• Преподавателю
  • Информатика
  • Урок по информатике на тему Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс

Урок по информатике на тему Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспарлау

Пәні: информатика

сабақ: № 11

Мұғалімі: Тахаева Нұргүл Сағадатқызы

Оқушылардың жасы: 10-11

( 5 сынып)

Сабақтың атауы

Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс

Сілтеме

Информатика 5 сынып (Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов), әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, Информатика негіздері журналы, интернет материалдары

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға объектілермен жұмыс жасау жолдарын үйрету

Сабақтың міндеттері

- объектілермен жұмыс жасай білуге үйрету

- теориялық білімін практикамен ұштастыру

Оқыту нәтижесі

- объектілермен жұмыс жасай білуді үйренеді

- теориялық білімін практикамен ұштасады

Негізгі идеялар

  • Оқи білуге үйрету арқылы, оқушылардың ақпарат құралдарына қызығушылығын арттыру

  • оқушылармен диалог құру арқылы, сыни ойлауға үйрету, берілген білімді ұзақ мерзімге сақтауға ықпал ету

Әдіс-тәсілдер:

"Серпілден доп", "Төрт сөйлем" әдісі, сұрақ-жауап, жеке-жұптық-топтық жұмыс, RAFT стратегиясы

Көрнекіліктер

  • слайд, компьютер, постер, үлестірмелі парақша, стикер

Тапсырмалар


1-тапсырма: Білу-"Серпілген доп"-оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақ қойылады.

2-тапсырма: Түсіну - Жаңа тақырып "Төрт сөйлем" тәсілі бойынша талдайды.

3-тапсырма: Қолдану -"Компьютерлік тәжірибелік жұмыс"деңгейлік тапсырма.

Сергіту - "Көршінің суреті"-жұптасының суретін салады

4-тапсырма: Талдау "Ағымдағы тест сұрақтары" /онлайн тест/

5-тапсырма: Жинақтау - RAFT стратегиясы бойынша - Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады

6-тапсырма: Бағалау -"Бес саусақ"әдісі - оқушылар А4-форматына қолының суретін бастырып салып, сабақтан алған әсері туралы жазады.

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

3 минут









5 минут















8 минут












12 минут





































3 минут






4 минут


5 минут








2 минут






3 минут

І. Ұйымдастыру

- сыныпта жағымды ахуал туғызу

Психологиялық дайындық "Өзіңізге тілегенді - басқаларға тілеңіз"


Шеңбер құрып әр оқушы 10-15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін оқушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан ұстап, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Мұғалім де бұл іске қатысады.


ІІ. Білу - Ой қозғау - "Серпілген доп"

Мұғалім кез-келген топ оқушыларына дос лақтырып сол оқушыға сұрақ қойылады, оқушы допты ұстап тұрып жауап береді.

1.Файл деген не?

2Урок по информатике на тему Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс. Файл атауының ең үлкен ұзындығы қандай?

3. Бума деген не?

4. Файлға дейінгі жолдың файлдың толық атауынан айырмашылығы неде?

5. Буманы қалай құрамыз?

6. Файлдың бумадан айырмашылығы неде?

7. Буманы қалай құрамыз?

8. Жарлық деген не?

9. Жарлықты қалай құрамыз?

10. Жарлықты Жұмыс үстеліне қалай орналастырамыз?

ІІІ. Түсіну - Жаңа тақырып туралы электронды оқулықтан ақпарат алады.

"Төрт сөйлем" тәсілі бойынша талданады - жеке оқушы орындайды

1. Пікір. Тыңдалған тақырып бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.

2. Дәлел. Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.

3. Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз немесе практика жүзінде көрсетіңіз

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.

ІV. Қолдану - компьютердегі деңгейлік тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. D: дискінде Оқыту пәндері атты бума құрыңдар.

  2. Оқыту пәндері бумасының ішінде Информатика, Әдебиет, Математика бумаларын құрыңдар.

  3. Оқыту пәндері бумасының мөлшерін анықтаңдар.

  4. Өздеріңнің бумаларыңның ішіндегі бірнеше файлдың аттарын өзгертіңдер.

В деңгейі

  1. Дискіде бумалар ағашын құрыңдар:D \ Оқыту\ Сынып\ Оқушылардың тегі.

  2. Дискіден SOI. EXE файлын тауып, оны өз бумалырыңа көшіріңіздер. Осы файлдың қасиеттерін тексеріңдер.

  3. Жұмыс үстелінде осы программаны іске қосатын жарлық құрыңдар.

  4. Жұмыс үстелінде осы жарлықтың көшірмесін алыңдар.

  5. Өздерің құрған барлық нысандарды Қоржынға жойыңдар.

  6. Барлық жойылған файлдарды қайта қалпына келтіріңдер.

  7. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіңдер.

  8. Өздерің құрған нысандарды Қоржынға орналастырмай,бірден жойыңдар.

С деңгейі

  1. Менің құжаттарым бумасында Children бумасын құрыңдар.

  2. Children бумасында 1-мысал және 2-мысал бумаларын құрыңдар.

  3. 1-мысал және 2-мысал бумаларының көшірмесін жасаңдар.

  4. 1-мысал және 2-мысал бумалары көшірмелерінің атауларын Lesson 2 деп өзгертіңдер.

  5. 1- мысал бумасын 2- мысал бумасына жылжытыңдар.

  6. Өз бумаларыңның мөлшерін анықтаңдар.

  7. Кез келген екі файл үшін жарлық құрыңдар және оларды (жарлықтарды) Жұмыс үстеліне орналастырыңдар.

  8. Жарлықтың көмегімен файлдардың бірін іске қосыңдар.

  9. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіңдер.

  10. Өз бумаларың мен файлдарыңның жарлықтарын жойыңдар.

  11. Қоржынды тазалаңдар.

Сергіту - "Көршінің суреті"

Оқушылар А5 форматын төбесіне (басына) қойып, өзінің жұптасына қарап отырып, берілген қысқа уақыт ішінде (1-1,5 минут) оның суретін салуға тырысады. Суретті салып бітіргенше, қағазына қарауға болмайды. Әрине, салған суреттері қисық-қыңыр болатыны сөзсіз. Оқушылар сурет салынған парақтарға өз қолдарын қойып, бір-біріне тарту етеді.

V. Талдау - Тест сұрақтары /онлайн-тест/

VІ. Жинақтау - RAFT стратегиясы бойынша - Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды.

Урок по информатике на тему Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмысУрок по информатике на тему Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмысУрок по информатике на тему Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс

Оқушыларды саралап бағалау. Кейінгі оқу:

- §12. Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері.

- Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

- "Сөзжұмбақ" құрастыру

VУрок по информатике на тему Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмысІІ. Бағалау - "Бес саусақ" әдісі - оқушылар А4-форматына қолының суретін бастырып салып, әр саусаққа мына ретпен сұраққа жауап жазады ...

1. Бүгінгі сабақты қаншалықты ұқтым?

2. Не ұнамады?

3. Маған сабақта ұнады ...

4. Маған бүұінгі сабақта көмектесті ...

5. Бүгінгі көңіл-күйің ... АЛАҚАНҒА - оқушының аты-жөні



© 2010-2022