Урок на тему Word 2000 сызғыштары

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

Қармақшы аграрлы - техникалық колледж

директорының оқу- ісі жөніндегі


орынбасары:_______________ Г. Аралбаева

Күні: 23.11.2015ж

Тобы: № 191

Пәні: Өндірісті автоматтандыру және ақпараттандыру негіздері

Сабақтың тақырыбы: Word 2000 сызғыштары

Сабақ/ оқу мақсаттары:

Білімділігі: Word 2000 сызғыштары туралы түсінік беру

Дамытушылық: Білім алушылардың өзіндік ізденісін, шығармашылық қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру .

Тәрбиелік: Білім алушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Логикалық терең ойлауға, адамгершілікке,шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, практикалық жұмыс.

Сабаққа қажетті:

Оқулықтар/әдебиеттер: Информатика 10 сынып, Ақпараттық технологиялар, Интернет желісі

Құрал-жабдықтар: Компьютер, практикалық жұмыс қағазы

Сабақ/оқу барысы


Сабақ/оқукезеңі

Мазмұны

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару.

Өткен сабақтар бойынша

білім деңгейлерін

тексеру

(үй тапсырмасын сұрау)


Үй тапсырмасы бойынша қайталау.

  1. Инструменттер панелі дегеніміз не?

  2. Олар қандай қызмет атқарады?

  3. Стандартты инструменттер мен пішімдеу инструменттер тақтасының тиімділіктері туралы

Жаңа сабақты (материалды)

түсіндіру

Жоспары:


  1. Сызғышты жасыру және бейнелеу

  2. Сызғышқа кестелеу маркерлерін орнату

  3. Сызғыштағы маркерлік шегіністер


  1. Сызғышта құжатты табуляциялау өрістері мен маркер белгіленеді. Егер құжат бірнеше бағаналардан тұратын болса, сызғышта бағаналардың орналасуы мен бағаналар арасындағы қашықтық көрсетіледі. Сызғышты экраннан жасыру, яғни көрінбейтіндей ету үшін Вид=> Линейка командасын орындаймыз. Сонда оны жасыруға да керісінше бейнелеуге де болады. Ал егер разметка страницы бейнелеу режимін қоссақ, экранның сол жақ бөлігінде тік көрсетеді.

  2. Word редакторында табуляция маркерлерінің бес түрі бар, оларды сызғышқа орнатуға болады.

  • По левому краю. Мәтінді беттің оң жаө өрісі бағытына жылжытады.

  • По центру. Мәтінді табуляция маркеріне қатысты орталықтандырады.

  • По правому краю. Мәтінді беттің сол жақ өрісіне қарай жылжытады.

  • По разделителю. Ондық нүктелі сандарды бағанға ондық нүктеге қатысты туралайды.

  • С чертой. Құжатта тік сызық салады.

  1. Абзацтың шегінісін реттеу үшін выбор табуляции батырмасында шегіністің әр түрлі екі маркері бейнеленеді.

  • Бірінші жолдың шегінісі. Абзацтың бірінші жолының сол жақ өрісін береді.

  • Шығыңқы жол. Абзацтың барлық жолдары үшін сол жақ өріс беріледі. Бұдан басқа, сызғышта сол жақ және оң жақтан шегіністердің мөлшерін анықтауға мүмкіндік беретін екі маркер бар.

  • Отступ слева (выбор табуляции батырмасында бейнеленбейді). Абзацтың барлық жолдары үшін сол жақ өрісті береді.

  • Отступ справа. (выбор табуляции батырмасында бейнеленбейді). Абзацтың барлық жолдары үшін оң жақ өрісті береді.

Сызғышта қазіргі кезде шегініс маркерінің тек бір ғана түрі: бірінші жолдың шегінісі, шығыңқы жол, сол жаққа шегініс немесе оң жаққа шегініс бейнелене алады.

Сызғыштағы шегіністер маркерлерін жылжытудығ орнына выбор табуляции батырмасын бірінші жолдың шегінісі немесе шығыңқы жол маркері бейнеленгенге дейін шертеміз, содан соң сызғыштың маркер орнатыллатын жеріне шертеміз.

Өтілген сабақты

(материалды)

бекіту

Пысықтау сұрақтары:

  1. Word 2000 мен жұмыс істеуді қалай әздеуге болады?

  2. Құжаттарды қараудың қандай режимдері бар?

  3. Word 2000 сыззғышы қандай қызмет атқарады?

  4. Құжатты қалай тегістеуге болады?

  5. Айналдыру жолақтарын қалай жасыруға болады?

Үйге тапсырма

Информатика 10 сынып

§4.2 98 бет

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау

Оқушылар сұрақтарына жауап беру

бағалау

Пән оқытушысы___________С.Кобекова


© 2010-2022