• Преподавателю
  • Информатика
  • «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәнінен «Идентификаторлар. Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау» тақырыбындағы ашық сабақ

«Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәнінен «Идентификаторлар. Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау» тақырыбындағы ашық сабақ

Идентификаторлар. Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау.Идентификаторлар (атау) тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрлерін, функцияларды, программаларды т.б. обьектілерді белгілеу үшін қолданылады. Идентификатор  міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегі. Мысалы: X, X1, SERN45T3, ALFA99, P31PS161 т.с.с. Идентификатор стандартты және бейстандартты (өзіміз берген атау) болып бөлінеді. Стандартты атаулар тілдің объектілерін белгілеу үшін қажет, оларды тек сол өз мағынасында қолдануымыз керек, мысалы: TRUE, FALSE, BOOLEAN, REAL, ABS, SІN т.б. Паскаль тілінде программа жазуда қолданылатын түйінді сөздер де стандартты идентификаторға жатады, мысалы: ARRAY, PROGRAM, BEGІN, VAR, CONST т.с.с. Өзіміздің тұрақтыларға және айнымалыларға беретін атауларымыз стандартты идентификатордан өзгеше болуы керек, мысалы: SURET1, CENA, MATERІAL, т.с.с. Біздің келтіріп отырған мысалдарымызда тек латын алфавитінің үлкен, не кіші әріптерін ғана пайдалануға рұқсат етілген.Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен  белгіленіп, кез келген уақытта белгілі бір мәнге ие болады. Айнымалылардың белгіленулері: D, X1, X2, GAMMA,...     Тұрақтының типі сәйкес мәннің типімен анықталады.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК













«Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәнінен

ашық сабақ материалы










Дайындаған: Ж.Ж.Амежанов



















2013-2014 оқу жылы


Ф.219

№5. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)


Топ

Күні

2 негізгі ИС

21.02









Пән: «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері»

1 бөлім. Object Pascal тілінің негізгі түсініктері

Курс тақырыбы: №1.2. Паскаль тіліне кіріспе

Сабақтың тақырыбы: №5 Идентификаторлар. Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: Дәріс

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

Қойылған есепті шешу тәсілдерін, негізгі мәліметтер типін

Кәсіптік құзыреттілік

Есепті шешу барысында мәліметтерді басқару, бағдарламаны машина тіліне аудару мен өңдеуді жүргізу;

Барлық кезеңде (есептің қойылымынан ЭЕМ-да нәтиже алуға дейін) математикалық тәсілдер мен есептеуіш техниканы қолдану арқылы ғылым, техника, экономика және өндірістің әр түрлі салаларында міндеттерді шешу;

Арнайы

құзыреттілік

Қолданбалы есептерді талдау, жобалау және бағдарламалау;

Бағдарламаны құрудың барлық кезеңдерінде дұрыс технологияны таңдау;


Сабақ мақсаттары


оқытушылық

Pascal бағдарламалау тілінің идентификаторларымен таныстыру, бағдарлама құру барысында айнымалыларды, тұрақтыларды сипаттау және олардың типін анықтауды үйрету

тәрбиелік

Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге, талдау жасай білуге тәрбиелеу

дамытушылық

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін

Бағдарламалау тілдері

К.т.:1.2 Мәліметтер типі. Айнымалылар және тұрақтылар

Қамтамасыз етілетін

Бағдарламалау

К.т.: 1.1 Мәліметтер концепциясы. Реттелген тип.

Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар

Тақта, бор, презентация

Таратпа материалдар

Тапсырма парақтары

Оқытудың техникалық құралдары

Интерактивті тақта, Activote құралы

Әдебиет: негізгі

1. Н.С.Заурбеков «Алгоритмдеу және программалау тілдері»

Қосымша

1. Фаронов В.В., "Turbo Pascal", Москва: Высшая школа, 2007, 340с.

2. Джулиан Бахнелл. Фундаментальные алгоритмы и структуры данных в Delphi. Библиотека программиста. СПБ: Питер, 2006, 557с.


Сабақ мазмұны


Эле-мент №

Сабақ элементі, қарастырылатын сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер

1.

Ұйымдастыру (3 мин)

  1. Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

  3. Оқушылармен амандасу

  4. Оқушыларды түгендеу

  5. Сабақтың мақсатымен таныстыру


2.

Үй тапсырмасын сұрау (15 мин)

  • Команда құру үшін ойын жүргізу

  • Тест

1. Алгоритмнің қанша түрі бар?

A) 6

B) 5

C) 4

D) 3

E) 2

2. Блок-схема арқылы алгоритмдеу кезінде шартты тексеру қандай фигура көмегімен көрсетіледі?

A) Тіктөртбұрыш

B) Ромб

C) Параллелограмм

D) Үшбұрыш

E) Белгіленбейді

3. Алгоритмнің қандай типтері бар?

A) сызықтық, тармақталған, қайталану

B) тармақталу, бастапқы, соңғы

C) қайталану, бірінші дәрежелі

D) Барлық жауап дұрыс

E) Дұрыс жауап жоқ

4. Паскаль программалау тілінің алғашқы нұсқасы қай жылы шықты?

