Қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу. Программалық қамтамсыз етуді орнату және жою

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу. Программалық қамтамсыз етуді орнату және жою тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты -жөні

Құдайбергенова Ш

10 сынып


Сабақ атауы

Қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу. Программалық қамтамасыз етуді орнату және жою

Сілтеме

Блум таксономиясы, Информатика 10 сынып,Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, С.Сакеева «Жазушы» 2007. Қосымша әдебиеттер.

Жалпы мақсаты

  • Бағдарлама идеяларын орындату мақсатында оқушыларға программамен қамтамасыз ету туралы түсініктерін, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсете отырып, операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі ұғым қалыптастыру.

  • Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.

  • Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Оқушылар үшін оқу нәижелері

  • Программамен қамтамасыз ету ұғымын, оның түрлерге бөлінетінін, қызметін, құрамын, "операциялық жүйе", "драйвер" және "утилита" түсініктерін түсінеді.

  • Қолданбалы программалар қызметін және программалау жүйелерін біледі.

  • Білімін жүйелі пайдаланып үйренеді.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

*Оқуға бағыт-бағдар беру;

*Топқа жұмыс істеу арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

*Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

*Программалық қамтамасыз етуді үйрете отырып,білім негізін қалау

Негізгі міндеттер

  • Есте сақтау және оймен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

  • Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу

  • Сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру

  • Өзін-өзі реттеуді үйрету

  • Постермен жұмыс ұйымдастыру

  • Өз бетімен ізденуге, топпен жұмыс жасауға үйрету

  • Тақырып бойынша ой-қорытындылар жасау

Сабақтың түрі, әдіс-тәсілдері

Жұпта жұмыс жасау, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, жұмыс, диалогтік оқыту, талдау, ой қорыту, деңгейлеп саралап оқыту

Сабақ көрнекілігі

фотоаппарат, үлестірме парақтар, топтық тапсырмалар жазылған постерлер,бағалау парағы

Күтілетін нәтиже

Оқушылар программалық қамтамасыз етуді орнатып және жоя отырып, тақырып бойынша ой қорыта алады. Өздерін және сыныптастарын бағалай алады.

Ұйымдастыру кезеңі 1 мин


Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңберін құру

«Сәлемдесу» тренингі

Сәлем достым! (амандасады)

Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

Сен келдің (қолдарын жаяды)

Жақсы болды (құшақтайды)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларды тақтада ілінген алма ағашындағы алма стикері арқылы І, ІІ топқа топтастыру

2 мин

Оқушылар Ітопқа және ІІ топқа топтасады.

Әр топ өздерінің топ жетекшілерін сайлап алады. Топ жетекшілеріне бағалау парақшалары таратылады.

Бағалау критерийі:

  • Үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы тексеру

  • «Миға шабуыл» сәйкесін тап тестін белгілеу

  • «Ой қозғау» тапсырмасын белсенді орындап, ұтымды ой айта біліп, тапсырманы аша білуі

  • Берілген деңгейлік тапсырманы түсініп, қатесіз орындай білуі

  • Тақырыпты қорыту, бағалау.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу.

Үй тапсырмасын пысықтау 4 мин

Қауіпсіздік ережелерін қайталау сұрақтары.

1. Компьютермен жұмыс істеу барысында қандай талаптар қойылады?

2. Электр тоғымен зақымданғанда қандай алғашқы көмек көрсету тәсілдері бар?

3. Операциялық жүйе деген - ...

4. Ақпаратты жүйелер -....

Оқушылар үйге берілген тапсырмаларды әр топқа берілген сұраққа жауап беру арқылы талдайды.

Топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды.

3. - Операциялық жүйе - ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа.

4. - ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған және онымен түрлі әрекеттер жасауды және оны енгізуді қамтамасыз етуші, сонымен бірге түрлі белгілері бойынша іздеу салушы, есеп жасаушы жүйелер.

Түсіну.

Сабақтың тақырыбымен таныстыру және мақсатын анықтау 2 мин

Оқулықпен жұмыс "Түртіп алу" стратегиясын пайдалану.

Берілген сұрақтарға жауап береді және сабақтың мақсатын анықтауға тырысады.

Әр топ оқулықтан оқығандарын ортаға салып түсіндіреді.

Қолдану.

І және ІІ топтарға тапсырмалар таратылып беріледі. 12 мин.

Программаны орнату

Қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу. Программалық қамтамсыз етуді орнату және жою

Орнатылған программаны жою

Компьютер ойынын орнатып көру Оқушылар Windows ОЖ алдымен орнатады, одан кейін оны компьютерден жою тапсырмасын орындайды

Топтарға дискілер беріледі. Топ мүшелері берілген дискілермен жұмысты бастайды және дәптерлеріне жазып отырады.

Әр топта отырған оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Тақтада көрсетілген дұрыс жауаппен салыстыра отырып тексереді.

  1. Мой компьютер капшығын ашады.

  2. Ашылған файлданSetup немесе Install-ды таңдау.

  3. Қондырғыны іске қосу үшін табылған файлды екі рет шерту.

Орнату кезінде онда мынадай батырмалардың үйлесімінің бірі бар:

Yes, No, Agree, No; Да; Нет; Согласен; Не согласен.

Бұл жағдайда әрқашан мақұлдап, Yes, Agree, Да; Согласен таңдаймыз.

OK , Next немесе Далее

Талдау.

Әр топқа оқулықтан тапсырма беремін.7 мин.

Жүйенің парамтерлерін баптауға қандай параметрлер жатады , және оларды қандай жолдармен баптауға болады. Сәйкестендіру тестін пайдалана отырып, жіктеу

Оқушылар берілген тесті сәйкестендіріп көрсетеді

Сергіту сәті

Оқушыларға музыкалық сергіту қойылады. 2 мин

Топтағы оқушылар орындарынан тұрып, бой сергіту жаттығуларын жасайды.

Жинақтау.

«Ой қозғау» тапсырмалары бойынша постер қорғау. 10 мин. Топтық жұмыс.Модель жасау. "Программалық жабдықтама" және "Қолданбалы программалық жабдықтама" постерін жасап, қорғайды, дәлелдейді

І және ІІ топтарға тапсырмалар беріледі.


Топтар модель жасап, қорғап, дәлелдейді.

(топ-топты бағдаршам арқылы бағалайды)

Бағалау.

3мин

Өздік бағалау :критериялды бағалау

Топтағы оқушыларды топ жетекшілері келесі критерийлер бойынша бағалайды:

1.Оқып шықтым ,басқалардың айтуы бар ,бәрін түсіндім ;

2. Шамалы түсінік қалыптасты ;

3.Компьютерде дискіні пайдаланып,бағдарлама орнатамын және жоямын .

4. Қорытынды шығара аламын ;

5. Ертеңгі күні қолданысынта қолдана аламын


Үйге тапсырма 1 мин

Үйге тапсырма беру. Күнделіктеріне баға қою.

Оқушылар күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады, сабақта алған бағаларын қойғызады.


Рефлексия 1 мин


Оқушыларға стикерлер таратылады.

Оқушылармен кері байланыс жүргізіледі.



© 2010-2022