Сабақтың тақырыбы: Тұжырымдар. 2-сынып информатика

2-СЫНЫПСабақтың тақырыбы.Тұжырымдар.Сабақтың мақсаты.1.Тұжырымдар туралы мағлұмат беру.2.Ақиқат және жалған түсініктерін қайталау және бекіту.3.Тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.4.Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.Әдістемелік нұсқаулар.Тұжырым –бұл қандай да бір ойды тұжырымдайтын немесе терістейтін хабарлы сөйлем.Тұжырым туралы ұғымдарды қалыптастыру барлық тақырыптарға қойылатын ортақ сұрақтар арқылы жүргізіледі мына берілген сөйлем ақиқат ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-СЫНЫП

Сабақтың тақырыбы.Тұжырымдар.

Сабақтың мақсаты.

1.Тұжырымдар туралы мағлұмат беру.

2.Ақиқат және жалған түсініктерін қайталау және бекіту.

3.Тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

4.Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Әдістемелік нұсқаулар.

Тұжырым -бұл қандай да бір ойды тұжырымдайтын немесе терістейтін хабарлы сөйлем.Тұжырым туралы ұғымдарды қалыптастыру барлық тақырыптарға қойылатын ортақ сұрақтар арқылы жүргізіледі мына берілген сөйлем ақиқат па немесе жалған ба Егер тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін анықтай алмасақ онда мұндай тұжырым анықталмаған немесе жай пікір деп аталады.

Мысалы

Назар аударыңдар Оң жаққа қараңдар

Қыс аяздан да қатты.

Бауыржан кітаптан да жылдам.

Оқушылармен бірлесіп,ақиқат немесе жалған тұжырымдарды анықтайтын ауызша ойындар өткізуге болады.Тұжырым мысалдары

Итпен дос бола алатын мысықтар бар.

Барлық адамдар сурет сала алады.

Кейбір адамдар сурет салғанды жақсы көреді.

Барлық көбелектер сары бола бермейді.

Құстардың бәрі ұша алмайды.

Кейбір дәрілер тәтті болады.

Кез келген адам қолымен жүре алады.

Ай әрқашанда дөңгелек.

Оқушылардың өздеріне жалған немесе ақиқат тұжырымдарды ойлатып,мысал айтқызуға болады.

5-сабаққа арналған тапсырмалар:

1.Тұжырымдардың қайсысы ақиқат,жалған немесе белгісіз екенін анықта.

2. Тұжырымдардың қайсысы ақиқат,жалған немесе белгісіз екенін жаз.

6-сабаққа арналған тапсырмалар.

1.Суреттердің астына олардың ақиқат атауларын жаз.

2.Жалған жазуларды сызып таста.(алма,кірпі).

3.Жазулар ақиқат болатындай етіп,суреттерді толықтырып сал( 3 жалау,4 шар).

4.Жазулар жалған болатындай етіп,суреттерді толықтырып сал.

А) Шарларды түрлі бояулармен боя

Ә )үйдің төбесін үшбұрыш түрінде сал.

5.Аруна саңырауқұлақтарды,ал Әлім алмаларды жинады.Себеттердің төмен жағындағы жазулар жалған болған жағдайда балаларға өз себеттерін табуға көмектес:(Әлімнің себеті-жоғарыда,Арунаның себеті-төменде).



© 2010-2022