Әліппеге мың алғыс сыныптан тыс шара

Мақсаты:Оқушылардың  әліппеден алған білімін  ортаға салу.Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және  өзін-өзі  басқаруға үйрету. Жүргізуші мұғалім:Құрметтті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгін  «Әліппеге мың алғыс»қызыға  атты  мерекеге қош келдіңіздер! Осыдан  4 ай бұрын  мектеп  табалдырығын   қысылса  да  қызыға  аттанған отбасының тұңғышы, бірі  жалғызы ,ата-әжелерінің  ең алғаш  оқулығы болған Әліппемен қоштасады.Сонымен «Әліппеге мың алғыс» атты ертегімізді бастайды.    Ерте,ерте...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: сауат ашу

Тақырыбы:Әліппеге мың алғыс

Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған білімін ортаға салу.Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.

Жүргізуші мұғалім:Құрметтті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар!

Бүгін «Әліппеге мың алғыс»қызыға атты мерекеге қош келдіңіздер!

Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттанған отбасының тұңғышы, бірі жалғызы ,ата-әжелерінің ең алғаш оқулығы болған Әліппемен қоштасады.Сонымен «Әліппеге мың алғыс» атты ертегімізді бастайды.

Ерте,ерте,ертеде бір жапанда «Әліпби»атты ел болса керек.Бұл елде Ханзада мен Ханшайым ұзақ жылдары бойы өмір сүріпті.Содан екеуі елдің орта шегіне көшет отырғызыпты.Оны күтіп бағады.Алайда Ханзада мен Ханшайым алма ағашынына көңілі толмайды.Өйткені оның себебі бар екен.Ал ол қандай себеп екен

Ханзада:Е,Ханшайым,біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді.

Ханшайым:Ханзада мұның да бір себебі болар-ау!

Ханзада:Иә,солай шығар!Оның сырын тезірек ашу керек қой.Неліктен бүгін орман іші тым -тырыс

Ханшайым:Бұл сұрақтар сырын сиқыршыдан сұрайық.

Сиқыршы:Бұл орманда неше жылдан бері ешқандай кеш,әріптер өтілмеген.Мұндағы оқушылардың барлығы ұйқыда.

Ханшайым:Онда оларды оятайық

Ханзада:Иә оятайық!

Сиқыршы:қолындағы таяғымен келіп барлығын бір -бірлеп оятады.Сонда ортаға әліппе шығады.

Әліппе: Армысыздар жас достар

Армысыздар ата-ана

Болашаққа жол ашар

Әліппең келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Таудан болсын талабың

Айтары көп әріптің

Қуанышы халықтың

Жақсы білім көрейік

Болсын бізге халайық

Не үйрендік не білдік,

Қане ортаға салайық

Армысыздар Ханзада мен Ханшайым .Мен мұнда 40 әріп пен 2 таңбамды ертіп әкелдім.Ендеше олар сізге көмек беріп қалар.Менің әр әрпімнің сыры бар .Іші толған ғажап.Қазір өздеріде таныстырар.(әр әріп өздерін таныстырған сайын алма ағашы жемісін бере бастайды.)

Мұқағали: «А»

Аялаймын анамды

Ардақтаймын атамды

Асыл тұтып атамды

Аялайын мен батамды.

Ақниет «Ә»

Әтеш тұрып қашанда

Оятар таң атты деп

Әкем жұмыс қамында

Әжей шайын әзірлеп

Аружан «Г»

Гүл өсір сен бағында

Тұрсын көздің жауын ап

Бүршік жарған шағында

Үзе көрме жұлып ап

Ернұр «Ғ»

Ғалым болам десеңіз

Білімді жина басыңнан

Ғарышқа ұшам десеңіз

Шынықтырар дене жасыңнан

Берен «Д»

Дөңгелене доп келеді

Оны теуіп Деу келеді

Мәз болады шаттана

Ойы мүлдем басқада

Жұлдызай: «Ж»

Жаз да келді жадырап

Орман қайта жаңарды

Жидек теріп жапалақ

Көңіл күйі оңалды

Ұлдана:

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып -ақ намысқа

«5» -тік баға аламыз

Біліммен бақыт табамыз

Берен :

Ең алғаш қолға қалам алғанда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сырлы жұмбақ бұл

Ұстазым маған кілтін ашып берді

Жұлдызай

Әр күнім алып келер жаңалықты

Тоқимын оқып білім ,жаңа әріпті

Ұстазым тынымсыз еңбегімен

Жанымды сағат сайын жаңарыпты

Бауыржан:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертекте

Үйреттің оны әліппе

Мұқағали

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырмысып ақ намысқа

Жүргізуші:Ханзада ,Ханшайым енді біздің балалардың өнерін тамалашалаңыз.

Би: «Көбелек»

Орындайтын:Нәбиева .Ж.

Ханшайым:Жарайсыңдар балалар ,мен енді сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ:

Білезікке ұқсап қарайық

Ұқсайды оған қай әріп? (С)

Түйе өркешті көрейік

Ұқсайды оған қай әріп (М)

Қос бүйірін таянып

Ұқсайды оған қай әріп? (Ф)

Ұлпан: «Қ»

Қазан толы қатықты

Қасқыр ала қашыпты

Қоян қарап қалмапты

Қалқып апты қаймақты

Асылай: «М»

Мойнына моншақ іліп ап

Мысық жатыр пырылдап

Маңына маса келіп қап

Мазасын алды ызылдап

Ернур: «Н»

Найзасын алып қолына

Назар батыр қатулы

Намысын бермей жауына

Найзағайдай атылды

Ханшайым :Керемет Әліппе сізге көп рахмет!Бізге үлкен көмек бердіңіздер.Әліпби елінің қонағы болыңыздар.

Жүргізуші:Әліппе біздің балалар сізге рахмет айтқысы келіп тұр

Асылай:Армысыздар жас достар

Армысыздар ата-ана

Болашаққа жол бастар

Болашағы қазақтың

Әліппесін меңгерген

Болашағы қазақтың

Әліппесін меңгерген

Болашағы қазақтың

Басталады біздерден

Ақниет:

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігін

Соғылған соң алтыннан

Әліппе білім бесігі

Аружан:

Қош бол құтты әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің

Әліппем менің,әліппем!

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен

Жүргізуші:Қане оқушылар енді әліппені туралы әнімізді барлығымыз хормен айтамыз.

Шимұрын:Сәлем достар мен Шимұрынмын.Сендердің дайыстарыңды естіп осында келдім.Естуімше сендер әліппемен қоштасып жатырсыздар.Енді сендер ана-тілі деген оқулықты оқитын болатынсыңдар.

Ана -тілің арың бол

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

Жүргізуші:Енді мына отырған ата-аналарға ,ұстаздарға Аружан «Қуыршақ » биін орындап береді.

Жүргізуші:Жас дәурен түлегіміз әнін орындаймыз.

Құрметті ата-аналар!Ұстаздар!Барлығымыз алда келе жатқан жаңа жылыңызбен оқушылар атынан құттықтаймыз!

«Ұстазым»әнін орындалады.

Жүргізуші: Балалардың білім күні құтты болсын

Дені сау ауырмайтын мықты болсын

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын.

Сонымен ертеңгілігіміз аяқталды.Балаларға арналған тілегіңіз мектептің оқу меңгерушісі А.Илеубаева және ата-аналар төрайымы Прназароваға



© 2010-2022