Электронды оқулықты пайдаланудың тиімді әдістері

Абат Қасен Абатұлы информатика пәнінің оқытушысы, Байғанин техникалық колледжі   Электронды оқулықты пайдаланудың тиімді әдістері   ХХІ ғасыр – адамзат дамуының жаңа сатыларының бірі компьютерлік қоғамға өтуімен сипатталады. Қазіргі уақытта адам іс - әрекетіне байланысты барлық салаларда компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын арта түсуде. Қоғам талаптарына байланысты жаңа бағдарламалар тасқыны адамдарға кәсіптік – ақпараттық технология құралдарын жо...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абат Қасен Абатұлы

информатика пәнінің оқытушысы,

Байғанин техникалық колледжі


Электронды оқулықты пайдаланудың тиімді әдістері


ХХІ ғасыр - адамзат дамуының жаңа сатыларының бірі компьютерлік қоғамға өтуімен сипатталады. Қазіргі уақытта адам іс - әрекетіне байланысты барлық салаларда компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын арта түсуде. Қоғам талаптарына байланысты жаңа бағдарламалар тасқыны адамдарға кәсіптік - ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттігін туғызып отыр.

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталынып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.

Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында компьютерлік сауаттану жөнінде баса айтылған. Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:

  • компьютерлік техниканы;

  • интернет;

  • компьютерлік желілерді;

  • электрондық және телекоммуникациялық құралдарды;

  • электрондық оқулықтарды

оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Қазіргі заманда ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру әрбір жеке тұлға үшін оқу, жазу қабілеті сияқты салармен бір қатарға қойылып, қажетті де міндетті шартқа айналып отыр.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Қазіргі кезеңде оқулықтар теориясы, оқытудың жаңа ақпараттық технологиялармен жобалау әдістемесі жасалуда. Оқыту процесін компьютерлендіру үрдісі мұғалімдердің қызығушылығын, шығармашылық ізденісін, электронды оқулықтарды жасау технологияларын және оларды іс - тәжірибеде қолдану әдістерін игеруге ұмтылысын тудыруда. Электронды оқулықтың ерекшелігі модулдікке сәйкестігі, жоғары мобильділігі мен оқуға, үйренуге икемділігі. Бұл оқулық - ғылыми - педагогикалық құрал.

Электронды оқулықтың нәтижелілігі мынада:

  • тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді (интерактивті қасиеті)

  • қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді.

  • гипермәтіндік түсіндіруден жан - жақты ақпараттық материалдар алады.

  • әрбір жеке тұлғаның, білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді.

Электронды оқулықтың жасалуы концептуалдық негіздегі модульдық оқудың педагогикалық теориясы болып есептеледі. Болашақ мұғалімдерге үлкен ақпараттық білім алқабына жол көрсетеді.

Электронды оқулықты мынандай жағдайларда қолдануға болады.

  • теориялық материалдарды өз бетімен оқып - үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;

  • сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауда кқмектеседі;

  • сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деігейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік берілген.

  • емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдаланылады.

Оқушылар өздерінің білім көлемін өз бетімен толықтырып, емтихан материалдарына дайындалады және ақпараттық білім арқылы танымдық ойлауын қабілеттіктерін дамытады. Ал оқушылар үшін ашық әдістемелік жүйе, өзінің іс- тәжірибесінің жинақталуына, шығармашылық ізденістері негізінде оқулықты толықтырып, дамытып, жетілдіруге мүмкіндік береді. Электронды оқулықты қолдану оқушылардың жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға, жан - жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.

Физика пәніне арналған электрондық оқулық орта оқу орындарының оқушыларына (және мұғалімдеріне) физиканың «электр» курсын оқып үйренуге көмек ретінде жасалған. Бұл бағдарлама теориялық материалды ұғыну және физикалық лабораториялада эксперимент жүргізу арқылы практикамызды толықтыруға негізделген оқып үйренудің классикалық схемасын толықтырады.

Программа экран мониторында электр схемаларын жинақтауды көрсететін, олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттейтін, кәдімгі физикалық экспериментте өлшенетіндей электр шамаларын өлшеуге болатын электронды конструктордан тұрады. Бағдарламаның лабораториялық жұмыстары қосымша сипаттамаларымен түсініктерімен берілген. Лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде оқушы схемаларды өз қолымен, табиғи түрде жасап жатқандай әсерде болады.

Қорыта келгенде электронды оқулықтарды оқыту барысында сабаққа деген қызығушылығын күрт артқандығы байқалады. Сондай - ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой - өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін бір - бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте - мөте қажет» - деп Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.


© 2010-2022