай функция қолданады?

· Жолдың бірнеше таңбасын көшіру үшін қандай функция қолданады?

· INSERT(S1,S2, N) процедурасының қызметі.......
Жаңа сабақты түсіндіру

Айнымалы типтер

Мәліметтердің айнымалы типтері стандартты типтерден өзгеше болып келеді. Мәліметтердің әртүрлі типтері үшін әртүрлі амал қолдануға болады. Мәліметтердің типін құру бір жағынан операция орындауды жеңілдетсе,екінші жағынан қате жіберуге мүмкіндік береді.Сонымен,мәліметтердің стандартты типтерінен өзге жаңа айнымалы типтерді құруға болады.Мәліметтердің бұл типтеріне саналатын және шектелетін типтер жатады.

Қабылдай алатын мәндерінің реттелген тізімі арқылы берілетін тип-саналатын тип болып есептеледі.Бұл типті сипаттау оның мүмкін мәндерінің идентификатор түрінде тізімін берумен анықталады.

Жазылу түрі:

TYPE <тип атауы>=(<1-мән,2мән,..., n- мән >);

VAR <идентификатор,.....> : <тип атауы>;

Мысалы:

TYPE Gaz=(Ge, C, O, N );

Metall=(Na,K,Li,Cu,Zn);

Mezgil=(қыс,көктем,жаз,күз);

VAR Al, A2: Mezgil;

G1,G2,G3:Gaz;

Met l, Met2:Metall;

Түс=(ақ,көк,қызыл,сары,жасыл,қоңыр,сұр,қара).

Егер айнымалы сипаттау бөлімінде көрсетілген мәндердің белгілі бір аралығын ғана қабылдайтын болса,онда оны шектеулі типтегі айнымалы деп атайды.Мұндай типтегі айнымалының алғашқы және соңғы мәндері нүктелермен бөлініп тұрақты түрінде көрсетіледі де,ол екеуі де бір стандартты типте (real типін қолдануға болмайды) болып,міндетті түрде алғашқы мән соңғы мән соңғы мәннен кіші болуы керек.

Жазылу түрі :

TYPE <тип атауы>=(<алғашқы тұрақты...соңғы тұрақты>);

VAR <идентификатор,..> : <тип атауы>;

Мысалы:

TYPE kunder=1..31;

VAR RadDay,BolnDay:kunder;

Мәліметтерді ұйымдастыру тәсілдерінің кең тараған түрі - кестелік тәсіл. Бір ғана жолдан тұратын кесте сызықтық деп аталады. Мысалы: A (2,3-5,0,1). Бірнеше жолдан тұратын кестетіктөртбұрышты кесте деп аталады.Бұларды көп жағдайда бірөлшемді және екі не көпөлшемді жиымдар (массивтер) деп те атайды.

Жиым дегеніміз- бір атаумен белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны. Осы жиымға кіретін айнымалыларды жиым элементтері дейді. Жиымның міндетті түрде аты , өлшемі , индекстері, соған сәйкес элементтері және оның түрлері болады. Жиым тұтасымен бір атпен аталады, ал элементтерінің реті индекстер арқылы көрсетіледі . Индекс жиымның иденфикаторынан соң тік жақшаға алынып жазылады: (a [1], x[1,1],…)

Жиымның типін анықтау үшін ARRAY, OF қызметші сөздері қолданылады. Жиым элементтерінің сипатталуы былай көрсетіледі;

Аты Array[индекс өлшемі]of real;

немесе

TYPE Аты; =Array [индекс өлшемі] of integer

Мысал: 20 нақты сан берілген. Осы сандардың арифметикалық ортасын табу програмасы . Осы 20 нақты сандар тобын А жиымы деп қарастырсақ , жиымның элементтері A[1], A[2], …,A[20] нақты сандар болады.

Program

Var A: array [l..20] of real;

I:integer;

S:real;

Begin

For i:=1 to 20 do

Read (A[i]);

S:=0;

For i:=l to 20 do

S:=S+A[i];

S:=S\20; Write (S);

End.

Сабақты бекіту

· Саналатын және шектеулі тип дегеніміз не?

· Сызықтық және тіктөрбұрышты кестенің айырмашылығы қандай?

· Жиым деп нені айтамыз?

· Жиымдар қалай сипатталады?

· Индекс дегеніміз не?

· Бірөлшемді жиым дегеніміз не?

Үйге тапсырма: 5.1, 5.2, 5.3, 5.4 тақырыптарын оқу.

