TurboSite программасында сайт және электронды оқулық жасау

TurboSite программасында сайт және электронды оқулық жасау   Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Сайт жасау дегеніміз – сайт дизайнын, сайтты толтыратын функционалды және мазмұнды тұжырымдаманы, сайттың беттерін жасаудан, басқару жүйесін мазмұнға қосудан, сайтты мазмұнмен толтырудан, дайын сайтты серверге орналастырудан тұратын кешенді қызмет көрсету. Бүгі... Бұнда Жоба құру батырмасын басып, өзіміздің шағын сайтымызды құруды бастаймыз. Сонымен қатар мұнда сайтқа немес электронды оқулыққа арналған стандартты шаблондар таңдап алуымызға болады.   TurboSite программасында мәтіндік құжаттар мен суреттерді, видеоларды еш қиындықсыз салуға болатынын айта кетуге болады. Беттерді толтыру барысында әр бетке атау немесе бөлімдерді жазып отыру керек.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру институты




TurboSite программасында сайт және электронды оқулық жасау

Курстың тақырыбы:

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика сабақтарында оқушылардың жобалау-зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру»



Шеберлік сынып тақырыбы:

«TurboSite программасында сайт және электронды оқулық жасау»


Дайындаған: Мамбет Цэрэг

Шортанды ауданы,

Шортанды №3 қазақ орта мектебі





Көкшетау қаласы, 2015

TurboSite программасында сайт және электронды оқулық жасау

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Сайт жасау дегеніміз - сайт дизайнын, сайтты толтыратын функционалды және мазмұнды тұжырымдаманы, сайттың беттерін жасаудан, басқару жүйесін мазмұнға қосудан, сайтты мазмұнмен толтырудан, дайын сайтты серверге орналастырудан тұратын кешенді қызмет көрсету.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады.

Сондай сайт жасау бағдарламаларының бірі - TurboSite программасы. TurboSite программасы - тегін сайт жасауға және сайт және электронды оқулық жасауға арналған шағын программа. Бұл программаның тиімділігі әр мұғалім өздеріне сайт және электронды оқулықтарды жеңіл, оңай және жылдам жасап ала алады.

Сайт немесе электронды оқулық құру үшін төменде көрсетілген әрекеттерді орындау керек:

TurboSite программасында сайт және электронды оқулық жасау

Бұнда Жоба құру батырмасын басып, өзіміздің шағын сайтымызды құруды бастаймыз. Сонымен қатар мұнда сайтқа немес электронды оқулыққа арналған стандартты шаблондар таңдап алуымызға болады.

TurboSite программасында сайт және электронды оқулық жасау

TurboSite программасында мәтіндік құжаттар мен суреттерді, видеоларды еш қиындықсыз салуға болатынын айта кетуге болады. Беттерді толтыру барысында әр бетке атау немесе бөлімдерді жазып отыру керек.

TurboSite программасында сайт және электронды оқулық жасау

Бұл сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу, демек тест құрастыру. Оқушыларға арналған тест құрастыруға болады. Әр оқушыға осы бағдарламада құрылған тестті беріп білім деңгейлерін тексеруге болады.

TurboSite программасында сайт және электронды оқулық жасау

Web-терге материал жариялау үшін сайттың адресін білу керек және оған материал жариялау үшін рұқсат алу керек болады. Оны төменде көрсетілгендегідей орындауға болады.

TurboSite программасында сайт және электронды оқулық жасау

Әр кезеңді орындау кезінде міндетті түрде сақтау батырмасын басып отыру қажет. Сонымен қатар ең алғашқы бетті жасау барысында жеке қапшық ашып алу керек, бұл сайтта немесе электронды оқулықта жасауға барлық құжаттардың барлығы осы қапшықта сақталатын болады.

Сайт жасау - күрделі әрі шығармашылық процесс.

Сөз соңында айта кетейін бұл бағдарламаларды осы саланы терең білгендіктен емес, осы бағдарлама арқылы өз әріптестеріммен тәжірибе алмасып, сол арқылы өзіме де, өзгелерге де пайдасы тиетін құнды бағдарлмамен бөлісу.

© 2010-2022