Ақпарат алмасу тренингі Ал сенің табысты әрі танымал болғың келе ме?

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ал сенің табысты, әрі танымал болғың келеді ме?

Теледидар,ғаламтор беттерінен өз күшімен табысқа қол жеткізген табысты,танымал адамды көрген кезде қызыға да, қызғана да қарайтынымыз анық. Бірақ осылай табысқа жетуге қадам басып,ұмтылғанымыз жоқ шығар. Тек қызығып,менде осындай болсам екен деп тек армандап қана қоямыз. Бірақ байлық,атақ аспаннан түспейтіні ащы да болса шындық. Наурыз айының үшінші жұлдызында информатика сабағынан Карибасова Гүлжанар Нурғазықызы ақпарат алмасу трейнингін өткізгеннен кейін ең алдымен өзім жайлы,одан кейін қасымда отырған сыныптастарым жайлы ойлай бастадым. Бұл мәселе мені ғана емес ,сонымен қатар оларды да ойландырды деп ойлаймын. Сабақ үстінде біз үш топқа бөлініп Стив Джобс, Марк Цукерберг пен Билл Гейтс жайлы талқыладық. Олардың қандай ортадан шыққанын,қандай адам болғанын және табысқа қалай қол жеткізгендігі жайлы естігенде сыныптастарымның барлығы таң қалды деп айтуға болады. Бұл кісілер осы уақыттағы танымалдығына өздерінің қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізді. Ұстазымыз, бізге әр сабақ сайын өмірде бәріне қол жеткізуге болатынын тек қана еңбектену керек екендігін айтып, неге сендерде осындай танымал болмасқа деп, бізге ой салып отырады. Мен мұғалімдерге дәл біздің информатика пәнінің мұғалімі Гүлжанар апай сияқты осындай кісілер жайлы 9-11 сынып аралығындағы оқушыларға аптасына тым құрығанда бір рет болсын осындай трейнингтер өткізуін өтінер едім. Себебі,мұндай трейнингтер баланың санасына мен болашақта осы кісілер сияқты болсам ғой деген ой салады.Баланың алдағы өмірінің қандай бағытқа өзгеретіні де ұстаздың балаға деген мейірімі мен айтқан ақылына байланысты деп ойлаймын.Ұстаз бала санасына осындай мол мағлұмат берсе,ертеңгі күні әр бала өз бойынан ұлы тұлғаны көре бастар еді. Өз-өзіне сенімді және де өзгелердің өзіне сенетінін білетін бала міндетті түрде шыңға ұмтылады. Мен бұл тақырыпты информатика сабағында өткен тақырыбымызға орай таңдап алдым. Расында да, қарап отырсаңыз бұл нағыз жастарға арналған өзекті тақырып. Қазір 11 сыныпты тәмамдайын деп жатқан түлектер,одан кейінгі 10-ыншы сыныптың оқушыларына кішкене болса да сенімділік қосу үшін осы тақырыпты қозғадым. Кейбiр адамның бойындағы таланты жүре-жүре білінеді,сол себепті әрбір адамның бұл өмірде белгілі орны бар. Тек жаман жолға түспей, биік шыңға ұмтылу қажет. Неге қазірден бастап өз болашағымызды ойлап,жоспарлай бастамасқа? Балалар,құрдастарым менің ойымша барлықтарың дарындысыңдар. Тек осы дарындылықтарынды далаға шашпай, белгілі бір іске жұмсаңдар. Айта кеткенімдей, ұлы адамдардың бәрі мектепте аса дарындылығымен көзге түсе қоймаған,кейбіреуі мектепті де бітірмеген. Бірақ, олар әлемге өздерінің дарындылығын көрсете білді. Сәтсіздікке ұшыраса,қайтадан бастады. Болашақ ұлы тұлға, мен сенің белгілі бір салада өзіңді тауып, үлкен белестерге жететініңе сенімдімін.Біздің ұстазымызда біздің танымал болғанымыз қалайды! Ендеше сәттілік!!!

К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің

10"А" сынып оқушысы Махмутова Айым



© 2010-2022