Урок на тему MS Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Курсы:

Тобы:


«Бекітемін»

Қармақшы аграрлы - техникалық колледж

директорының оқу- ісі жөніндегі


орынбасары:_______________ Г. Аралбаева


14.01.16

І

191


15.01.16

І

194






Сабақ жоспары № 25

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: MS Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік.

Сабақ/ оқу мақсаттары:

Білімділік: MS Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік беру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Электрондық кестемен жұмыс жасау жолдарын үйрету, негізгі ұғымдарымен таныстыру, бағдарлама мүмкіндіктерін көрсету.

Дамытушылық: Білім алушылардың өзіндік ізденісін, шығармашылық қабілетін арттыру, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан - жақты дамыту, толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, ой - өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Білім алушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу. Логикалық терең ойлауға, шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету. Пәнге деген қызығушылықты арттыру, сыйласу, қарым - қатынас жасай білу, ұжымдық сезімді ояту, рухани тәрбие негізін қалыптастыру.

Сабаққа қажетті:

Оқулықтар/әдебиеттер: Информатика, Ақпараттық технологиялар, Интернет желісі, Компьютерлік сауаттылық

Құрал-жабдықтар: Компьютер

Сабақ/оқу барысы

Сабақ/оқу кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша

білім деңгейлерін

тексеру(үй тапсырмасын

сұрау)

Сұрақтар:

  1. Формулалар не үшін қажет?

  2. Оны қандай жағдайларда пайдаланамыз?

  3. Оны қалай іске қосамыз?

  4. Диаграмма дегеніміз не?

  5. Диаграмманы қалай баптаймыз?

  6. Диаграммалар не үшін қолданылады?

  7. Құжатқа диаграмманы қалай енгізуге болады?

  8. Диаграмма түрін қалай өзгертуге болады?

3

Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру

Жоспары:

  1. Microsoft Excel электрондық кестесіне жалпы түсінік.

  2. Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері.

  3. Microsoft Excel бағдарламасының терезе құрылымы.

Microsoft фирмасының Excel программасы-кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалардың бірі. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жүмыс істеуді, сандық эксперимент жасауды және т.б. қамтамасыз ете алады.

Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен әр түрлі операциялар орындауға мүмкіндік береді.

  1. Кесте құруға және ат қойып, дискіде сақтауды;

  2. Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауды;

  3. Кестеге жол, баған немесе ұяшық қосуды;

  4. Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарыд алып тастауды;

  5. Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіруді немесе орын ауыстыруды;

  6. Ұяшықтар ішіндегісін қсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауды;

  7. Пайдаланушының өзі құрастырған формулалар бойынша немесе кестелік процессорда бар дайын формулаларды қолданып есептеу жүргізу;

  8. Кесте деретері бойынша диаграмма құруға және оларды кестеге кірістіруді;

  9. Кестеге графикалық обьектілерді, яғни стандартты суреттер қорынан суреттер кірістіруді;

  10. Кестелерді баспаға, яғни принтерге шығаруды.

Жұмыс кестесі жол мен баған түрінде ұйымдастырылған. Әрбір бет 256 бағаннан және 65 536 жолдан тұрады. Жол мен бағанның қиылысқан жерінде координаталармен белгіленетін ұяшықтар болады.

Жұмыс беттері жұмыс кітабына біріктірілген. Жұмыс кітабы үнсіз келісім бойынша үш жұмыс бетінен тұратын дискіге бір файл сияқты сақталады. Жұмыс бетінің санын бір кітапта 255 дейін көбейтуге болады.

4

Өтілген сабақты

(материалды) бекіту

  1. Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен қалай операция орындауға мүмкіндік береді?

  2. Жұмыс кестесінің негізгі элементтерін атаңдар?

  3. Жұмыс кітабы және жұмыс беті деген не?

  4. Бағанның ені мен жолдың биіктігін қалай өзгертуге болады?

5

Үйге тапсырма

Информатика § 11.1 тақырып. 165 бет

6

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау

Оқушылардың сұрақтарына жауап беру

Пән оқытушысы ___________ С.Кобекова


© 2010-2022