Элективный курс «Adobe Photoshop СS5 редакторінде суреттерді өңдеу»

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Астана қаласы Білім басқармасы

«№ 66 мектеп-лицей» мемлекеттік лицей


























Элективті курс
8 сынып

«Adobe Photoshop СS5 редакторінде суреттерді өңдеу»

(34 сағат)











Құрастырушы:

АБИЛОВА Айнагүл Төлегенқызы,









2012-2013 оқу жылы

АННОТАЦИЯ

Біздің өмірімізге, соның ішінде фотография сияқты консервативті облысқа сандық техника қарқынды енгізіліп келеді. Кей кезде реттеуді (корректировка) қажет ететін сандық фотоаппараттардың өзін ғана қолдану суреттердің сапалы шығуына кепілдік бермейді. Мысалы, контрастылықты, жарықты өзгерту, «көздің қызару» эффектісін алып тастау жиі қажет болады. Замануи технология пленкалы фотоаппаратпен түсірілген суреттердің сапасын арттырады, ескі бейнелерге екінші өмір береді. «Adobe Photoshop СS5» редакторінде суреттерді өңдеу» оқыту курсы компьютер форматындағы суреттеулерді өңдеу әдістерін Adobe Photoshop графикалық редактор көмегімен зерттеуге мүмкіндік береді. Барлық сабақтың материалдары теориялық бөлім мен практикалық тапсырмалардан тұрады.











Түсінік хат

«Adobe Photoshop CS5 редакторінде суреттерді өңдеу» атты элективті курс «информатика» білім беретін саласына жатады. Оның 15 сағаты оқушылардың өзiндiк жұмыспен жұмыспен айналысуына (мүмкін болса) және сол көлемдегі сағат теориялық сабақтарға бөлінген. Бұл курсты физика-математикалық бағыттағы сынып оқушыларының бейіндік дайындығына пайдалануға болады. Зерттеу пәні қазіргі таңда суреттерді компьютерлік форматта өңдеудің қуатты құралының бірі Adobe Photoshop CS5 графикалық редакторы көмегімен суреттеулерді сандық өңдеудің принциптері мен әдістері болып табылады. Күнделікті өмірге сандық техниканың жедел енуі және графикалық ақпаратты жаңа технологиялық өңдеуге ауысуы осы курстың қажеттілігінің дәлелі. Оқушылардың өмірде қажетті суреттерді өңдеудің бастапқы дағдылары қалыптасады.

Курс мақсаты:

  • оқушыларды суреттердің сандық өңдеуінің принциптері және әдістерімен таныстыру;

  • оқушылардың шығармашылық және дизайнерлік қабілеттерін дамыту;

Курстың міндеттері:

  • Photoshop редакторын сканерлеу, кадрлеу және графикалық материалдарды үлкейту үшін қолдануды үйрету;

  • суреттеулердің түстік коррекциясын пайдалана білуді үйрету;

  • суреттерді жөндеуді үйрету;

  • ескі суреттерді жаңадан жөндеуді үйрету;

  • иллюстрация және коллаж жасауды үйрету;

Photoshop-тың әр құралын оқып танысудан бастаудың орнына, алдымен графикалық суреттеулерді алудың көп таралған амалдарын білуді ұсынады: сандық фотоаппаратпен түсірілім жасау, сканерлеу. Келесі кезең: кадрлеу және Photoshop құралы көмегімен суреттеулерді өңдеу. Тек осыдан кейін ғана Photoshop құралы есептермен байланыста оқылады. Оқытудың негізгі түрі практикум болып табылады. Қалыпты жағдайда жұмыс жасау үшін әр оқушының жеке компьютері және Adobe Photoshop графикалық редакторы болуы қажет. Оқушылар «Photoshop редакторінде суреттерді өңдеу» оқыту курсы бойынша алған білімдерін физика, химия, биология пәндерінен дайындалатын баяндамалар мен мультимедиялық жұмыстарға иллюстрациялар жасау үшін қолдана алады. Photoshop редакторіндегі суреттеулерді Web-беттерін жасауда да пайдалануға болады. Оқушылардың жинақтаған білімдері мен біліктері кейін оқылатын үшөлшемдік моделдеу, анимация, бейнемонтаж, виртуалды шынайылық жүйесін жасаудың негізі болып табылады.

Күтілетін нәтижелер:

Осы элективті курс шеңберінде оқушылардың төменгідей білім және біліктілігі қалыптасады:

  • түрлі түсті моделдегі түстердің ерекшеліктерін біледі;

  • суреттер мен фотоларды түсіріп, сканерлей біледі;

  • суреттерге түстік коррекциялар, сонымен қатар суреттердің ашықтығы мен нақтылығына толық және жеке әр тұстарына коррекциялар жасай алады;

  • фотоларды сканерлеп, өңдей біледі;

  • сурет салу құралының көмегімен суреттер жасайды;

  • көпқабатты суреттеулермен жұмыс жасай алады;

  • коллаж жасай біледі;

Қорытындылау түрлері

Материалдарды меңгеру деңгейінің ағымдағы бақылауы оқушылардың күнделікті практикалық сабақтар нәтижесі бойынша анықталады. Оқу курсының соңында әр оқушы сынақ ретінде жеке жоба жұмысын дайындайды. Қорытынды сабақ оқушылардың жобалық жұмыстарын тыңдап, талқылау жүргізілетін конференция түрінде өткізіледі.

