Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі. Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Сызықтық алгоритмге программа құру.

Сабақтың мақсаты: Программа құрылымы, шамаларды сипаттау және операторлар бөлімі, сонымен қатар Паскаль тілінің қарапайым операторлары туралы түсінік беру. Сызықтық алгоритмге программа құру.

Білімділік:

  1. Паскаль тілінің программа құрылымын қарастыру.

  2. Енгізу шығару операторларын оқып үйрену.

  3. Стандартты функцияларды қолданып, арифметикалық өрнектерді жазу дағдыларын шыңдау.

Дамытушылық:

  1. Материалды оқып үйренуде оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту.

  2. Өз ойын білдіре алу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

  1. Өз ойын жүзеге асыру, нәтижеге жету іскерлігін ояту.

  2. Оқып үйренген білімін қолдана білуге талаптандыру.

Сабақтың типі: Практикалық сабақ (жаңа материалды оқып үйрену және бекіту).

Сабақтың түрі: Практика элементтері бар теориялық жұмыс сабағы.

Оқыту әдісі: Көрнекі -түсіндірмелі, практикалық .

Оқыту үлгісі: жеке дара- ұжыммен.

Оқыту құралдары: ДК. Паскаль жүйесі. Оқыту программалары. Жаңа сабақ бойынша презентация. Дидактикалық материал. Интерактивті тақта.

Оқушылар білуі тиіс:

  1. Паскальдың программа құрылымын;

  2. Айнымалыларды сипаттауды;

  3. Қарапайым меншіктеу операторын;

  4. Мәліметтерді енгізу, шығару операторларын;

Оқушылар үйренуі тиіс:

  1. Паскальда программа қандай бөлімдерден тұратынын түсіндіруді;

  2. Айнымалыларды дұрыс сипаттауды;

  3. Меншіктеу операторын қолдануды;

  4. Мәліметтерді енгізу және шығаруды;

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру:

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Журнал толтыру.

  1. Өткен матералды қайталау

  2. Оқушылардың алдында сабақтың мақсатын қою

  3. Жаңа сабақты түсіндіру. Компютермен жұмыс.

  4. Сабақты бекіту

  5. Сабақты қорытындылау

  6. Үйге тапсырма


Өткен матералды қайталау сұрақтары

  • Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?

  • Меншіктеу операторы қандай қызмет атқарады?

  • Көшу операторы не үшін қажет?

  • Меншіктеу операторының форматы.

  • Енгізу және шығару операторларының атқаратын негізгі міндеттері кандай?

  • Енгізу операторының жалпы форматы қандай?

  • Шығару операторының жалпы форматы қандай?

Компьютермен жұмыс

№1. Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын құру керек. х = {a + b)2 ,у = a*b

Program esepl;

Var a,b,x,y: integer;

Begin

Write ('а,b-сандарын енгіз');

Readln(a,b);

X:=sqr(a+b);

Y:=a*b;

Writeln('x=' ,x);

Writeln('y=' ,y);

End.

№2. k = (x2 + у2)* Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі , мұндағы x=5. y=2.8 функциясының мәнін есептейтін программа кұру керек.

Program esep2;

Const x=5, y=2.8;

Var k: real;

Begin

K: =srq(x) +sqr(y) *sqrt(x+y); Writeln('k=' ,k);

End.

№3. Бірінші оқушы бір сағатта М себет, 2-оқушы К себет, 3 оқушы L себет алма жинаса,

олар t сағатта қанша алма жинайды? (74 бет 1-тапсырма).

№4. Бір зат алдымен 10%-ке қымбаттап, одан соѕ 10%-ке арзандатылса, заттың бағасы

қанша %-ке өзгерген. (75 бет 11-тапсырма).

№5. х және у-тің мәндерін енгізіп, төмендегі өрнектердің мәндерін есептейтін программа

құрыңдар.(73 бет, 5 жаттығу)

№6. 75 бет, 19, 20 тапсырмалар

Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Программада әрбір жолдан кейін қандай тыныс белгі қойылады?

  2. Программа қандай оператормен басталады?

  3. Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып. кандай сөзбен аяқталады?

  4. Var операторының кызметі қандай?

  5. Const операторының қызметі қандай?

  6. Readln операторының қызметі қандай?

  7. Writeln операторының кызметі қандай?


Үйге тапсырма: 74-75 бет. 2.6, 12, 13, 18 тапсырмалар

Сабақты қорытындылау.


© 2010-2022