A) 1966

B) 1967

C) 1968

D) 1969

E) 1970

5. «Үлкен не тең» қатынасын дұрыс көрсететін нұсқаны таңдаңыз?

A) <=

B) ==

C) >=

D) <>

E) Дұрыс жауап жоқ

6. Бүтін санды анықтайтын қызметші сөзді табыңыз?

A) Real

B) Goto

C) String

D) Char

E) Integer

7. Логикалық тип Boolean неше мән қабылдай алады?

A) 1

B) 2

C) 3

D) Шексіз

E) Мән қабылдамайды

8. Нақты Real типі жадыда қанша байт орын алады?

A) 2

B) 5

C) 9

D) 6

E) 3

9. Алгоритмді ұсынудың неше әдісі бар? (3)

A) 2

B) 5

C) 9

D) 6

E) 3

10. Паскаль бағдарламалау тілін құрастырған?

A) Паскаль

B) Никлаус Вирт

C) Лебедев

D) Билл Гейтс

E) Фон Нейман

12. Блок-схема арқылы алгоритмдеу кезінде мәліметті енгізу-шығару қандай фигура көмегімен көрсетіледі?

A) Тіктөртбұрыш

B) Ромб

C) Параллелограмм

D) Үшбұрыш

E) Белгіленбейді

13. Бөліндінің бүтін бөлігін табу амалы?

A) integer

B) mod

C) div

D) label

E) end

14. Бөлген кездегі қалдықты табу амалы?

A) integer

B) mod

C) div

D) label

E) end

15. жолдық типті анықтайтын қызметші сөзді табыңыз?

A) Real

B) Goto

C) String

D) Char

E) Integer


3.

Жаңа сабақ (30 мин)

Пән: «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері»

1 бөлім. Object Pascal тілінің негізгі түсініктері

Курс тақырыбы: №1.2. Паскаль тіліне кіріспе

Сабақтың тақырыбы: №5 Идентификаторлар. Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау.


Жоспар:

  1. Идентификаторлар

  2. Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау

  3. Мысалдар

  4. Белгілерді сипаттау



4.

Жаңа сабақты бекіту (25 мин)

  • Тапсырмаларды орындау

  1. «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәнінен «Идентификаторлар. Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау» тақырыбындағы ашық сабақ функциясының мәнін есептеуге қажетті айнымалыларды анықтау

  2. Шеңбер ауданын есептеуге арналған мәліметтерді анықтау

  3. Бірнеше дәптер мен қаламнан тұратын сатылымның шығынын есептеуге арналған айнымалыларды анықтаңыздар

  • Берілген ережелерге сүйене отырып, бағдарлама кодынан қате табу

Бағдарлама 1

const 2a,_b,c,d:integer;

var f,p:integer;
begin
writeln('5 сан енгізіңіз:');
readln(a,_b,c,d,f );
p:=a+b+c+d+f+е;
writeln('p=',p);
readln
end.

Бағдарлама 2

var

n2: integer;

a,c: byte;

b=2;

begin

randomize;

n2 := random(900) + 100;

writeln(n2);

a := n2 div 100;

b := n2 div 10 mod 10;

c := n2 mod 10;

writeln('Сомма: ', a+b+c);

writeln('Көбейтінді: ', a*b*c);

end.


5

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (5 мин)



6

Үйге тапсырма беру (2 мин)

Н.С.Заурбеков «Алгоритмдеу және программалау тілдері» 22-23 бет




Оқытушы __________ Ж.Ж.Амежанов

Дәріс №5

Пән: «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері»

1 бөлім. Object Pascal тілінің негізгі түсініктері

Курс тақырыбы: №1.2. Паскаль тіліне кіріспе

Сабақтың тақырыбы: №5 Идентификаторлар. Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау.

Жоспар:

  1. Идентификаторлар

  2. Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау

  3. Мысалдар

  4. Белгілерді сипаттау

1. Идентификаторлар

Идентификаторлар (атау) тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрлерін, функцияларды, программаларды т.б. обьектілерді белгілеу үшін қолданылады. Идентификатор міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегі. Мысалы: X, X1, SERN45T3, ALFA99, P31PS161 т.с.с.

Идентификатор стандартты және бейстандартты (өзіміз берген атау) болып бөлінеді. Стандартты атаулар тілдің объектілерін белгілеу үшін қажет, оларды тек сол өз мағынасында қолдануымыз керек, мысалы: TRUE, FALSE, BOOLEAN, REAL, ABS, SІN т.б. Паскаль тілінде программа жазуда қолданылатын түйінді сөздер де стандартты идентификаторға жатады, мысалы: ARRAY, PROGRAM, BEGІN, VAR, CONST т.с.с.

Өзіміздің тұрақтыларға және айнымалыларға беретін атауларымыз стандартты идентификатордан өзгеше болуы керек, мысалы: SURET1, CENA, MATERІAL, т.с.с. Біздің келтіріп отырған мысалдарымызда тек латын алфавитінің үлкен, не кіші әріптерін ғана пайдалануға рұқсат етілген.

2. Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау

Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, кез келген уақытта белгілі бір мәнге ие болады. Айнымалылардың белгіленулері: D, X1, X2, GAMMA, SUMMA т.с.с.

Айнымалыларды сипаттау VAR түйінді сөзінен басталады, одан кейін типі көрсетілген айнымалылардың атауы көрсетіледі. Мысалы:

Var

x, y, z: іnteger;

a, b, c: real;

d, r: char;

melі, bol: boolean;

Тұрақтылар (константа) деп программаның орындалу барысында өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтыға өзіміз программаның орындалу барысында сандық мән берсек, ал сипаттау бөлімінде идентификаторды белгілегеннен кейін мәнді беретін боламыз. Тұрақтылар ІNTEGER, REAL, BOOLEAN, CHAR түріндегі мәндерді қабылдай алады.

Символдық тұрақтылар апостроф ішіндегі таңбалармен жазылады, мысалы, 'A'. Логикалық түрдегі тұрақтылар - TRUE (ақиқат) немесе FALSE (жалған) мәндерінің біреуіне ие бола алады. Жалпы түрі:

Const < айнымалының аты > = < мәні>

Мысалы:

Const a=3; pі=3.14; g=9.8;

Тұрақтыларды анықтау CONST түйінді сөзінен кейін оларды сипаттап жазудан басталады. Әрбір тұрақты сипатталған соң (;) белгісі қойылады. Турбо Паскаль тілінде мән ретінде осыған дейін анықталған тұрақтылар мен стандартты функциялардан тұратын өрнектерді де пайдалануға болады. Мысалы:

Const

Xmіn=1; xmax=20; ymax= 5*amax;

A='b';

Тұрақтының типі сәйкес мәннің типімен анықталады.

3. Мысалдар

1. Бүтiнсанды типтi сипаттау

Ол келесiдей жазылады.

Program bolu;

Var a,b,s,s1:integer;

2. Нақты санды типтi сипаттау.

Var e,y,d,f:real; s,s1:integer;

3. Логикалық типтi сипаттау.

Екi сан берiлген. Үлкенiн (max) табу керек. Айнымалылардың типтерiн анықта. Бұл арада Айнымалыларды логикалық типке жатқызбауға да болады. Екi сан әр типтi болса, оларды бiр бiрiмен салыстырған уақытта не бүтiн, не нақты сан алатынымыз белгiлi. Ал бүтiн сандар нақты сандар жинына кiретiнiн ескерсек, нәтиженi нақты деуге болады. Ол былай сипатталады:

Var a:integer; b:real;max:real;

Ал логикалық типке жатқызу үшiн екi санды бiр бiрiмен салыстыру шартын (a>b) көмекшi айнымалыға (мысалы у - ке) меншiктеп аламыз. Яғни y:=a. Ол былай сипатталады:

Var a:integer; b:real;max:real; y:boolean;

4. Символдық типтi айнымалыларды сипаттау.

Символдық типтегi мәндер программада мәтіндер жазуға және сол мәтінде бiрнеше өңдеу операцияларын жүргiзуге мүмкiндiк жасайды. Мысалы: орфаграфиялық қателердi түзетуге, жекелеме әрiптердi немесе сөздi арасына енгiзуге, алып тастауға болады. Сонымен қоса әртүрлi құжаттарды өңдеуге мүмкiндiк бередi.

Символдық немесе литерлiк тұрақты дегенiмiз дәйекшеге алынған тiлдiң кез келген символы.

Мысалы: 'A', '+', '9', ':'.

Ал программада бұлардың типi char сөзiмен сипатталады; Мысалы: Аст және ана сөздерi берiлген. Астана деген қаланың атын экранға шығару керек. Бұл үшiн берiлген 1-шi мәндi бiр айнымалыға, 2- шi мәндi тағы басқа айнымалыға, алынған нәтиженi тағы басқа айнымалыға меншiктеймiз. Сонда былай болу мүмкiн:

var s1,s1,s:char;

begin

s1:='Аст';

s2:='ана';

s:=s1+s2;

write(s)

end

4. Белгілерді сипаттау

Программадағы белгі оның бөліктерінің біртіндеп орындала бермей, белгілі бір жағдайларға байланысты кейде алға, не соңына оралу керек екендігін білдіреді. Сондай-ақ басқа бір жолдарға сілтемесі бар бөліктерде ғана белгілер орналасады. Белгілер LABEL (белгі) сөзінен басталады да, одан кейін программада қолданылатын белгілер жазылады. Белгі ретінде 0-ден 999-ға дейінгі оң бүтін сандар және идентификаторлар пайдаланылады. Жазылу үлгісі:

LABEL N1,N2,N3,?,NK;

Мысалы: LABEL 1, 5, 20, pl, st;

Операторлар бөлігіндегі бір қатарға қойылған белгі келесі сөз тіркестерінен қос нүкте (:) арқылы ажыратылып жазылады.

Оқытушы __________ Ж.Ж.Амежанов


© 2010-2022