Техникалық қауіпсіздігі және оны ұйымдастыру

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Сыныбы: 9 Бекітемін:

Күні: __________ ___________________

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты: компьютермен жұмыс істеубарысында техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды үйрену;

Оқушылар білуі тиіс: техника қауіпсіздігі ережелерін, компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелерін, көз талғанда жасалатын жаттығуларды;

Оқушылар үйренуі тиіс: техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, көз жаттығуларын жасауды.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру сабағы

Сабақтың өту әдісі: көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: презентация, оқулық, қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру: амандасу, оқушыларды түгелдеу.

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

Есептеуiш техника кабинетiнде қымбат күрделi техника орнатылған.

Сондықтан:

  • осы техниканы күтiп ұстандар;

  • кабинетке кiргенде асықпандар бiр-бiрiндi итермендер столдағы заттарға тиiспей өз орныңызға барып отырындар.

  1. Құралдарды, кабельдердi дұрыс пайдаланбаған жағдайда электр тоғы соғуы, от кетуi мүмкiн.

Сондықтан:

  • жалғастыратын кабельдердiң ұштарына тиiспендер;

  • монитордың экранына, арт жағына және клавиатураның астына тиiспендер;

  • мұғалiмнiң рұқсатысыз компьютердi өшiрiп, қоспандар;

  • қолдарың мен киiмдерiң су болса, компьютерде жұмыс iстемеңдер.

Өрт қаупi туғанда компьютердi өшiрiп, мұғалiмге хабарлаңдар.

Жұмысты бастау алдында:

  • жұмыс орнында ешқандай ақау жоқ екендiгiне көз жеткiзiңiздер;

  • монитор экранындағы жазуды дұрыс қабылдайтындай және клавиатураны ыңғайлы пайдалатындай етiп орналастырындар;

  • мұғалiмнiң түсiнiктемелерiн мұқият тындандар, қандай әрекет жасасаңдар да алдымен оның мақсатын түсiнiп алындар;

  • компьютердегi жұмысты мұғалiмнiң арнаулы нұсқауы бойынша ғана бастандар.

  1. Монитордың электрондық-сәулелiк трубкасы электро - магниттiк сәулелер шығарады, ол көзге әсер етедi. Сондықтан монитор мен көздiң ара қанықтығы 60-70 см болуы қажет.

  2. Кабинеттегi жұмыс кезiнде:

  • жоғарыда айтылған ережелердi, мұғалiм нұсқауларын мұқият орындаңдар;

  • құралдардың дұрыс iстеуiн қадағаландар, ерекше дыбыс шыққанда немесе компьютер өзiнен-өзi шуласа, жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарландар;

  • клавиштарды жайлап басыңдар, өрескел жасамандар;

  • компьютер ақауларын еш уақытта өз бетерiңше жөндеуге тырыспаңдар.

  1. Осы ережелердi жақсы бiлiп, мұғалiмнiң нұсқауларын дәл орындасаңдар өздерiңе қажеттi бiлiмдерiң мен дағдыларды меңгересiңдер, мемлекеттiк мүлiктi-есептеуiш техника мен қосымша құралдарды сақтасаңдар ешқандай кездейсоқ оқиғаларға ұшырамайсындар. Сендер жұмыс орнының күтiмi мен ондағы құралдардың сақталуына жауап бересiндер.

Көзге арналған жаттығулар

1.1-4-ке дейiн санап көздi қатты жұмып,сонан кейiн ашып,жайбарақат ұстап,

2.1-6-ға дейiн санай отырып,алысқа қарау қажет.4-5 рет қайталау қажет

3.1-4-ке дейiн санай отырып,екi көздi оларға қатты күш салмай,бiр-бiрiне қаратып,соңында 1-6-ға дейiн санай отырып алысқа қарап,4-5 рет қайталау керек.

4.1-4-ке дейiн санап,басты қозғамай,оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату,соңында 1-6-ға дейiн санап,алысқа қарау.

5.Осы тәрiздi басты қозғамай,солға,жоғары,төмен қарау керек.

6.1-6-ға дейiн санай отырып,көзқарасты диогоналы бойынша:оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып,сонан соң алысқа қарау;сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау.4-5 рет қайталау.Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады.Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңiлдетiп,дененi сергiтедi.

IV Бекіту. Тест жұмысы (жауаптары)

1

2

3

4

5

6

7

8

В

С

А

А

Д

А

Д

В

V Қорытындылау

Сабақты қорытындылай келе оқушылар «Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңыздар?»

Тест жұмысы үшін оқушылар білімі бағаланады

Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау журналы толтырылады.

VI Үй тапсырмасы: Оқулықтан §1 мазмұнын қайталау





© 2010-2022