Класы: Күні:

Сабақтың тақырыбы Енгізу- шығару операторы
Сілтеме: Электронды оқулық, оқулық, компьютер

Жалпы мақсаты А)Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру, Паскаль тілінде ендіру- шығару операторын үйрету
Ә)Жеке жұмыс жүргізіп, сабақта қалыс қалған оқушыны анықтап, оқушылар өзін- өзі реттеуді үйрену.
Б) ой- өрісін дамыту
Күтілетін нәтижелер А) Оқушылардың сабақ үстінде берілген тапсырмаларды уақыты орындап, компьютермен еркін жұмыс жасауды біледі.
Ә) Бір- біріне қамқорлық , ынтымақтастықта болады.
Б) Сабақ нәтижесінде баланың ой- өрісі дамиды.
Негізгі идеялар Сабақта оқушылар Паскаль тілінде программа құрып ендіру- шығару операторының қызметімен танысып бағдарлама құруды үйренеді. Компьютерде еркін жұмыс жасауға үйренеді. АКТ пайдаланып, электронды оқулықтағы модульдік тапсырмалар орындайды.
Оқыту әдіс тәсілдері. Сұрақ- жауап, электронды оқулықпен жұмыс, компьютермен жұмыс, жұмыс парағы, тест
Ресурстар: Түрлі түсті лента, жұмыс парағы, АТК

Дерек көздері Интернет, компьютер, мұғалімдерге арналған нұсқаулық,
«Оқушы анықтамасы» 7-11 сыныпқа арналған. Тест жинақтары
Сабақ барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі.
Сергіту сәті.
Жеке оқушымен жұмыс 2 минут
«Мен саған, сен маған» оқушылардың бір- біріне сұрақ- жауабы.
3 Электронды оқулықпен жұмыс.
Үй тапсырмасын сұрау. 3 минут.
WINDOWS меңгеру. Модульдік тапсырманы орындау.
10минут
Turbo Pascal тілінде қызметші сөздер мен стандартты функциялар.
Оқушыларға жұмыс парағы беріледі.
1- есеп
Y=√x²+1-√5X-1 / 6X өрнегінің мәнін табу.
1. Паскаль тілінде программа құру.
2. Блок- схемасын сызу.
3. Компьютерде есепті жазу.
4 Оқушыларды деңгейге бөлу 2 минут
Есепті шығаруын бақылаушы топ тексеру.
А деңгейлі оқушы - 3 тапсырманы толық орындағандар( көк түс лента)
Б деңгейлі оқушы - 2 тапсырма орындағандар (сары түс лента)
С деңгейлі оқушы - 1 тапсырманы орындағандар(ақ түс лента)
5 Жаңа сабақ меңгеру.
Енгзу- шығару операторы 10 минут Жаңа сабақ. Ендіру- шығару операторы
Паскаль тілі блокты құрылымдардан , яғни программа жеке блоктардан құралған. Жалпы блок оның тақырыбынан сонан соң сипаттамалық және операторлық бөліктерден тұрады. Блоктың тақырыбы әркім өз қалауынша қояды, бірақ ол блоктың ішкі мазмұнына байланысты болуы қажет. Программа тақырыбы program сөзінен және программаның атауынан тұрады. Программаның операторлық бөлігі берілген алгоритмді жүзеге асырады. Ол BEGIN түйінді сөзімен басталып, END сөзімен аяқталады.
Енгізу операторы есеп шығаруға қажетті берілген мәліметтерді пернетақтадан енгізу үшін қолданылады.
Жазылу үлгісі :
READ(X);
READLN (X);
Паскал тілінде енгізу- шығару операторлары процедура болып анықталады. Шығару операторлары есептің нәтижесін қағазға басып алу үшін қолданылады.
Жазылу үлгісі :
WRITE(S);
WRITELN(Y,Z);
Оператордан кейін жақша ішіне айнымалылар аттары жазылады. WRITE- операторының аты, ағылшынша «жазу» деген ұғымды білдіреді.
6 Амалдарды орындау тәртібі
Өзің орында ! 3 минут.
Арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі математикалық орындау тәртібіне сәйкес келеді.
Көбейту -* ; бөлу - / ; қосу- +; азайту - ;
sin x-sin(x) ; cos x- cos(x) ; εª- exp (a) ; X²-sqr(X) ;
√x- SQRT(x) ; │x│- abs (x)
7 Компьютермен жұмыс 10 минут
Оқушылар Турбо Паскалда программаны компьютерде орындайды.
program bastau;
const pi=3714;
var r,l:real;
begin readln(r) ;
L:=2*pi*r;
writeln ('L=',L);
end.
8 Сабақты бекіту
«Қас- қағым сәт».
Сұрақтарға жылдам жауап беру 4-минут
1. Енгізу операторы қалай белгілейміз?
2. Шығару операторы қалай белгілейміз?
3. Дискідегі бұрыннан бар файлды ашу үшін қандай команда қолданылады?
4. Нақты санды қалай белгілейміз?
5. Әрбір опеартордан кейін не қойылады?
6. Паскаль тілінің авторы кім?
7. Бүтін санды қалай белгілейміз?
9 Үй жұмысы. 1-минут
Ензізу- шығару операторы. Екі нақты сан берілген -а,в
екі санның көбейтіндісін табу. Паскаль тілінде программа құру.
Рефлексия
1. Бүгінгі сабақта сіздер үшін не қызықты болды?
2. Бүгінгі сабақта не қиын болды?
3. Қандай ұсыныс-тілегіңіз бар?

