Информатика Компьютер. Компьютер-әмбебап есептеуіш машина. Компьютердің құрылымы 5 сынып

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 5 Пәні: Информатика Күні: Сабақтың тақырыбы: Компьютер. Компьютер-әмбебап есептеуіш машина. Компьютердің құрылымы Сабақтың мақсаты: - компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттерін анықтау; - тірек суреттер арқылы компьютердің негізгі құрылғыларын атқаратын қызметіне қарай орналастыру; - құрылғылардың қызметі туралы қосымшы ақпаратты пайдаланып, қорытынды жасау. Күтілетін нәтиже: Оқушылар адам өмірінде компьютерді қолднуға мысал келтіріп, сырьқы түрі бойынша құрылысын анықтауды, оның қызметін, оқылған құрылғыларына сипаттама беруді, пернетақтаны қолдануды біледі. Құрылғыны сыртқы пішініне қарап анықтауды, оның қызметін, ақпарат сыйымдылығын біледі. Қолданылатын модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуда АКТ-ны қолдану», «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту»; «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқытудағы басқару және көшбасшылық». Оқытуда қоданылатын әдіс-тәсілдер: «Жүректен-жүрекке» «Позитивті доп» , «Бейнелі суреттер» ,Миға шабуыл» , «Топтық жұмыс» (сурет қиындылары арқылы топқа бөліну), «БҮБ» Дереккөздер/ресурстар: Интерактивті тақта, стакандар, стикерлер, маркерлер, доп, жұмсақ ойыншық

Сабақ кезеңдері, уақыты

Кезеңнің мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау, оқу үшін бағалау

Ресурстар

Кіріспе

5 минут

"Жүректен - жүрекке" Мақсаты: Тұлғаралық байланысты орнату Топқа бөлу «сурет қиындылары арқылы топқа бөлу» Мақсаты: топта жұмыс жасауға үйрету

Психологиялық ахуал тудыру үшін шаттық шеңберін құрып, оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрау. Бір-бірлеріне бүгінгі сабаққа тілек айтқызу.

Оқушыларды монитор, пернетақта, жүйелік қорап суреттері арқылы 3 топқа төрт оқушыдан бөлу.

Оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілей отырып, тілектер айтады.

Оқушылар монитор, пернетақта, жүйелік қорап суреттерін жинақтап, шағын топқа бөлінеді

Жақсы!


Жарайсыңдар!

Жұмсақ ойыншық


Қатты қартон қағаз

Тұсаукесер

8 минут

«Позитивті доп»

Мақсаты: Өткен білімді еске түсіру.

Оқушыларды шеңберге тұрғызу. . Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушылар кезек-кезек бір-біріне доп лақтыру арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендігін білу.

Оқушылар шеңберге тұрады. Бір-біріне доп лақтыру арқылы сұрақ қояды, қарсылысы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Жақсы!

доп

Негізгі бөлім

15 минут

«Бейнелі суреттер»

Мақсаты: жаңа материалдың таныстырылымын ұсыну, ой қозғау.

Компьютерден бейнежазба көрсетіледі Оқулықтан «Компьютер -әмбебап есептеуіш машина», «компьютерді қолдану», «компьютердің түрлері»- тақырыптарын оқып шығуын тапсыру. Оқушылардың іс-әрекеттерін бақылап, топта жұмыс жасағандарын қадағалау.

Бейнежазбада көрсетілген тақырып бойынша оқушылар жұмыс жасайды

Әр оқушы жеке-жеке оқып шығады, сосын топ болып талқылайды. Сол талқылағандарын постерге түсіреді Барлық оқушылар жұмыс жасайды

АКТ, дәптер, оқулық, дәптер,

смайликтер

3 минут

«1 жұлдыз, 1 тілек»

Мақсаты: Жаңа сабақ бойынша қорытынды, рефлексия жасау

Топтар бірін-бірі бағалау үшін, стикерлер беріледі

3 топ бір-бірінің жұмысын «1 жұлдыз, 1 тілек» арқылы бағалайды

Жарайсыңдар!

стикерлер

6 минут

Деңгейлік тапсырмалар

Таратпа материалдар тарату

Тапсырма орындау

Тапсырма жазылған парақшалар

Қорытынды

8 минут

«Бағалау парағы» Мақсаты: топтарды бағалау

Оқушылардың жұмысына баға береді

Әр топ басқа топтарды бағалау арқылы пікірлерін білдіреді

"

Бағалау парағының кестесі

Үй тапсырмасы

§5-6 31-42 беттер оқу

§5-6 31-42 беттерді оқып келеді

оқулық

"БҮБ" Мақсаты: сабақтан алған әсерлерін анықтау

Сабақтан алған әсерлерін жазу үшін стикер тарату.

Стикерлер арқылы сабақтан алған әсерін жазады.

Тамаша

Кері байланыс

Стикерлер


© 2010-2022