Тақырыптық - күнтізбелік жоспар

Тақырыптар

Сағат саны

Сыныптар

Барлығы

теория

Практика

8 б

8 в

8 г

Кіріспе

1






1 бөлім. Компьютерлік графиканың теориялық негіздері

10

5

4




1.1. Компьютерлік графика және олардың түрлері

1

1





1.2. Графикалық ақпараттардың берілу тәсілі

1

1





1.3. Графикалық редакторлерге шолу. Adobe Photoshop CS5 бағдарламаның мүмкіндіктері.

2

1

1




1.4. Adobe Photoshop CS5 бағдарлама интерфейсі. Құрал саймандар палиртрасы.

2

1

1




1.5. Adobe Photoshop CS5 бағдарламасы көмегімен құжат құру, сақтау және баспаға жіберу.

2

1

1




1.6. Сурет өлшемдері

1


1




Өзіндік жұмыс

1






2 бөлім. Растрлық бейнелерді Adobe Photoshop CS5 бағдарламасы көмегімен өңдеу

20

7

13




2.1. Сурет салу

6

2

4




2.2. Қарапайым фотомонтаж

4

1

3




2.3. Суреттерді өңдеу тәсілдері

4

2

2




2.4. Күрделі фотомонтаж

6

2

4




Шығармашылық жұмыс

2


2




Сынақ

1






БАРЛЫҒЫ

34








Курс мазмұны

Кіріспе

Курстың мақсат міндеттерімен таныстыру. Компьютерлік графика туралы түсінік. Компьютерлік графиканың қолданылуы. Екі өлшемді және үш өлшемді графика.

1 бөлім. Компьютерлік графиканың теориялық негіздері

  1. тақырып Компьютерлік графика және олардың түрлері

Оқушы меңгеруі тиіс:

  • Компьютерлік графика;

  • Компьютерлік графика түсіне, қолдану бағытына және құрылу әдісіне байланысты неше топқа жіктелетінін;

  • Екі жіне үш өлшемді графиканың түрлерін;

1.2 тақырып Графикалық ақпараттардың берілу тәсілі

Оқушы меңгеруі тиіс:

• растрлық және векторлық кескіндердің айырмашылығын;

• растр және пиксель дегеніміз не?

• расртлық және векторлық кескіндердің кемшіліктері;

1.3. Графикалық редакторлерге шолу. Adobe Photoshop CS5 бағдарламаның мүмкіндіктері.

Оқушы меңгеруі тиіс:

  • Қазіргі графикалық редакторлер;

  • Adobe Photoshop CS5 бағдарламасы және оның мүмкіндіктерін;

  • Adobe Photoshop CS5 бағдарламасының қолданбалы интерфейсін;

1.4. Adobe Photoshop CS5 бағдарлама интерфейсі. Құрал саймандар палиртрасы.

Оқушы меңгеруі тиіс:

  • Adobe Photoshop CS5 бағдарламасының терезесін;

  • Құрал саймандар палитрасын;

  • Қабаттар терезесі;

  • Қасиеттер терезесі;

1.5. Adobe Photoshop CS5 бағдарламасы көмегімен құжат құру, сақтау және баспаға жіберу.

Оқушы меңгеруі тиіс:

  • Adobe Photoshop CS5 бағдарламасы ортасында құжат құру;

  • Adobe Photoshop CS5 бағдарламасы ортасында аяқталған құжатты сақтау;

  • Кескін форматтары;

  • Сақталған құжатты ашу;

1.6. Сурет өлшемдері

Оқушы меңгеруі тиіс:

  • Әр түрлі өлшемде суреттерді құру және сақтау;

Өзіндік жұмыс.

2 бөлім. Растрлық бейнелерді Adobe Photoshop CS5 бағдарламасы көмегімен өңдеу

2.1. Сурет салу

Оқушы меңгеруі тиіс:

  • Type (Мәтін), Brush (Қылқалам) және Gradient (Градиент)құрал саймандарының мүмкіндіктерін;

• Wind (Жел), Gaussian Blur (Гаусс-Шаю), Texturizer (Текстурлық) және Liquify филлтрлерін қолдануды;

  • Қабат құру, көшірмесін жасау;

  • Brush (Қылқалам) құралы көмегімен сурет салу;

  • Brush (Қылқалам) құралының парамерлері;

  • Қисық сызықтармен жұмыс;

  • Градиентті құю;

2.2. Қарапайым фотомонтаж

Оқушы меңгеруі тиіс:

  • Pen (Перо) құралымен жұмыс;

  • Eraser (Өшіргіш) құралымен жұмыс;

  • Маска қабат құру;

  • Ретуширования құралымен жұмыс;

2.3. Суреттерді өңдеу тәсілдері

Оқушы меңгеруі тиіс:

  • Red Eye (Удаление эффекта красных глаз) құралымен жұмыс;

  • ескі фотоны қалпына келтіру;

  • Glass (Стекло), Paint Daubs (Маслянаяживопись), Angled strokes (Наклонные штрихи), Texturizer (Текстурирование), Emboss (Рельеф), Median (Медиана), Find Edges (Определить края) филтрмен жұмыс;

  • фото суреттердің ашықтық, анықтық қасиеттерін орнтау;

  • ақ-қара түсті фото суретті түрлі түсті суретке айналдыру;

  • түрлі-түсті фото суретті ақ-қара түсті суретке айналдыру;

2.4. Күрделі фотомонтаж

Оқушы меңгеруі тиіс:

  • Info палитрасының мүмкіндіктері;

  • ZigZag (Зигзаг) фильтрінің мүмкіндіктері;

  • (Обрезка), Magic Eraser (Магический ластик) және Rotate Canvas (Поворот холста) құрал саймандары;

Шығармашылық тақырып.

Сынақ.





© 2010-2022