Мұғалімнің кері байланысы
Оқыту нәтижесі.
Не сәтті болды? Не сәтсіз болды? Нені өзгертіп дамытар едім?
Информатика пән мұғалімі : Ж. Опашова

Күні: Класы:

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Паскаль программалау тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек - сызбалар.
Пән аралық байланыс: Физика, математика, ағылшын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Өткен материалды қайталдау сұрақтары

1. Алгоритммен программаның қандай
ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
2. Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?
3. Алгоритмдерді график арқылы кескіндеу ерекшеліктері қандай?
4. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
5. Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қандай командаларға бөлінеді?

Компьютерде есеп шығару кезеңдері
А) берілген есепті математикалық түрде өрнектеу;
Ә) есеп шығарудың компьютерге ыңғайлы сандық тәсілін анықтау;
Б) есеп шығару жолын алгоритм түрінде кескіндеу;
В) есепті компьютерде шығару программасын құру және оның қатесін түзету.
Г) есепке керекті мәліметтер мен берілгендерін жинақтау.
Д) компьютерде есеп шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде қолдану.

Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады. Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.
Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си, т. б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т. б. амалдар орындалады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) - қосу;
(-) - азайту;
(*) - көбейту;
(/) - бөлу.
DIV - және (логикалық көбейту) операциясы;
MOD - қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;
айыру белгілері: ____ (бос орын);, (үтір);. (нүкте);: (қос нүкте);(нүктелі үтір); ` (апостроф); (;); [;]; {;}.
Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), (үлкен), = (үлкен не тең).
Сергіту сәті:
Жаңа сабақты түсіндіру
Өрнектер және олардың жазылуы
Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы:
(5+7*х)/1. 8;
(sin(x)+5* cos(2+х))/ In(х); т. б
Өрнектердің жазылуы
Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си , т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т.б. амалдар орындалады.
Амалдар
Өрнектердің алгоритмдік тілде және программалау тіліндегі жазылуы да бір-біріне сәйкес келеді.
Паскаль тілінде өрнектер тек сызықты түрде жазылады.

Тапсырмалар № 1
(a + b):(ху)
8-2+[21/4];мұндағы [] бүтін бөлу дегенді білдіреді.
(2+3)-ті 6-ға бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар
(5+2*4):3
(3,18-4,98)(1,171-0,27):(2,7-1,9)+5,96
(8+4):10
25 санын 3 ке бөлгендегі бүтін бөліндіні табыңдар
42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар
Өрнекті Паскаль ережесі бойынша жазыңыз.

Тапсырмалар №2
Өрнек дегеніміз не?
Сабақты бекіту сұрақтары
• Атаулар дегеніміз не ,олар не үшін қолданылады?
• Сандарды жазу ережесі қандай?. Паскальда сандардың қандай типтері бар?
• Айнымалы , тұрақты шамалар деп қандай шамаларды айтады?
• Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?
• Төмендегіөрнектіңмағнасы бола ... 2.5 DIV ... 7 MOD 1.2 ...
Рефлексия
Үй тапсырмасы: Өрнектердің жазылу ережелері. Жаттығу
Бағалау.



Тапсырмалар № 1
(a + b):(ху)
8-2+[21/4];мұндағы [] бүтін бөлу дегенді білдіреді.
(2+3)-ті 6-ға бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар
(5+2*4):3
(3,18-4,98)(1,171-0,27):(2,7-1,9)+5,96
(8+4):10
25 санын 3 ке бөлгендегі бүтін бөліндіні табыңдар
42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар
Өрнекті Паскаль ережесі бойынша жазыңыз.



Тапсырмалар №2
Өрнек дегеніміз не?
Сабақты бекіту сұрақтары
• Атаулар дегеніміз не ,олар не үшін қолданылады?
• Сандарды жазу ережесі қандай?. Паскальда сандардың қандай типтері бар?
• Айнымалы , тұрақты шамалар деп қандай шамаларды айтады?
• Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?
• Төмендегіөрнектіңмағнасы бола ... 2.5 DIV ... 7 MOD 1.2 ...

Тапсырмалар № 1
(a + b):(ху)
8-2+[21/4];мұндағы [] бүтін бөлу дегенді білдіреді.
(2+3)-ті 6-ға бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар
(5+2*4):3
(3,18-4,98)(1,171-0,27):(2,7-1,9)+5,96
(8+4):10
25 санын 3 ке бөлгендегі бүтін бөліндіні табыңдар
42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар
Өрнекті Паскаль ережесі бойынша жазыңыз.



Тапсырмалар №2
Өрнек дегеніміз не?
Сабақты бекіту сұрақтары
• Атаулар дегеніміз не ,олар не үшін қолданылады?
• Сандарды жазу ережесі қандай?. Паскальда сандардың қандай типтері бар?
• Айнымалы , тұрақты шамалар деп қандай шамаларды айтады?
• Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?
• Төмендегіөрнектіңмағнасы бола ... 2.5 DIV ... 7 MOD 1.2 ...



© 2010-2022