Урок на тему Дербес компьютердің перифериялық құрылғысы

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Курсы:

Тобы:


«Бекітемін»

Қармақшы аграрлы - техникалық колледж

директорының оқу- ісі жөніндегі


орынбасары:_______________ Г. Аралбаева


25.11.15

І

190


25.11.15

І

192

27.11.15

І

193



















Сабақ жоспары № 6

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютердің перифериялық құрылғысы

Сабақ/ оқу мақсаттары:

Білімділігі: ДК -дің перифериялық құрылғысы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Білім алушылардың өзіндік ізденісін, шығармашылық қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру .

Тәрбиелік : Білім алушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу. Логикалық терең ойлауға, адамгершілікке,шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету

Сабаққа қажетті:

Оқулықтар/әдебиеттер: Информатика 10 сынып, Ақпараттық технологиялар, Интернет желісі

Құрал-жабдықтар: Компьютер

Сабақ/оқу барысы

Сабақ/оқу кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша

білім деңгейлерін

тексеру(үй тапсырмасын

сұрау)

  1. ЖБІҚ нелер жатады?

  2. ЖБІҚ атқаратын қызметтері қандай?

  3. ЖБІҚ атқаратын қызметтерінің қаншалықты маңызы бар?

3

Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру

Жоспары:

  1. ДК перифериялық құрылғысының мағынасы

  2. ДК перифериялық құрылғысының бөлінуі

Компьютерлік жүйенің атқаратын қызметтеріне қарай перифериялық құрылғылар екіге бөлінеді. Бірінші топқа компьютердің жұмысын атқаруына керекті құрылғылар жатады.

Оларды әдетте жүйелік перифериялық құрылғылар деп атайды. Бұл
топқа бейнелік монитор, пернетақта, қатты, дискі, иілгіш дискідегі мәлімет жинақтауыштар және баспа құрылғысы (принтер) жатады.
Екінші топқа магниттік таспадағы мәлімет жинақтауыштар, графикалық ақпаратты енгізу құрылғылары (дигитайзерлер), графикалық ақпаратты шығару құрылғылары (плоттерлер), модем, сканер, аудиотақша, тышқан немесе трекбол, коммуникациялық
адаптерлер және т.с.с. жатады.

Олар мамандандырылған компьютерлерге қосымша мүмкіндіктер береді. Бірақ олардың пайдаланылуы арнайы жұмыс түріне байланысты
анықталады.

Солсебепті бұл топтағы құрылғылар қосымша перифериялық құрылғылар деп аталады. Перифериялық құрылғылар компьютерге жүйелік блоктың сырт жағындағы арнайы тарақша ұялар (разъемдар) арқылы қосылады. Бұл топқа монитор мен пернетақтадан басқа
мына құрылғылар жатады:

  • принтер -мәтіндік және графикалық мәліметті баспаға шығару құрылғысы;

  • тышқан - компьютерге мәлімет енгізуді жеңілдететін құрылғы;

  • джойстик - жеңіл қозғалатын тұтқасы бар ұршық тәріздес қол тетік, негізінен компьютерлік ойындар үшін қолданылады, т.б. құрылғылар.
    Кейбір құрылғылар, мысалы, әртүрлі сканерлер (компьютерге сурет пен мәтін енгізуге арналған құрал),жүйелік блокқа байланысудың аралас тәсілдерін пайдаланады: жүйелік блокқа сканер жұмысын басқаратын электрондық тақша (контроллер)
    орнатылады да, ал құрылғының өзі сол тақшаға шоқсым - кабель арқылы қосылады. Қазіргі кезде жаңадан жасалған, бұрынғыдан гөрі жетілдірілген перифериялық құрылғылар шығарылып жатыр.

4

Өтілген сабақты

(материалды) бекіту

  1. ДК перифериялық құрылғысы нешеге бөлінеді?

  2. Жүйелік перифериялық құрылғыларға қандай құрылғылар жатады?

  3. Қосымша перифериялық құрылғыларға қандай құрылғылар жатады?

5

Үйге тапсырма

§1.3.5 18 бет

6

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау

Оқушылардың сұрақтарына жауап беру

Пән оқытушысы___________С.Кобекова

© 2010-2022