Сабақ жоспары PAINT графикалық редакторы 5 сынып

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: ____________

Сыныбы:_________

Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Paint графикалық редакторымен жұмыс жасауды үйрету.

1. Білімділік: Оқушылар Paint графикалық редакторының маңыздылығын меңгеру.

2. Дамытушылық: Оқушыларға әрекеттерді орындау кезеңдерімен таныстыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және еңбекке баулу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Үй жұмысын сұрау

  1. Қажетті файлды бумадан қалай табуға болады?

  2. Дискідегі файлды қалай табуға болады?

  3. Ақпаратты компьютерге қалай сақтаймыз?

  4. Сақтау және Қалай сақтау бұйрықтарының айырмашылығы неде?

  5. Ақпаратты дискіден қалай оқимыз?

Жаңа сабақ

Адамзаттың бәрі суретті жақсы сала алмайды. Сондықтан адамзат ұзақ жылдар графикалық бейнелерді құруды механикаландыруға тырысты және бұған есептеу техникасының арқасында қол жеткізді.

Компьютерлік графикада екі бағыт бар: бейнелерді құру және бар бейнелерді өңдеу. Графикалық редакторлардың түрі көп. Олардың бірі сурет салу үшін, екіншілері - 3 D - графика құру үшін қолданылса, үшіншілері күрделі инженерлік сызбалар жасауға мүмкіндік береді.

Paint графикалық редакторы сурет салуға және дайын суреттерді өзгертуге мүмкіндік береді. Paint графикалық редакторында жұмыс істей отырып, өздеріңнің мәтіндерініңнің көркемдеулерін, жұмыс үстелі үшін фондық бейнелер құруды, қарапайым фотомонтаж жасауды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселерді үйренесіңдер.

Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындар:

  • Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет және т.б.);

  • Графикамен жұмыс істеуге арналған программалар (графикалық редакторлар).

Графикалық редактор - графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.

Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) - бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

Барлық растрлық бейнелер нүктелерден - пиксельдерден тұрады.

Пиксель (ағылшынша picture element - суреттің элементі) - растрлық бейненің ең кішкентай элементі.

Түсті таңдау үшін Түстер тобындағы Палитра қолданылады. Оның сол жақ бөлігінде пәрмендер көрсетіледі. Алдыңғы саптағы түс Цвет 1 Қылқаламның түсін, сызықтық, фигураның түсін анықтайды. Фонның түсін Цвет 2 фигуралардың ішін толтыру үшін және өшіргіш үшін қолданылады. Палитрада 20 түс анықталып, бекітілген.

Бекіту: Тапсырма Растрлық бейнелерді Paint Стандарттық программасында қалай өңдеуге болады. Растрлық бейнелердің ең кіші элементі.

Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау: Paint графикалық редакторымен жұмыс жасауды үйрету.

Үй тапсырмасын беру: Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.

Бағалау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.




© 2010-2022